Хатшы: Тұрыңыздар сот келе жатыр.
Төраға: Сәлематсыздарма отырыңыздар, бүгінгі қылмыстық іске байланысты сот отырысын
ашық деп жариялаймын! Хатшы! Іске қатысушылар түгел келді ме? Баяндаңыз.
Хатшы: Ия құрметті сот, сотқа қатысушылар барлығы түгел келді, сіздің шақыртуыңызды
күтуде.
Төраға: Олай болса,ҚІЖК-нің 356-бабына сәйкес сот құрамын жариялаймын. Атырау қалалық
соты құрамында: төрағалық етуші судья – _Әндіржан Н, хатшылықта - сот мәжілісінің
хатшысы Бектұрлықызы С, отырып, мемлекеттік айыптаушы Атырау қала прокурорының
көмекшісі Қанатова Н., қорғаушы - Атырау облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі
Шапағатова А., сотталушы Каким Д, қатысуларымен, Атырау қалалық сотының сот
отырысының залында, ашық басты сот талқылауында ҚР ҚК-ның 297-бабының 3 бөлігімен
айыпталған Каким Д қатысты қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр.
Куәгерлер сот залынан шыға тұруларынызды сұраймын.
ҚР ҚІЖК-нің 355-бабының талаптарына сай, сотталушы өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты
мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.
Сотталушы: Мен Каким Д, 22 қараша 1988 жылы Ақтау облысында дүниеге келдім, ұлтым
қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, орта білімім бар, бойдақпын, жұмыс жасамаймын,
тұрғылықты мекен-жайым: Атырау қаласы, Жұмыскер участок 19
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 362-бабының талаптарына сай, іске қатысушы тараптар жаңа куәларды,
мамандарды, сарапшыларды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды алдыру
туралы қандай өтініштеріңіз бар?
Мемлекеттік айыптаушы: Қояр талабым жоқ
Қорғаушы: Мемлекеттік айыптаушымен келісемін
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 362-бабының талаптарына сай, іске қатысушы тараптар талқылаудан
дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы қандай өтініштеріңіз бар?
Мемлекеттік айыптаушы: Талап-тілегім жоқ
Қорғаушы: Талап-тілегім жоқ
Төраға: Сотталушыға тағылған айыптың мәнісін баяндау үшін сөз мемлекеттік айыптаушы
Қанатова Назеркеге беріледі
Мемлекеттік айыптаушы: Құрметті сот және сот отырысына қатысушы тараптар мен өкілдер.
2014 жылы 11 қараша күні сотталушы Каким Д автокөлігінде есірткі сату үстінде қолға түсті.
Атырау қалалық Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлері Каким Д автокөлігін тінту
барысында 2 дана газетке оралған есірткі табылды. Операцияны жүргізу мақсатында табылған
есірткі заттарына куә болды.
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 365- бабының талаптарына сай, сотталушы өзіңізге тағылған айыптың
мәні түсініктіме?
Сотталушы: Маған айыптың мәнісі түсінікті, сот алдында айғақ беремін, тағылған айыпты
мойындамаймын.
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 366-бабының талаптарына сай, іске қатысушы тараптар сот тергеуінде
дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібі туралы пікірлеріңіз?
Мемлекеттік айыптаушы: Бірінші куәлардың жауаптарынан бастап, кейін сотталушыны
жауаптауды сұраймын.
Қорғаушы: Соттың қарауына беремін.
Төраға: Сот тергеуіндегі дәлелдемелерді зерттеуді сотталушыны жауаптаудан бастап, кейін
куәларды жауаптап, содан кейін жинақталған іс құжаттарын жариялаумен аяқтауды
бұйырамын.
ҚР ҚІЖК-нің 367-бабының талаптарына сай, сотталушы Каким Д тағылған айып және басқа да
жағдайлар бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ оның барлық айтқаны өзіне
қарсы пайдаланылуы мүмкіндігін ескертемін.
Сотталушы: мен сот тергеуінде жауап беруге келісемін.
Төраға: Сотталушы Каким Д жауаптау үшін сөз қорғаушы Шапағатова Асемге беріледі.
Қорғаушы: Өзіңізге тағылған айып бойынша айтып беріңізші
Сотталушы: Мені полиция қызметкерлері келіп автокөлігімнен күшпен шығарып, Ішкі Істер
Депатаментіне апарып ұрып-соғып бірдеме жаздыртты және соған қол қойдыртты.
