Халықаралық және облыстық конференцияларға қатысуы Ғалым туралы жарияланған мақалалар



Дата27.02.2020
өлшемі119,5 Kb.
#58744
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА


СЫР ЕЛІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ



САҒАЕВ ӘБДІЖАППАР ӘБІЛТАЙҰЛЫ

техника ғылымдарының кандидаты, профессор

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ -ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА

АНЫҚТАМА –БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМІ

Әбдіжаппар Әбілтайұлы

САҒАЕВ

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
60 ЖАС
БИОБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

ҚЫЗЫЛОРДА, 2011

Редакторы : Кітапхана директоры – Абенова Ж.А.

Құрастырушы библиографтар: -Қарымсақова Г.К.,Ерниязова К.

Оқырмандарға
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті ғалымдарының мерейтойлық «Сыр елінің ғалымдары» атты өмірбаяндық биобиблиография сериясының жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш ғылымға елеулі үлесін қосқан «Су шаруашылығы» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты,профессор Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлына арналады.

Биобиблиографиялық көрсеткіште жинақталған материалдарды ғалымның өмірі мен еңбек жолын сипаттайтын мәліметтері мен ғылыми еңбектерімен тереңірек таныстыру мақсатында сіздердің назарларыңызға ұсынады.



Көрсеткіш мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Өмірдерек

  2. Ғалым- ұстаздың өнегелі өмірі

  3. Ғалымның еңбек жолының негізгі кезеңдері

  4. Марапаттау белгілері

  5. Ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі

  6. Оқулықтар және оқу-әдістемелік еңбектері

  7. Халықаралық және облыстық конференцияларға қатысуы

  8. Ғалым туралы жарияланған мақалалар

Көрсеткіште материал хронологиялық тәртіппен орналасқан, әрбір жылдың көлемінде жарияланған еңбектер қазақ, орыс тілдерінде беріліп отыр.

Көрсеткіш кітапхана каталогтары және ғалымның жеке архивінен алынған материалдар негізінде жасалынған.

Көрсеткіштің студенттерге, мұғалімдерге оқу процесінде пайдалануға қосатын үлесі зор.



Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен,өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.
Қ.Сәтбаев.

ӨМІРДЕРЕК
Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлы 1951 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «Қармақшы» кеңшарындағы №113 «Қаракөл» орта мектебін бітіргеннен кейін, Қызылорда гидромелиоративтік техникумына түсіп, 1970 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.

1970-1971 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарып келіп, 1972 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына түсті. Оны 1977 жылы үздік дипломмен бітіріп, инженер-гидротехник біліктілігін алды.

Сол жылдан бастап жоғарыда аталған институттың «Ауылшаруашылығы мелиорациясы» кафедрасында ассистенттік қызметке қалдырылды.

1980 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалына ауыстырылды. Сол уақыттан, бері осы оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессоры қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Әбдіжаппар Әбілтайұлы 1993 жылдың қаңтар айында Мәскеу қаласындағы «Производственное объединение по изысканиям, исследованиям, проектированию и строительству водохозяйственных и мелиоративных объектов» (ПО «Совинтервод») институтында «Совершенствование оросительных систем при их реконструкции в условиях Приаралья» тақырыбында диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Сағаев Әбдіжаппар 70-тен астам ғылыми еңбектердің, 6 оқу құралының, 2 патент және «Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану» пәніне арналып жазылған типтік жобаның авторы. Оның жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты (Ақылбаев Қ.И., Шобдарбаев Б.) дайындалды. 5 аспирант пен 6 магистрантқа ғылыми жетекшілік жасалды.

1978 жылдан бастап 160-тан астам студенттерге дипломдық жоба (жұмыс) жетекшісі болды. 50-ден астам студенттердің ғылыми тақырыптарына жетекшілік жасалды.

2007 жылы МРОЗ-03-2 тобының студенті Піржанов Р. студенттердің Республикалық ғылыми конференциясына қатысып, III-ші жүлделі орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлы облыстағы ауыспалы егістіктердің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартуға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

1987-1991 жылдары «Совершенствование рисовых оросительных систем Кызылординской области» тақырыбында Жаңақорған ауданы, Задарья шаруашылығымен келісім-шарт негізінде ғылыми жұмыстар атқарылды.

2003-2005 жылдары Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу депертаментімен келісім-шартпен «Влияние воды реки Сырдарьи на эколого-мелиоративное условия Кызылординской области» тақырыбында ғылыми жұмыс атқарылды.

