Байланысты: т.айдана. хәлі ауыр науқастың шаш күтімі
Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.
Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.
Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.
Керуеттің бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.
Науқастың басын сорғалап аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.
Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.
Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.
Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай, ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.
Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз.
Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.
халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;
осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастын астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;
әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;
6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.
Науқастың көзіне , мұрнына , құлағына күтім жасау , басын жуу , шашын тарау Жеке бастың тазалығы дегеніміз - күнделікті денсаулықты сақтап , оны нығайтуға бағытталған шаралар . Бұл тән күтімі , ауыз қуысын , тісті тазалау . Тері алуан түрлі физиологиялық функцияларды орындайды . Терінің бетінде пайда болған кір қабаты тері бездерін бітеуі мүмкін . Осының салдарынан олардың қызметі бұзылуы мүмкін . Ал құлақты тазаламағаннан құлақ жолдарында құлық жиналып қалады . Ол естудің төмендетуіне алып келеді . Ауыз қуысында көп микробтар жиналады , олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының ауруларын тудырып , адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін . Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс - шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды . Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу . Аяқты күнде жатар алдында тазалап , жуып тұру керек . Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды . Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу . Аяқты күнде жатар алдында тазалап , жуып тұру керек . Ауызша сұрау : 1. Көзге күтім қалай жүргізіледі ? 2. Мұрын қуысына күтім жасау туралы не түсінесің ? 3. Науқастың құлақтарына күтім қалай жүргізіледі ? 4. Ауыр халдегі науқастың шаштарын жуу , тарау қалай жүргізіледі ? 1. Көздің күтімі Жеңіл халдегі науқас күнделікті гигиеналық шараларды өзі жасайды . Ауыр халдегі науқастың көзіне күтімді мейірбике орындайды . Көзді жуудың бірнеше әдістері бар . Кезді жуу үшін дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі , залалсыздандырылған мақта тампоны , ундинка ( көзді жууға арналған стакан ) , астауша қажет . Науқасты ыңғайлы отырғызып , арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйылады . Науқас еңкейіп , қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып , оң қолмен стаканды көзіне басып кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады .
2. Мұрын қуысына күтім жасау Ауыр халдегі науқаста мұрынның шырышты қабығында көп мөлшерде шырыш және шаң жиналып тыныс алуды қиындатады . Бұл өз кезеңінде науқастың жағдайын нашарлатады . Әлсіз науқастар өзідігінен мұрын қуысын тазалай алмайды , Сондықтан күнде науқастың мұрнына күтім жасауы қажет . Мақсаты : Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу . Көрсеткіштері : науқастың ауыр жағдайы , мұрын қуысында бөлінділердің болуы .