Қорғаушы: Сізді не мақсатпен ұстады?
Сотталушы: Мені ұстап көлігіме тінту жүргізді, сосын көлігімнен есірткі табылды. Бірақ ол
менікі емес. Сосын мені Ішкі Істер Департаментіне апарып ұрып-соқты да, мойында деді.
Қорғаушы: Сіз есірткі затын көлігіңізде қалай пайда болғанын білесіз бе?
Сотталушы: Жоқ
Қорғаушы: Сізді ұстағаннан кейін кері жіберіп қойды ма?
Сотталушы: Мені ұстағасын ұрып-соқты, бір нәрселерге қол қойдырды.
Қорғаушы: Түсінікті, басқа сұрағым жоқ сот мырза
Төраға: Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға сұрақ қоюға рұқсат
Мемлекеттік айыптаушы: Есірткі заты көлігіңіздің қай жерінде болды?
Сотталушы: Артқы орындығының астынан табылды, оның қайдан келгенін білмедім
Мемлекеттік айыптаушы: Түсінікті, басқа сұрағымым жоқ сот мырза.Осы жерде құрметті сот
мына заттай дәлелдемені сізге бергім келеді.
Төраға:Қорғаушы заттай дәлеледемені іске тіркеуге қарсылығыңыз барма?
Қорғаушы: Жоқ,қарсы емеспін сот мырза.
Төраға:Хатшы көмектесіп жіберіңіз
Төраға:Хатшы осы заттай дәлелдеме іске тіркелсін.
Хатшы:Ия сот мырза
Төраға: Куәгерлерді тыңдауға кірісейік, куәгер Оңдағанов А. шақырыңыз.
Пристав: Куәгер Оңдағанов А.
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 355-бабының талаптарына сай, өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты
мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.
Куәгер Оңдағанов: Мен Оңдағанов А14 қазан 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келдім.
Тұрғылықты мекен-жайым Атырау қаласы Құрманғазы көшесі 19-1, жұмыс орным «Казпочта»
Төраға: Куәгер Оңдағанов А. іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен
міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және
көрінеу жалған айғақтар бергеніңіз үшін ҚР ҚІЖК-нің 370, 371-баптарында көзделген
қылмыстық жауаптылыққа тартыласыз. Сізге түсінікті ме?
Куәгер Абдрахманов Б.:Түсінікті
Төраға: сотқа тек шындықты айтуға ант етіңіз
Куәгер Оңдағанов А: тек шындықты шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін!
Төраға: алдыңыздағы құжатқа қол қойыңыз
Төраға: Тараптар жағы сұрақ коюға рұқсат
Мемлекеттік айыптаушы: Сот мырза менің бір екі сұрағым бар еді.
Төраға: рұқсат
Мемлекеттік айыптаушы: Сіз сотталушыны танисызба?
Куәгер Оңдағанов А: Жоқ таныс емеспін.
Мемлекеттік айыптаушы: Сіз 11 ақпан 2014 жылы неге куә болдыңыз?
Куәгер Оңдағанов А: Сол күні мен Каспий көшесімен кетіп бара жатыр едім Е 555 лексус
маркалі көлігінде есірткі сатып жатырғанын көрдім.Сол жерден ІІД-не хабарласып,көріп
тұрған жағдайды айтып бердім.Полиция қызметкерлері келгеннен кейін маған айғақ болуымды
сұрады,мен келісе кеттім.
Мемлекеттік айыптаушы: Сол кезде сотталушы Каким Д не айтты?
Куәгер Оңдағанов А: Бұл менікі емес деді.
Мемлекеттік айыптаушы: Түсінікті, басқа сұрағым жоқ сот мырза
Төраға: Пакетке салынған 2 дана есірткі заты жатқан жерді біреу көрсетті ме, әлде полиция
қызметкерлері тапты ма?
Куәгер Оңдағанов А: полиция қызметкерлері машинаны тінтіп, артқы орындықтың астынан
тапты
Төраға: Рахмет... қорғаушы, сұрақ қоюға рұқсат
Қорғаушы: Рахмет, сіз полоция қызметкерлеріне хабарласқан уақытта дәл сол көз алдыңызда
болып жатырған оқиғаны сол күйі баяндадыңыз солайма?
Куәгер Оңдағанов А: Ия
Қорғаушы: Сол жерде хаттама жасақталды ма?