2004-2007 жылдары «Қазалы суармалы алқабындағы топырақ-мелиоративтік, гидрологиялық, экологиялық зерттеулер негізінде суармалы жүйе бөліктерін қалпына келтіру және экологиялық-мелиоративтік жағдайды жақсарту жөнінде іс-шаралар жасау» тақырыбында Қазалы аудандық әкімдігімен келісім-шарт негізінде ғылыми жұмыстар атқарылды.

«Повышение продуктивности кормовых культур Кызылординской области» тақырыбындағы ғылыми жұмыс «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты ЖШС-мен жасалған келісім-шарт бойынша 2009 жылдан бері (аяқтау мерзімі 2011 жыл) жалғасуда.

Академиялық топ тәлімгерлерінен бастап, кафедра меңгерушісі, университеттің ғылыми жұмыстар жөнінде проректорының орынбасары қызметтерін атқару барысында студенттермен тәрбие жұмыстарымен қоса, облыс, қала шеңберінде өткізілген қоғамдық іс-шараларға араласып келеді.

Облыс көлеміндегі Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментімен, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен, «Қызылорда су шаруашылығы» облыстық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнымен, Облыстық гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясымен, «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты ЖШС-мен тығыз шығармашылық байланыста.

Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы:

- У.У.Усманов атындағы Топырақтану институтының құрылуының 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция (Алматы, 2005 жыл). Тақырыбы: «Топырақтанудың жағдайы және даму болашағы»;

- «Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстан экономикасының орнықтылығының негізі». (Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция. Шымкент, 2006 жыл);

- «Шоқан тағлымы - 11»: Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция.- Көкшетау, 2006 жыл);

- «Экология, құрылыс және су шаруашылығының өзекті мәселелері». (Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция. Тараз, 13-14 шілде 2007 жыл);

- «Су: ресурстары, сапасы, пайдалану мониторингі және суды қорғау». (Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конферения. Алматы, 19-21 қыркүйек 2007 жыл);

- Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтының ректоры, академик Р.Ж.Жолаевтың 100 жылдығы құрметіне арналған Халықаралық конференция. Тараз, 2010 жыл.

Мұнымен қатар республика, облыс көлемінде өтіп жатқан ғылыми конференциялар мен өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдерге қатысуда.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 70 жылдығына арналған медальмен марапатталған. 2009 жылдың «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлының жанұялы, үш ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Ғалым – ұстаздың өнегелі өмірі
Бірімізге аға, бірімізге іні болып келетін Әбдіжаппар Әбілтайұлы Сыр бойында қасиетті Қорқыт Ата топырағында «Қармақшы» кеңшарында 1951 жылы қарапайым отбасы шаңырағында дүниеге келген. «Білім – мектептен басталады» дегендей, 1957 жылы №113 «Қаракөл» орта мектебінің табалдырығын аттады. Білім нәрімен сусындаған балғын жас оны 1967 жылы бітіріп, сол жылдан бастап білімін Қызылорда гидромелиоративтік техникумында жалғастырды. Орташа техникалық білім алған соң, екі жыл Кеңес армиясы қатарында болып, өзінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келді. Студенттік өмірі 1972 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына түскеннен басталды. Қызықшылығы мен қиындығы мол студенттік күндер де өте шықты. Жоғарғы оқу орнын 1977 жылы үздік дипломмен бітірді.

Жоғарғы оқу орнының қабырғасында жүріп, теория мен тәжірибені ұштастыра алған алымды білімі де ескерілмей қалған жоқ. Институтты бітірген жылы аталған институттың «Ауылшаруашылығы мелиорациясы» кафедрасында ассистенттік қызметке қалдырылды.

Солайша ұстаз - ағамыздың ұстаздық өмірі басталды. Ұстаз - ағамыз дейтін себебім, Әбекең менің де сол институтта оқып жүрген кезімде топ тәлімгерім болған. Біздің білім және ғылым саласындағы таныстығымыз, сыйластығымыз осы уақыттан бері жалғасуда.

