Государственный символ республики казахстан- тенге



бет1/14
Дата17.02.2017
өлшемі5,11 Mb.
#9781
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«БІЛІМ БЕРУДІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ДАМЫТУДЫҢ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ




ТЕҢГЕ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНЫ

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СИМВОЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН- ТЕНГЕ

(мұғалімдерге арналған ақпараттық материал

информационный материал для учителей)
Павлодар, 2016

Құрастырғандар: С.Ш. Слямова, педагогика ғылымдарыныңы магистрі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ директоры,

Б.Т.Аушахманова, әлеуметтану ғылымдарының магистрі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ әдіскері,



Алғы сөз

Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беругемүмкіндік береді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу Қазақстанның экономикалық егемендігін іске асыру үшін негіз болды.



Болашақ жастар мен оқушыларды Қазақстан Республикасының нышандарын құрметтеуге, Отанға деген мақтанышы мен сүйспеншіліктерін тәрбиелеу.


Введение национальной валюты дает возможность объективно оценить настоящее и будущее Казахстана. Основой реализации экономической назависимости Казахстана является введение своей денежной единицы.

Привить учащимся и молодежи уважение к государственным символам Казахстана, воспитывать чувства любви и гордости к Отечеству


«Біздің еліміздің экономикалық тəуелсіздігінің жарқын

туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың жəне болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»
1995 жылғы 19 мамыр

ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә.Назарбаев

1993 жылдың өн бойында Н.Ә.Назарбаев Парламент пен республика үкіметі бар күшін ТМД елдері экономикасын интеграциялауға бағыттады, ол өзара пайдалы ынтымақтастықтың артықшылығын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еді. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Қазақстан жаңа типтегі сом аймағын құруды ұсынды. Қазақста Ресей басшылығының тең құқықты негіздегі жаңа сом аймағы құрылатыны туралы мәлімдемесін бірнеше мәрте алды.

Қарашаның басында республика Премьер-Министрі С. Терещенко бастаған Қазақстан делегациясы Қазақстанның бірыңғай сом аймағына ену туралы шартқа қол қою мақсатымен Мәскеуге барды. Алайда келіссөздер барысында ресейдің жаңа талаптары көбейе берді, түптеп келгенде олар Қазақстанды экономикалық егемендігінен айырумен шектесетін талапқа тірелді. Сонымен бірге көрші мемлекеттерден Қазақстанға ескі үлгідегі сомдардың көптеген төгілуі 1993 жылғы қарашаның соңына қарай республиканың ақша жүйесін тұралатты, инфляцияны өршітті, ескі және «жаңа» үлгідегі сомның арақатынасы өзгергісін күрт арттырды. Осы жағдайлардың бәрі тұрғындардың тіршілік деңгейіне мүлде кері әсет етті.

Қалыптасқан жағдайды жан-жақты талқылап, Қазақстан Республиксының басшылығы өз валютасын енгізу керек деген шешім қабылдауға тоқталды. Республика Президенті Қазақстан Республикасы тұрғындарына үндеу жариялайды. Ашық принциптеріне сүйене отырып Қазақстан Ресейді, басқа да ТМД мемлекеттерін осындай қадамы туралы уақытында хабардар етті. Өз валютасын енгізерде қазақстан өзге мемлекеттердегі ақша реформасы мен ұлттық валютаны енгізу тәжірибесін есепке алды. Ұлттық валюта енгізудің сынағы мен болжамы анықталып, жаңа ақша белгісінің үлгілері жасалды. Қазақстан үкіметі мен ұлттық банк ұлттық валюта банкноттарын дайындауға кірісті. Алдымен қазақстандық дизайнерлер тобы құрылған. Топтың құрамына Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов сынды шеберлер кірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ұлттық валюта – тенге – 1993 жылы 15 қарашадан айналымға енгізілді.

Теңге құнының тұрақтылығы мен жоғары сатып алушылық қабілетін сақтау, реформаны дұрыс өткізу үшін және мүмкін болатын әлеуметтік қиындықтарды барынша азайту жағдайлары қарастырылды. Осы мақсатта жергілікті жерлерде ұлттық валютаны енгізудің өкілетті өкілдерінің мемлекеттік комиссиясы құрылды, оған қысқа мерзімде барлық қажетті нормативтік базаны дайындау тапсырылды, валюта рыногының жұмыс істеу тетіктерін ұйымдастыруға, тұрғындар үшін ақша айырбастау жағдайын жеңілдетуге құқық берілді. Қазақстан үшін өзінің ұлттық валютасын ендірудің экономикалық емес, үлкен саяси мәні бар еді. Ұлттық валютаға өту қазақстанға әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік берді, ол енді тәуелсіз егемен мемлекет есебінде жүргізілді. Осы бір күрделі кезеңде ірі халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстанның өз ұлттық валютасын енгізу жөніндегі шешімін қолдады.

Ұлттық теңге - мақтанышымыз

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы,оның шығу тарихы, негізгі қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, одан әрі дамыту, елімізді құрметтеу, жан-жақты даму, патриоттық сезімді дамыту.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: Құқықтану.

Сабақтың әдістері:постер жасау, талдау, салыстыру, іздену, ой қозғау әдісі

Жұмыс түрлері: фронталдық, жеке, топтық, ұжымдық, жұптық, рөлдік ойын...

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, банкноттар.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер құру«Атом-молекула» ойынын өткізу. Сыныпты екі топқа бөлу.