Куәгер Оңдағанов А: Ия
Қорғаушы: Сіз сол хаттамаға қол қойдыңыз ба?
Куәгер Оңдағанов А: Ия қол қойдым
Қорғаушы: Есірткі затын кім алды көліктен?
Куәгер Оңдағанов А: Полиция қызметкері
Қорғаушы: Сол пакеттің ішін ашып көрсеттіме?
Куәгер Оңдағанов А: Ия көрсетті
Қорғаушы: Ол қандай уақытта болды?
Куәгер Оңдағанов А: Шамамен кешкі сағат 5-те
Қорғаушы: Басқа сұрағым жоқ, сот мырза.
Төраға: Басқа сұрақтар болмаса, куәгер отыра беруіңізге рұқсат
Төраға: Сот залына келесі куәгер шақырылсын!
Қорғаушы: Сот мырза, қорғау жағының куәсі ретінде Жұмағұлова Аружан жауаптау жөніндегі
өтінішімді білдіре отырып, куәгерімді шақыртуға рұқсат етіңіз.
Төраға: Мемлекеттік айыптаушы қарсылығыңыз бар ма?
Мемлекеттік айыптаушы: Жоқ, сот мырза, қарсы емеспін
Төраға: Куәгер Жұмағұлова Аружан шақырылысын
Пристав: Куәгер Жұмағұлова
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 355-бабының талаптарына сай, өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты
мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.
Куәгер Жұмағұлова Аружан: Мен Жұмағұлова Аружан 6 мамыр 1987 жылы Атырау
облысында дүниеге келдім. Тұрғылықты мекен-жайым Атырау қаласы Жұмыскер 19-2, жұмыс
жасамаймын
Төраға: Куәгер Жұмағұлова Аружан іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық
борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар
бергеніңіз үшін ҚР ҚІЖК-нің 370, 371-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа
тартыласыз. Сізге түсінікті ме?
КуәгерЖұмағұлова Аружан: Түсінікті
Төраға: сотқа тек шындықты айтуға ант етіңіз
Куәгер Жұмағұлова Аружан: тек шындықты шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін
Төраға: алдыңыздағы құжатқа қол қойыңыз
Тараптар жағы сұрақ қоюға рұқсат
Қорғаушы: Сіз Каким Д кім боласыз?
Куәгер Жұмағұлова Аружан :Біз бірге тұрамыз, мен оның туған ағасының жолдасымын.
Қорғаушы: Осы іс бойынша не айтасыз?
Куәгер Жұмағұлова Аружан: 2014 жылдың қараша айының басында мен үйге келгенде Каким
Д мамасы жылап отырды, мен одан не болды дегенде, ол полиция қызметкерлері хабарласып
дереу участкіге келіңіз дегенін айтты. Содан кейін біз бәріміз Атырау облыстық ІІД-не бардық,
бірақ бізді ішке кіргізген жоқ. Сосын шамамен 4 сағат өткеннен кейін полиция қызметкерлері
Каким Д алып шықты бетін ақ-ала шарфқа орап. Сол кезде мен Каким Д бетін неге шарфпен
орап қойған деп, Каким Д бетіндегі шарфты жұлып алып қарағанда оның беті мен құлағы қып-
қызыл болды. Сол кезде оны еріксіз емдеу мекемесіне алып бара жатырмыз деді.
Мемлекеттік айыптаушы: Кешіріңіз осы жерде сөзіңізді бөле кетсем
Төраға:мемлекеттік айыптаушы айта беруіңізге рұқсат!
Мемлекеттік айыптаушы: Сотталушы Каким Д №216 есірткі қабылдағанда адамның еріксіз
мінез-құлқының сараптама қорытындысына сәйкес есірткі қолданатыны анықталғыны жөнінде
қорытындыны сізге ұсынғым келеді.
Төраға: қорғаушы сұрағыңызды жалғастыра беруіңізге рұқсат!
Қорғаушы: Рахмет, менің басқа сұрағым жоқ, сот мырза.
Төраға: Мемлекеттік айыптаушы, куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?
Мемлекеттік айыптаушы: Ия, сот мырза, куәгерге сұрақ қоюға рұқсат етіңіз
Төраға: Рұқсат
Мемлекеттік айыптаушы: Сіз Каким Д қашаннан бері танисыз?
КуәгерЖұмағұлова Аружан : Мен оны 5-6 жылдан бері танимын
Мемлекеттік айыптаушы: Оны қалай сипаттап бере аласыз?
КуәгерЖұмағұлова Аружан: Ол ақкөңіл, жамандығы жоқ бала
Мемлекеттік айыптаушы: Оның қай жері қызарып тұрды?
КуәгерЖұмағұлова Аружан: Оның құлағының шеті қызарып тұрды.
Мемлекеттік айыптаушы:Оның құлағының шеті қалай қызарғанын білесізбе?
Куәгер Жұмағұлова Аружан:оны мойындату үшін полиция қызметкерлері соғуы мүмкін.
Куәгер Оңдағанов А:Кешіріңіз сот мырза осы жерде мен айта кеткім келеді полиция
қызметкерлері жәбір көрсетпегеніне куәлік етемін.
Сотталушы:Не деп тұрсын,жалған сөйлеме!Сот мырза оның айтқан сөзіне сенбеңіз ол жалған
сөйлеп тұр.
Куәгер Оңдағанов А: Мен көргенімді айтып тұрмын,ешқандай жалған сөйлеп тұрған жоқпын.
Төраға:Тыңышталыныздар!Тыныштық сақтауларыңызды сұраймын!Куәгер Оңдағанов А
орныңызға отыра беруіңізге рұқсат.
Мемлекеттік айыптаушы: сот мырза басқа сұрағым жоқ.
Төраға: Сіз үйден есірткі заты сияқты бір нәрселер көрдіңіз бе?
Куәгер Жұмағұлова Аружан: Жоқ
Төраға: Үйге біреу келіп Каким Д құпия сөйлескен жағдай болды ма?
Куәгер Жұмағұлова Аружан: Жоқ
Төраға: Сіз оның кіммен сөйлесіп жүргенін білесіз бе?
Куәгер Жұмағұлова Аружан: Ия, ол өзінің құрдастарымен сөйлеседі
Төраға: Рахмет, тараптар жағы куәгерге басқа қояр сұрақтарыңыз барма?
Мемлекеттік айыптаушы: Жоқ, құрметті сот
Қорғаушы: Жоқ, құрметті сот
Төраға: Басқа сұрақтар болмаса, куәгер отыра беріңіз
Мемлекеттік айыптаушы: Сот мырза, айыптау жағының куәсі ретінде Айыпқалиева Мерейді
жауаптау жөніндегі өтінішімді білдіре отырып, куәгерімді шақыртуға рұқсат етіңіз.
Төраға: Қорғаушы қарсылығыңызыз бар ма?
Қорғаушы: Жоқ, сот мырза, қарсы емеспін
Төраға: Куәгер шақырылысын
Пристав: Куәгер Айыпқалиева
Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 355-бабының талаптарына сай, өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты
мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.
Куәгер Айыпқалиева: Мен Айыпқалиева Мерей 18 қаңтар 1988 жылы Атырау облысында
дүниеге келдім. Тұрғылықты мекен-жайым Атырау қаласы Жұмыскер поселкесі 19-9, жұмыс
жасамаймын
Төраға: Куәгер Айыпқалиева іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен
міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергеніңіз
үшін ҚР ҚІЖК-нің 370, 371-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартыласыз.
Сізге түсінікті ме?
КуәгерАйыпқалиева: Түсінікті
Төраға: сотқа тек шындықты айтуға ант етіңіз
Куәгер Айыпқалиева: тек шындықты шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін
Төрраға: алдыңыздағы құжатқа қол қойыңыз
Тараптар жағы сұрақ қоюға рұқсат
Мемлекеттік айыптаушы: Сіз сотталушы Каким Д кім боласыз?
Куәгер Айыпқалиева: Көршісімін. 10 жыл бірге көрші боп келеміз
Мемлекеттік айыптаушы: Сіздің ойыңызша сотталушы Дінмұхаммед қандай адам?
Куәгер Айыпқалиева: Айналасындағы достары ішімдік ішеді, көрші деп сыйлауды білмейді,
үлкен деп сәлемде бермейді, күнде ішіп келіп төбелес шығарады. Үйіне келмейтін адам жоқ...
Сотталушы: Не деп тұрсыз?? Маған өтірік жала жаппа.Ондай қылықтарым жоқ.
Төраға: Сот залында тыныштық сақтайық!!!
Мемлекеттік айыптаушы: рахмет, басқа сұрағым жоқ
Төраға: Қорғаушы сұрақтарыңыз барма?
Қорғаушы: Жоқ сот мырза
Төраға: Басқа сұрақтар болмаса, куәгер отыра беріңіз
ҚР ҚІЖК-нің 362-бабына сай, іске қатысушылар сот жарыссөзінде тек қана сот тергеуінде
қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екенін ескертемін
Сөз кезегі мемлекеттік айыптаушы Қанатова Назеркеге беріледі
Мемлекеттік айыптаушы: Құрметті сот және сот отырысына қатысушылар!
Бүгін біз ҚР ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігімен айыпталып отырған сотталушы Каким Д қатысты
қылмыстық ісін қарап, басты сот тергеуін аяқтағалы отырмыз.
Сотталушының қылмыстық әрекеті ҚК-нің 297-бабының 3 бөлігімен дұрыс дәрежеленіп,
толықтай өз дәлелін тауып отыр. Сотталушы Каким Д өзіне тағылған айыпты толық
мойындамаса да оның кінәсі куәлардың жауаптарымен, бейнетаспаға жазылған тергеу
кезіндегі Каким Д сезікті ретінде берген жауаптарымен және басқа да іс құжаттарымен толық
өз дәлелін тауып отыр
ҚР ҚК-нің 53 және 54 баптарына сәйкес сотталушының жазасын жеңілдетуші мән-жайларды
қарастырмаймын, ал ауырлатушы мән-жай ретінде қылмыс жасап отырғанын ескеруді
сұраймын.
Жоғарыдағылардың негізінде сотталушы Каким Д ҚК-нің 297- бабының 3 бөлігімен айыпты
деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, мүлкін тәркілеп,
жазаны қатал режимдегі колонияда өтеуді белгілеуге сұраймын. Рахмет.
Төраға: Рахмет, түсінікті. Сотталушының мүддесін қорғау үшін жарыссөз Қорғаушы
Шапағатоваға беріледі
Құрметті сот, алдын ала тергеу органымен менің қарауымдағы Каким Д ҚР ҚК-нің 297-
бабының 3 бөлігімен айып тағылған. Көліктен табылған есірткі заттары бойынша сот
отырысында жауапталған куә Жұмағұлова Аружан сол кезде Каким Д басы шарфпен
оралғандығын айтты. Каким Д тергеу кезіндегі жауапты қысымшылықпен бердім дегені оның
жеңгесі Жұмағұлованың жауабымен дәлелденіп отыр. Сондықтан құрметті сот, сізден осы істі
дұрыс қарап, менің қорғауымдағы Каким Д тағылған айыптар бойынша ақтауды сұраймын.
Төраға: Рахмет. Сотталушы Каким Д сіздің айтар сөзіңіз бар ма?
Сотталушы Каким Д Құрметті сот мен өз кінәмді мойындаймын,есірткі пайдаланғаным және
сататыным рас.Жанадан бері мойындамаған себебім жазадан жалтардым,жазаны
жеңілдетуінізді сұраймын.
Хатшы: Тұрыңыздар! Сот мырза кеңесу бөлмесіне кетеді.
Сот Қазақстан Республикасының атынан Үкім етті
Каким Д ҚК-нің 297-бабы 3 бөлігінде көзделген қылмысты жасаған үшін айыпты деп танып, 10
жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, жеке басына қатысты мүлкін
тәркілеуге. түпкілікті жаза ретінде Каким Д 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру
жазасын тағайындауға, және жазаны қатал режимдегі колонияда өтеуді белгілеуге. Каким Д
бұртатпалау шарасын өзгеріссіз –қамауды ұстауды – қалдырып, мерзімнің басталуын 2014
жылдың қараша айының 30-нан есептеуге.
Айғақ заттар – Атырау қалалық ішкі істер басқармасының сақтау қоймасындағы салмағы 1 кг
есірткі зат – героинды жоюға, Каким Д жөнінде тергеу амалдары жазылған бейнатаспаны іспен
бірге сақтауға.
Үкімге 15 тәулік ішінде Атырау қалалық соты арқылы Атырау облыстық сотының
апелляциялық сот алқасына апеллияциялық шағым не наразылық келтіруге болады,
сотталғанға бұл мерзім үкімнің көшірмесін алған күннен бастап есептеледі.Отырыңыздыр!
Төраға: Сотталушы сізге түсініктіме?
Сотталушы: Ия
Бүгінгі қылмыстық іске байланысты сот отырысын жабық деп жариялаймын!!
Достарыңызбен бөлісу: |