1980 жылы Қызылорда Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылған соң, Әбдіжаппар ағамыз оқытушы болып ауысып келді. Сонан бері аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Әбдіжаппар Әбілтайұлы өзінің ұстаздық қызметімен қатар, ғылым саласына да жол тартты. Ташкент қаласындағы Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының аспирантура бөліміне оқуға түсіп, оны ойдағыдай бітіріп шықты. Ғылыми жұмыстармен айналысты. 1993 жылдың қаңтар айында Мәскеу қаласындағы «Производственное объединение по изысканиям, исследованиям, проектированию и строительству водохозяйственных и мелиоративных объектов» (ПО «Совинтервод») институтында «Совершенствование оросительных систем при их реконструкции в условиях Приаралья» тақырыбында диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Әбекеңнің енді жаңа қыры – ғылым саласындағы еңбектері басталды. Облыс көлеміндегі су саласындағы ірі өндірістік, ғылыми мекемелермен тығыз шығармашылық байланыс орнатты, атап айтсақ, «Қызылорда су шаруашылығы» облыстық коммуналды мемлекеттік кәсіпорны, Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу дипартаменті, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, Облыстық гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Облыстық гидрометеорология орталығы, «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты ЖШС.

Сырдария өңіріндегі қалыптасқан экологиялық-мелиоративтік жағдайларды алғашқылардың бірі болып ғылыми тұрғыдан көз тастап, шешу жолдарын көрсеткен, бағыт берген де осы Әбекең. Отандық ғылым саласына да қосқан үлесі қомақты. Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлы 70-тен астам ғылыми еңбектердің, 6 оқу құралының, 2 патент және «Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану» пәніне арналып жазылған типтік жобаның авторы.

Сонымен қатар, Әбдіжаппар Әбілтайұлы облыстағы ауыспалы егістіктердің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартуға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Облыс көлеміндегі біршама өндірістермен, шаруашылықтармен келісім-шарт негізінде қомақты ғылыми жұмыстар атқарылды.

Әбекең шәкірттерге жоғары талап қойғыштығымен, оқу ісіндегі шеберлігімен, еңбек сүйгіштігімен ерекшеленеді. 30 жылдан астам ұзтаздық еңбек жолында, ол кісінің алдынан тәрбие, білім алған шәкірттері халық шаруашылығының сан саласында еңбек етіп, еліміздің экономикасын арттыруда өз үлестерін қосып келеді. Осы уақыттар аралығында 160-тан астам студенттерге дипломдық жоба (жұмыс), 10-нан аса аспиранттар мен магистранттарға жетекші болды. 50-ден астам студенттердің ғылыми тақырыптарына жетекшілік жасады. Барлығы да сәтті қорғалып, студенттері жүлделі орындарға ілікті. Соның бірі 2007 жылы студенттердің Республикалық ғылыми конференциясына қатысып ІІІ-ші жүлделі орынды жеңіп алған МРОЗ-03-2 тобының студенті Піржанов Р.

Халықаралық, републикалық, облыс деңгейлерінде өтіп жатқан ғылыми конференцияларға және өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдерге қатысып, өзінің ой-пікірлерін ортаға салуда.

Әбдіжаппар Әбілтайұлының осындай қажырлы да ерен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 70 жылдығына арналған төс белгімен марапатталды және 2009 жылдың «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

Әбекең екі қыз, бір ұл бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының отағасы.

Құрметті әріптесім Әбекеңе айтарым, Сіздің алда алатын асуларыңыз мол. Оған қажыр-қайратыңыз да, біліміңіз де жеткілікті. Егеменді елімізге кәсіби біліктілігі жоғары, Отан сүйгіш, елжанды рухта тәрбиеленген мамандар даярлауда табыстарға жете беріңіз. Осы ғалым – ұстаз деген игі жолыңызда Сізге мықты денсаулық, дарыныңызға дархан шабыт, отбасыңызға береке, бақыт тілеймін.


Асылхан Әшімұлы Шомантаев

Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік

университетінің профессоры



ҒАЛЫМНЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ


1951ж. 1 қаңтар

Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлы Қызылорда облысы, Қармақшы кеңшарында дүниеге келген.

1967-1970 жж.

Қызылорда гидромелиоративтік техникумын бітіреді

1970-1971 жж.

Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарады

1972-1977 жж.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын үздік дипломмен бітіріп, инженер-гидротехник біліктілігін алады.

1978 ж.

Ауылшаруашылығы мелиорациясы кафедрасында ассистентік қызметте. Студенттердің дипломдық жұмыс, ғылыми тақырыптарына жетекші

1980 ж.

Жамбыл гидромелиоративтік –құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалына ауыстырылды(қазіргі Қорқыт ата атындағы ҚМУ) оқытушы,аға оқытушы,доцент,кафедра меңгерушісі профессор қызметін атқарып келеді.

1987-1991 жж.

«Совершенствование рисовых оросительных систем Кызылординской области» тақырыбында ғылыми жұмыс атқарылды

1993 ж.

Мәскеу қаласындағы КСРО және шет елдерде су шаруашылық мелиоративтік нысандарды зерттеу,жобалау және құру институты «Совинтерводхоз» өндірістік бірлестігінде «Совершенствование оросительных систем при их реконструкции в условиях Приаралья» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

2003-2005 жж.

Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментімен келісім-шартпен «Влияние воды реки Сырдарьи на эколого-мелиоративное условия Кызылординской области» тақырыбында ғылыми жұмыс атқарылды

2004-2007 жж.

«Қазалы суармалы алқабындағы топырақ мелиоративтік, гидрологиялық, экологиялық зерттеулер негізінде суармалы жүйе бөліктерін қалпына келтіру және экологиялық –мелиоративтік жағдайды жақсарту жөнінде іс-шаралар жасау» тақырыбында ғылыми жұмыс атқарылды

2009-2011 жж.

«Повышение продуктивности кормовых культур Кызылординской области» тақырыбында ғылыми жұмысын «Қазақ күріш шаруашылығы» Ғылыми-зерттеу институты ЖШС-мен жасалған келісім-шарт бойынша жалғастыруда.(аяқтау мерзімі 2011 ж.)


МАРАПАТТАУ БЕЛГІЛЕРІ


  1. 2009 жылдың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;




  1. 2010 жылы Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігі күніне» орай «Нұр Отан» алғыс хаты;




  1. Білім беру саласында сырттай бақылау жүйесін дамытуда және ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты (2009-2010 ж.ж.);




  1. 2006-2007 оқу жылы қорытындысы бойынша университеттің тәрбие және мәдени-көпшілік жұмысына белсене араласқаны үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті алғыс хатпен марапатталды;



  1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылғанына 70 жыл толу мерекесінің төс белгісі (медальмен) марапатталды.


«Су шаруашылығы» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлының ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі
1990


  1. Рациональное использование поливной воды на рисовых системах Кызылординской области./Сагаев А.А., Кошкаров С.И..// Тезисы докладов научно-технической конференции по экологическим проблемам Приаралья «Судьба моря - судьба людей».- Кызылорда,1990 г.

  2. Солевой режим почв в рисовых севооборотах./ Сагаев А.А., Кошкаров С.И. // Мелиорация и водное хозяйство.-1990.- № 9.


1991

  1. Мелиоративное состояние орошаемых земель в Кызылординской области./ Сагаев А.А., Кошкаров С.И.. Теория и практика комплексного мелиоративного регулирования.//В кн.:Сборник научных трудов МГМИ.- Москва, 1991г.


1996

  1. Безгербицидная технология выращивания риса и природоохранные мероприятия на рисовых системах Приаралья./Сагаев А.А., Карлыханов Т.К., Шаянбекова Б.Р. // В кн.:Сборник научных трудов Юбилейной научной технической конференции посвященной 20-летию института «Актуальные проблемы в экологии и природопользовании», часть 1.- Кызылорда, 1996г.

  2. Режим грунтовых вод на рисовом севообороте.//В кн.:Сборник научных трудов Юбилейной научной технической конференции посвященной 20-летию института «Актуальные проблемы в экологии и природопользовании». часть 1.- Кызылорда, 1996г.

  3. Разработать комплекс водохозяйственных и природоохранных мероприятий, обеспечивающих улучшение мелиоративного состояния орошаемых земель на рисовых системах./ Сагаев А.А., Джуманбеков А.А., Рау А.Г., Карлыханов Т.К., Мустафаев Ж.С., и др.Отчет о научной исследовательской работе. (№ Гос. Регистрации 0194 РК 00112).- Тараз, 1996г.


1997

  1. Влияние оросительных норм, минеральных удобрений и гербицидов на степень загрязнения окружающей среды./ Сагаев А.А., Карлыханов Т.К.,Шаянбекова Б.Р.// Тезисы докладов и сообщений на республиканском координационном совещании по научно-технической программе, «Мелиорация и водное хозяйство».- Тараз, 1997г.

  2. Мелиоративные факторы, определяющие экологическое состояние природных комплексов в Приаралье./ Сагаев А.А., Кошкаров С.И., Акылбаев К.И. //Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 60-летию университета.- Кызылорда, 1997г.


1998

  1. Рекомендации по сохранению качества воды в низовьях реки Сырдарьи./Сагаев А.А., Зубаиров О.З., и др. Рекомендации.-Кызылорда, 1998г.

  2. Экология поливной воды и улучшения мелиоративного состояния орошаемых земель./ Сагаев А.А., Токтамысов А.М.// В кн.:Сборник научных трудов Таразского гидромелиоративно-строительного института.- Тараз, 1998г.

  3. Эколого-мелиоративные проблемы Сырдарьинского Приаралья./Сагаев А.А., Кошкаров С.И., Акылбаев К.И. // Наука и образование Южного Казахстана.- 1998.- №6(13).-С.79-83


1999.

  1. Оптимальный мелиоративный режим на орошаемых землях Приаралья./ Сагаев А.А., Кошкаров С.И., Акылбаев К.И. //Вестник Кызылординского государственного университета им. Коркыт Ата.- 1999.-№1.-С.67-71.


2000.

  1. Методологические основы управления адаптированными мелиоративными режимами техногенно нарушенных агроэкосистемы./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Ахметов Н.Х. // Вестник» КГУ им. Коркыт Ата.-2000. - №2(6)-С. 22-26.

  2. Основные принципы создания экологически устойчивого агроландшафта./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И., Ахметов Н.Х. // Материалы 3-й Международной научно-технической конференции.- Усть-Каменогорск, 2000г. /тезисы докладов/.

  3. Проблемы экологического обоснования реконструкции техногенных нарушенных природных систем при мелиорации сельскохозяйственных земель./ Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С.// Гидрометеорология и экология.- 2000.- №1.-С.15-27.


2001.

  1. Экологическое обоснование технологических принципов промывки засоленных почв./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Калманова Г.К.// Наука и образование Южного Казахстана.- 2001.- № 26.-С.89-92

  2. Экологическое обоснование мелиораций сельскохозяйственных земель /Сагаев А.А.,Мустафаев Ж.С.,Умирзаков С.И.,Ахметов Н.К.// Вестник КГУ им.Коркыт Ата.- 2001.-№4.(12)-С. 3-13


2002.

  1. Концептуальная модель орошаемых земель./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Козыкеев А.Т., Умирзаков С.И., Шамшадинова Н., Мурат М.К. // Наука и образование Южного Казахстана. – 2002.- №30.-С.176-178.

  2. Ландшафтно-экологическое обоснование адаптивного мелиоративного режима почвы при реконструкции техногенных нарушенных природных систем в низовьях реки Сырдарья./ Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И., Ахметов Н.Х. (Аналитический обзор) -Тараз, 2002 г.-98б.

  3. Ландшафтно-экологическое обоснование адаптивного мелиоративного режима почв в техногенных нарушенных агроландшафтах. Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С. - Алматы: Изд-во «Бастау», 2002г.

  4. Экологическое обоснование мелиорации сельскохозяйственных земель./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И., Калманова Г.К. // Вестник КГУ им. Коркыт Ата.- 2002.- №12.-С.3-13.


2003.

  1. Влияние качества воды реки Сырдарьи на качество зерна сельскохозяйственных культур.Симпозиум./Сагаев А.А., Акылбаев К.И., Калманова Г.К. Перспективы развития рисоводства в Казахстане(18-19 декабря 2003г.)- Кызылорда, 2003г.

  2. Влияние поливной воды реки Сырдарьи на качество зерна сельскохозяйственных культур. Кызылординской области./Сагаев А.А., Кошкаров С.И., Бегалиев К.Б., Жунусов А.Т., Акылбаев К.И. Республиканская научно – практическая конференция –Алматы: КазНАУ, 12 апрель 2003г.

  3. Качество воды реки Сырдарьи в различных створах. Доклады международной научно-практической конференции «Современные проблемы гидроэкологии внутриконтинентальных бессточных бассейнов Центральной Азии»./Сагаев А.А., Кошкаров С.И., Акылбаев К.И. - Алматы, 2003г.

  4. Методы оценки параметров модели выщелачивания солей в промывке засоленных почв. Природопользование и проблемы антропосферы»./Сагаев А.А., Калманова Г.К. // Вестник ТарГУ.-2003.- №1(9).-С.139-143

  5. Экологические проблемы реконструкции засоленных и техногенных нарушенных почв в системе природопользования./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Калманова Г.К. // Гидрометеорология и экология.-2003.- №6.-С.45-48.

  6. Экологическое обоснование промывки засоленных почв./Сагаев А.А., Калманова Г.К. // Материалы практической конференции «Программа «Ауыл» и научное обеспечение агропромышленного сектора экономики РК» 23-24 октября 2003г- Тараз, 2003.-С.45-48



2004.

  1. Мелиоративное состояние орошаемых земель в Кызылординской области./Сагаев А.А., Нуркишева М.Ж. // ҚМУ Хабаршысы.-2004.- № 1(17).-С.52-56.

  2. Оптимизация режима орошения посевов дыни в условиях Казахстанского Приаралья./Сагаев А.А., Абильтай Е.О., Тян В.С., Абдуллаев М.И. // ҚМУ Хабаршысы.-2004.- № 2(18).-С.16-18.

  3. Сыр өңіріндегі күріш дақылының тиімді суару режимі./Сагаев А.А., Алибекова А.К. // Материалы международной научно–технической конференции «Валихановские чтения - 10»

  4. Экологическое обоснования технологических процессов промывки засоленных почв./Сагаев А.А., Калманова Г.К. Научное издание: «Методологические и экологические принципы мелиорации с/х земель» 2004г.


2005.

  1. Вопросы совершенствование режима орошения культур в Кызылординской области./Сагаев А.А.,Алибекова А.К., Нуркишева М.Ж. // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана.-2005.-№7.-С.26-27.

  2. Качества воды реки Сырдарьи в различных створах и ее влияние на качество зерна с/х культур./ Сагаев А.А., Акылбаев К.И., Койшыбаев Н., Калманова Г.К. // Поиск.- 2005.- № 2.-С.132-136

  3. Қызылорда облысының әртүрлі жақтауларындағы Сырдария өзені суының сапасы./Сагаев А.А., Акылбаев К.И., Калманова Г.К., Бегалиев К.Б. // Жаршы.-2005.- №1.

  4. Мелиоративное состояние орошаемых земель в Кызылординской области./Сагаев А.А.,Нуркишева М.Ж.,Алибекова А.К. // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана.-2005.-№6.-С.33-34

  5. Обоснование и выбор системы математических моделей расчетного мониторинга природно-технической системы./ Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., и др. // Гидрометеорология и экология.-2005.- №2.

  6. Режим орошения дыни на засоленных почвах Казахстанского Приаралья. Состояние и перспективы развития почвоведения./Сагаев А.А., Абильтай Е.О., Тян В.С. // Материалы международной конференции, посвященной 60-летию образования Института почвоведения им. У.У.Успанова.- Алматы, 2005 г.

  7. Сырдария өзен суының сапасы. /Сагаев А.А., Акылбаев К.И., Калманова Г.К. // Жаршы .- 2005.- №1.-40-41б.

  8. Сырдария өзені суының Қызылорда облысында егілетін ауылшаруашылық дақылдарының сапасына әсер./Сагаев А.А., Акылбаев К.И., Калманова Г.К. // Ізденіс (Поиск).- 2005.- № 1.-163-167б.

  9. Система математических моделей расчетного мониторинга ландшафтов для бассейна рек./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Султанова Г. // Поиск .-2005.- №2.

  10. Эколого-экономическое обоснование необходимости освоения засоленных почв для сельскохозяйственного производства./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Калманова Г., Мустафаева Л.Ж.Доклады международной научно-практической конференции (20-21 октября 2005г.).- Тараз, 2005 г.-С.265-268.

2006

  1. Қант қызылшасын Қызылорда облысында аудандастыру. «Шоқан-тағылымы-11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары./Сагаев А.А., Тобжанова А.С. - Көкшетау, 2006 ж.

  2. Қызылорда облысында су үнемдейтін диверсификациялық дақылдарды суарудың технологиясын жасау. «VI Сәтбаев оқулары» атты Республикалық жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың ғылыми конференциясының материалдары./Сагаев А.А., Ақылбаев Қ.И., Тобжанова А.С. - Павлодар, 2006 ж.-26-29б.

  3. Қызылорда облысында қант қызылшасын суару технологиясы./Сагаев А.А., Алтынбекова Г.А., Тобжанова Б.С. // Жаршы.-2006.- № 9.-201-205б.

  4. Способ промывки засоленных почв./Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Исабай С.И., Козыкеева А.Т., Калманова Г.К. Заключение о выдаче патента, № 2657/02, 02.02.2006г.

  5. Экологическое обоснование необходимости освоения засоленных земель./Сагаев А.А., Калманова Г.К., Козыкеева А.Т. // Материалы международной неучно – практической конференции “Индустриально-инновационное развитие - основа устоичивой экономики Казахстана”.- Шымкент, 2006г.


2008.

  1. Сары түйе жоңышқа. /Сағаев Ә.Ә., Әбілтай О.К., Әбілтай Е.О. Заключение о выдаче предварительного патента. 2008г.


2010.

  1. Агроландшафтардың ластануының техногенді көздері./Сағаев Ә.Ә., Бұланбаева П.О.//Труды международного научно-практической конференций, посвященной 100-летию доктора технических наук, профессора Р.Ж.Жулаева и 70-летию доктора технических наук, профессора Абдураманова А.А..- Тараз, 2010г.

  2. Агроэкожүйелердегі ластаушы заттардың көші-қоны мен тасымалдануы./Сағаев Ә.Ә.// Материалы Международного АгроБизнесФорума «Развитие сельскохозяйственного производства в условиях томоженного союза» 15-17 қазан.- Қызылорда, 2010г.




  1. Ауыр металдардың су жүйелеріндегі жиналу заңдылықтары».// Ізденіс нәтижелері. КазНАУ- 2010.-№4.-177-180б.

  2. Геоэкологическая оценка ландшафтов в низовьях Сырдарьи. /Сағаев А.А.//Труды международного научно-практической конференций, посвященной 100-летию доктора технических наук, профессора Р.Ж.Жулаева и 70-летию доктора технических наук, профессора Абдураманова А.А..- Тараз, 2010г.

  3. Мелиорацияланатын жердің топырақ жамылғысындағы металдар мөлшерлерінің агроландшафттардың өнімділігіне әсері./Сағаев Ә.Ә., Елібаева А.Ә.//Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Хабаршысы.- 2010.- №1.-189-191б.

  4. Режим орошения кукурузы в рисовых севооборотах Приаралья./Сағаев Ә.Ә., Әбілтай Е.О., Бұланбаева П.О. IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Бъдещи изследования - 2010» 17-25 февруари 2010г., том 13. София «Бял ГРАД - БГ» ООД.

  5. Районирование нового сорта кукурузы в рисовых севооборотах Приаралья./Сағаев Ә.Ә., Әбілтай Е.О., Бұланбаева П.О. // Поиск.-2010.- №2 (1).-С.213-215

  6. Районирование сахарной свеклы в Кызылординской области./Сағаев Ә.Ә., Тобжанова А.С. // Поиск.-2010.- №2 (1) –С.215-218

  7. Технология полива сахарной свеклы в Кызылординской области./Сағаев Ә.Ә., Тобжанова А.С., Алтынбекова Г.А. // IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Бъдещи изследования - 2010» 17-25 февруари 2010г., том 13, София «Бял ГРАД - БГ» ООД.-С.77-79.

  8. Техногенді ластану жағдайында топырақтағы су режімін реттеудің ерекшеліктері.// Поиск.-2010.- №4(2).177-180б.

  9. Топырақтардың ауыр металдармен ластануы. // М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Хабаршысы».- 2010.-№2.-22-25 б.

  10. Экологическое обоснование реконструкции засоленных земель в системе природопользования. Мелиорация: прошлое, настоящее и будущее.// Труды международного научно-практического семинара, посвященной 60-летию доктора технических наук, профессора Ж.С.Мустафаева (15.10.2010 г.).- Тараз, 2010г.

  11. Экологическое обоснование технологии промывки засоленных почв./Сағаев Ә.Ә., Тобжанова А.С., Жакупов Ә.Ү.// IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Становление современной науки» 27.09-05.10.2010, Чехия.

Оқулықтар және оқу-әдістемелік еңбектері




  1. Сагаев А.А., Кошкаров С.И. Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану методическое указания для выполнения дипломного проектирования.- Кызылорда, 1999г.-52б.

  2. Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Тауекелов А.Т. Эксплуатация гидромелиоративных систем. Программа для высших учебных заведений по специальности 4403-«Гидромелиорация».- Тараз, 1999г.

  3. Сагаев А.А. Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін курстық жобаны дайындауға арналған методикалық нұсқау.- Қызылорда, 2000.

  4. Сагаев А.А., Зубаиров О.З. Суғару және оның жүйелерін пайдалану: Оқулық- Кызылорда, 2000.- 126 б.

  5. Сагаев А.А., Зубаиров О.З. Қазақстанның су қорлары және оларға қойылатын талаптар. Студенттердің өздігінен оқып дайындалуына арналған әдістемелік нұсқау.- Алматы, 2002.

  6. Сагаев А.А., Жунисов А.Т., Бегалиев К.Б. Курстық жұмыстарды және жобаларды орындауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныс.- Кызылорда, 2002.

  7. Сагаев А.А., Нурымов Д.Е., Умирзаков С.И., Бегалиев К.Б. Методическое указание по проведению полевых опытов с кормовыми лугопастбищными культурами.- Кызылорда, 2002.

  8. Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Шегенбаев А.Т. Өндірістік және ауыз суды тазартуға арналған практикумы: Оқулық.- Кызылорда, 2004.- 100б.

  9. Сагаев А.А., Мустафаев Ж.С., Шегенбаев А.Т. Өндірістік және ауыз суды тазартуға арналған практикум.: Оқу құралы электронды вариантта. Қызылорда, 2004ж.-100б.

  10. Сагаев А.А., Токтамысов А.Т., Бегалиев К.Б. Ауылшаруашылығы негіздері. Оқу құралы.- Кызылорда, 2005.-165б..

  11. Сағаев Ә.Ә., Мұстафаев Ж.С., Қалманова Г.Қ. Суландыру жүйесін пайдалану: Оқулық.- Тараз, 2007.-321б.

  12. Сағаев Ә.Ә., Мұстафаев Ж.С., Ақылбаев Қ.И. Адаптивно-ландшафтные мелиорации: Оқу құралы.- Қызылорда, 2010ж.-195б.

  13. Сағаев Ә.Ә., Мұстафаев Ж.С., Кенжалиева Б.Т.Ландшафтные земледелия. Оқу құралы.- Қызылорда, 2010.-С.140


Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы




Научно-техническая конференция по экологическим проблемам Приаралья «Судьба моря- судьба людей».-Кызылорда, 1990



Международная научно-практическая конференция, посвященная 60-летию университета.-Кызылорда, 1997.



3-я Международная научно-техническая конференция.-Усть-Каменогорск, 2000./тезисы докладов/



Международная научно-практическая конференция «Современные проблемы гидроэкологии внутриконтинентальных бессточных бассейнов Центральной Азий» -Алматы, 2003.



«Қазақстандағы күріш өндірісін дамыту перспективалары» тақырыбына арналған симпозиум.(18-19 желтоқсан,2003)-Қызылорда, 2003



Республиканская научно-практическая конференция.(12 апрель 2003)-Алматы.КазНАУ.2003



Международная конференция, посвященная 60-летию образования института почвоведения им.У.У.Успанова «Состояние и перспективы развития почвоведения» Алматы, 2005



Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция «Индустриалды- инновациялық даму – Қазақстан экономикасының орнықтылығының негізі». - Шымкент, 2006 жыл



Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция. «Шоқан тағлымы-11» .- Көкшетау, 2006 жыл.



«VI Сәтбаев оқулары» атты республикалық жас ғалымдар.студенттер және оқушылардың ғылыми конференциясы. Павлодар, 2006.



Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция «Экология,

құрылыс және су шаруашылығының өзекті мәселелері».- Тараз, 13- 14 шілде 2007 жыл





Халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференция «Су: ресурстары, сапасы, пайдалану мониторингі және суды қорғау».(19-21 қыркүйек 2007 жыл)-Алматы, 2007



Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтының ректоры,

академик Р.Ж.Жолаевтың 100 жылдығы құрметіне арналған Халықаралық конференция. Тараз, 2010 жыл





Международный АгроБизнесФорум «Развитие сельскохо-зяйственного производства в условиях таможенного союза» 15-17 қазан, Қызылорда, 2010.



ҒАЛЫМ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР


  1. Сыр еліндегі іргелі білім ордасы/Жалпы редакциясын басқарған Қ.А.Бисенов.-Алматы: «Арыс баспасы». 2007.-189-195б.




  1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары: Биобиблиографиялық анықтамалық: бірінші шығарылым./ Құраст. Ж.Ә.Әбенова, Қ.Ә.Омаров.-Алматы. 2007.-284-285б.




  1. Аюпкызы П. Лучших целая группа.Конкурс среди работников ВУЗ-ов «Лучший преподаватель года» // Кызылординские вести.-2010.-5 марта.-С.4



ӘБДІЖАППАР ӘБІЛТАЙҰЛЫ САҒАЕВ

«Сыр елінің ғалымдары» биобиблиографиясына мәліметтер

Редакторы: Кітапхана директоры Абенова Ж.А.

Құрастырушылар: библиографтар Қарымсақова Г.К.

Ерниязова К.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің редакциялық баспа орталығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет