Гипофиз аурулары. Гипофиз – эндокринді жүйенің ең негізгі безі. Гипофиз гормондары ағзадағы барлық эндокринді мүшелермен ағзаның көптеген функцияларына әсер етеді. Гипофиз гормондарының артық немесе аз бөлінуі әр түрлі ауруларға соқтырады.
Гипофиз гормондарының аз бөлінуінен дамиды:
Гипофизарлы нанизм немесе ергежейлік
Жыныстық дамудың кешігуі немесе мүлдем дамымауы.
Екіншілік гипотиреоз
Гипопитуитаризм – барлық гормондардың жетіспеуі
Гипофиз гормондарының артық бөлінуінен дамиды:
Гиперпролактинемия – әйелдерде етеккір циклы және лактациясы бұзылады, ерлерде жыныстық сезімнің төмендеуі, импотенция, кейде – лактация.
Гигантизм
Иценко-Кушинга ауруы, қантты диабет, остеопороз, семіздік, қан қысымның жоғарлауы.
Диагностика.Гормон мөлшерлерін анықтау.
Емі: Жетіспейтін гормондардың орнын толтыру немесе мөлшерін азайтуға гипофизға операция жүргізу. Симптоматикалық ем.
Бүйрек үсті безінің аурулары.Бүйрек үсті бездері – бүйрек үстінде орналасқан жүп мүшелер.Ағзадағы барлық процесстерді реттейтін гормондарды бөледі. Олардың бөлінуінің өзгеруінен әртүрлі симптомдар дамиды:
Қан қысымының көтерілуі
Бет қызарып ай тәріздес болып, салмақтың көбеюі.
Бұлшық еттер атрофиясы
Тері астының жыртылуы ( стриялар)
Диабет
Остеопороз
Ағзаның инфекцияларға қарсылығының төмендеуі.
Диагностика. Гормон мөлшерлерін анықтау.
Емі: Жетіспейтін гормондардың орнын толтыру немесе мөлшерін азайтуға адреналэктомия операциясы( бүйрекүсті безін алып тастау). Симптоматикалық ем.