1. Топ. «Теңге», 2 топ. «Тиын». Топқа бөліну себебін сұрау.



Қызығушылығын ояту.«Теңге» деген жазуы бар плакатты тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға стикерлерге теңгеге қатысты бір-бір сөз жазуды тапсырамын. Оқушылар сөз жазған қағаздарын плакатка жапсырады. Осыдан кейін   жалпылама сұрақ қоямын.

Ақшаның адам өмірінде алатын орны қандай? Оқушылардың пікірін тыңдап ары қарай жаңа сабаққа өту.

Мағынаны ажырату.

Интербелсенді тақтадан слайдтар-берілген теңгедегі тарихи тұлғаларды атау, кім екені туралы айту. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.



Тапсырма: Мәтінді бөліп оқу, түсінгенін постерге салу.

1-топ. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайды.



2-топ. Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.



Постерді қорғау,сұхбат жүргізу. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.

Тапсырма: әлемнің біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарын жаздыру.  Мысалы: АҚШ-доллар, Ресей-рубль, Қытай-юань, Түркия-лира т.б.                  

Тапсырма: Терминдермен жұмыс.

Нумизматика - ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Нумизматиканың негізін салушы австриялық коллекционер, оқымысты И. И. Эккель (1734-1798).

Пегуния - латын тілінен аударғанда ақша ұғымын білдіретін сөз.

Дарик - парсы патшасы Дарий шығарған алғашқы таза алтын ақша.

Ақша - қандай да бір заттың құнын білдіретін белгі немесе бірлік.

1993 жыл 15 қараша теңгенің айналымға енгізілуі.

1 топ тапсырмасы.

Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар




дұрыс

бұрыс

1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.







2 Ақша – халық байлығы.







3Теңгеде 6-ға жуыққұпиябелгі бар.







4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?







5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.







6 Тиыннан теңге құралады.







7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.








2 топ тапсырмасы.

Дұрыс - бұрыс

  1. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.

  2. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.

  3. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.

  4. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған.

Ой қозғау.

Бесжолдық өлең. (үлгі)

Теңге ( тақырып, 1 сөз)

Құнды, сиқырлы (екі сын есім)

Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз)

Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)

Қазына.( синоним, 1 сөз)



Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан сынып оқушыларын теңге суреті бар тәтті сыйлықтармен марапаттау.
«Ұлттық теңге – мақтанышымыз!»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың зейіні мен логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.(Оқушылар көк,сары жасыл,қызыл түстерді қалауынша таңдап алып, топқа бөлінеді)

«Шаттық шеңбері»:

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, қол ұстасып, бірлесіп айтады:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайықдостарым,

Арайлапатқанәркүнге!

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:


  1. Теңге дегеніміз не?

  2. Теңге не үшін қажет?

  3. Теңгенің қандай түрлері болады?

  4. Теңге қайдан келеді?

  5. Теңгені қалай ұстауымыз керек?

1-оқушы: Теңге дегеніміз –

2-оқушы: Теңге күнделікті өмірге қажетті заттарды сатып алу үшін қажет.

3-оқушы: Қағаз,темір, күміс, мыс, ірі, ұсақ және т.б.

4-оқушы: Жұмыс істегенде берілетін ақы.

5-оқушы: Теңгені үнемдеп ұстауымыз қажет

Мұғалім: Ал енді біз топпен жұмыс жасаймыз. Әр топқа тапсырмалар беріледі, тапсырманы орындауда энциклопедияларды, интернет желілерін пайдаланатын боласыздар:

1-топ: Ақшаның шығу тарихы

2-топ: Әр елдің валютасы

3-топ: Ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихы

4-топ: Ұлттық теңгелерді суреттеу

Әр топ өз тапсырмалары бойынша мәлімет жинап, постерге түсіреді.



1-топ:

Ақшаежелгізаманда пайдаболды. Олартауарөндірісініңдамуындағыбірден-біршартжәнеөнімболыптабылады. Тауар - бұлсатунемесеайырбастауүшінжасалынғанеңбекөнімі. Адам еңбегініңөнімі - зат, оны тудыраотырып, тауарформасынқабылдайды. Заттардыңтауарғаайналуыақшаныңпайдаболуындағыобъективтіалғышарттардықұрайды. Бірақкез-келгензаттауар бола алмайды.
СоныменқатарақшаретіндесонауЕжелгі Спарта кезеңдеріндебасқадаметалдарды да пайдалынабастады. Жапонияда, Африкадатемір, мырыш, қорғасынпайдаланылды.
Ақшаныңөндіргішкүштер мен тауарқатынастарының біршамажоғарыдамуынәтижесіндепайдаболғандығыертеректенбізгебелгілі. Ақшаныңжаратылысыныңзерттегендегібастыанықболғаны, олоныңтауарлышығутегінебайланыстылығынкөрсетеді. Тауарсатуғанемесеайырбастауғаарналғанеңбекөнімі. Осы еңбекөнімініңтауарғаайналуыақшаныңпайдаболуыныңобъективтікалғышарттарынтуғызады.XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
2-топ:

Куба

песо

Үндістан

рупия

Иран

риал

Қырғызстанда                     

сом

Ресей

рубль

Германияда

марка

Америкада

доллар

Ұлыбритания

фунт

Украинада

гривна

Қытайда

юань

Тәжікстанда

манат

Түркияда

лира

Латвияда

лат

Кореяда

йена

Монголия

тугрия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет