Гомбо Серікгүл
Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі
Тақырыбы: «ОРМАНҒА САЯХАТ»
Ересек тобы
Мақсаты: Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
Тапсырмаларды орындату арқылы балалардың логикалық ойларын, дұрыс сөйлей білуге, қайшыны дұрыс ұстауға, әдемілеп кесе білуге, бояуға дағдыландыру.
Табиғатты аялауға, жанашырлыққа, қомқорлыққа, әсемдікті көре білу, сезінуге, тәрбиелеу.
Көрнекі -құралдар: Табиғат заттары. Қарақұмық, жапырақтар, құстардың дауысы үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: Дәстүрден тыс әдіс-тәсіл. Бақылау. Сұрақ-жауап,әңгіме.
Сөздік жұмыс: Құс ұясы.
Сабақты барысы: Музыкалық табиғат әуені орындалады балалар шеңберге тұрады.
Шаттық шеңбер:
Сарғайды тоғай,
Сап- сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетеді қайтып.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, Нұрлы күн!
Сәлеметсіддер ме, қонақтар!
Тәрбиеші:-Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы қандай мезгілді көріп тұрсыңдар? (Күз мезгілі)
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып түседі).
-Күз мезгілінде неше ай бар?
(3ай бар. Қыркүйек,қазан, қараша)
Тәрбиеші:-Өте жақсы жарайсыңдар!
-Бүгін біз Күзгі баққа саяхат жасаймыз.Саяхатқа барғыларың келе ме ?
Саяхатта бізді көптеген қызықты тапсырмалар, ойындар күтіп тұр соларды орындау арқылы саяхат жасаймыз.
Саяхатқа немен барамыз ?
-Көліктермен, машина, абтобус, ұшақ, т.б
Дұрыс айтасыңдар !
Ол үшін біз бәріміз бірге геометриялық пішіндерден ұшақ құрастырайық. Ұшағымызды енді іске қосайық, музыка әуені ойналады.
-Балалар мынау ағашқа мұқият қарандаршы, не көріп тұрсыңдар ?
Мына жерде құстың ұясы бар екен. Ішінде жұмырқасы да бар.
-Құстың ұясын бұзуға болама ? (Болмайды құстар өкпелеп кетеді)
-Кім құс ұясы туралы тақпақ біледі?
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды,
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз,
жем-су беріп қыс бойы.
Балапанын бағамыз.
Балапан ұяда не көрсе
Ұшқанда соны алады.
Бұл жай жұмыртқа емес бұның ішінде бірдеңе бар-ау көрейікші ?
-Жұмыртқаларда тапсырмалар бар екен орындаймз ба?
1 ағаш-Жұмыртқа
А)Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
-Күзгі еңбектерді білесіңдерме? (Егін орады,жемістер мен
көкөністерді жинайды, аула тазалайды.)
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Ойынның шарты:күн жадырап тұрғанда айналада қыдырамыз,
күн күркіреп жаңбыр жауғанда менің қолымдағы қол шатырға келіп тығыламыз. (2 рет қайталау)
Ә) Логикалық ойын:
Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқтыда үзіліп,
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның үзіліп,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әліде тізіліп,
Жапырақтың нешеуі? (Төрт)
2ағаш.
Тәрбиеші:- Балалар келесі ағашымызға барайық. бізді тағы қандай қызықты тапсырмалар күтіп тұр екен.
Мынау сиқырлы ағаш, мұнда ештеңе көрінбейді.
Дидактикалық ойын: «Даусымнан ажырат»
Ағашқа құстардың суреттерін жапсыру.
Ғажайып сәт: Музыкалық әуен орындалады.
(Осы кезде Аю қорбаңдап ағаш арасынан келеді)
Аю:- Сәлеметсіңдер ме? Балалар мен орман ішінен шырша ағашын таппай жүрмін, шырша ағашының қасына қысқа дайындаған азығым бар еді. Сендер маған шырша ағашын табуға көмектесіңдерші, шырша ағашына баратын жолды білесіңдер ме?
-Балалар Шырша ағашына баратын жолды баспа жол арқылы көрсетіп алып барады. 0-10ға дейін тура санап барып , келерде керісінше санайды.
Аю:- Рахмет балалар !!!
Тәрбиеші: -Аю біз күзгі баққа саяхат жасап жүрміз, қаласаңыз бізбен бірге жүріңіз.
Аю:-Жарайды.
Менде бір қызықты ойын бар ойнағыларың келеме?
Ойын: «Ормандағы аю»
Қорбан, қорбан, қорбаңбай (бір бала аюдың қимылын көрсетеді)
Келе жатқан аю ғой
Жақындап оған бармайық (балалар, баяу аюға жақындайды, аюды көріп орындарына оралады)
Қатар, қатар тұрайық
Алыстан байқап қарайық
Аю, аю тұршы (орындарынан тұру)
Бетіңді жушы (екі қолымен бет жуу)
Айнаға қарашы (айнаға қарау қимылы)
Шашыңды тарашы (шаш тарау қимылын жасау)
Аю сізге рахмет! Ойын ойнап көңіліміз көтеріліп қалды.
-Балалар аю орманына барып қысқы ұйқыға кетейін деп жатыр, аюлар нені жақсы көреді ?
-Таңқурай, балық, араның балы.
Ендеше қонақ аюымызға сыйлық жасайық.
(Таңқурайды Бояп, қиып себетке салу.Аюға беру)
Аю: Балалар сендерге көп рахмет! Маған көмектестіңдер, әрі сендермен бірге саяхат жасадым. Қыс жақындап қалды. Мен өз үйіме барып ұйқтауға дайындалайын., силықтарыңа көп рахмет!!!
Сау болыңдар!!! Музыка әуенімен шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Ұшағымызға отырып балабақшамызға қайтайық қолымызды тіземізге қойып ұшақпен ұшайық. Келесі жолы тағы келерміз.
Ұшақтың даусы ойналады:
Қортынды:-Балалар сендерге саяхат ұнадыма ?
-Саяхатқа шығу үшін не жасадық ?
-Саяхатта жүріп нені кездестірдік ?
- Бізге қандай жануар қонаққа келді ?
-Сендер оған қалай көмектестіңдер?
-Қандай ағаштарды кездестірдік?
Достарыңызбен бөлісу: |