Хеопс пирамидасы



Дата07.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#152117
Байланысты:
Хеопс пирамидасы

ХЕОПС ПИРАМИДАСЫ

  • SLIDES.KZ

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

  • Хеопс пирамидасы — дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі . Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3 - мыңжылдықтың 1 - жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған . Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене-пирамиданы “Хуфу көкжиегі” деп атаған . Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да , жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп , көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған . Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс пирамидасының архитектуралық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған.
  • Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен.

ТАРИХЫ

  • Алғашында пирамида биіктігі 146,6 м болған еді. Алайда, қазіргі кезде оның биіктігі 138,8 метр болып тұр. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым. Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы сұрақтар кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. Осыншалық алып пирамиданы адамның салуы мүмкін емес, деп күмәнданғандар да бар. Біреулері жындар салған болуы ықтимал десе, енді бірі Жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі дейді.

ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

  • Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған (2-сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай.

ХЕОПС ПИРАМИДАСЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚҰПИЯЛАР

  • Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда ішкі ауа жолдары мен камералар өте көп. Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы зерттелсе де, жұмбақ нәрселер әлі де жетерлік. Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы орналастырылған. Оның ұзындығы - 10,6 м, ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде және 5 шағын камера бар. Олар қабір камерасын басып тұрған салмақты жеңілдетеді және оны бұзылудан қорғайды. Камералардың аралығындағы гранит тақталарға Хуфудың өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған. Хуфудың мәйітіне арналған тас саркофагін камерадан шығарып әкету мүмкін емес, оның көлемі камераға кіретін есіктен үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын көрсетеді (6-сурет). Патша камерасына ауа ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы бағытынан келіп кіреді.

ПИРАМИДАНЫ НЕ ҮШІН САЛҒАН?

  • Ғажайып пирамиданы салдырған қандай күш? Әрине, осындай идеяны ең алдымен өмірге әкелген адамның өз рухы екені талассыз. Ал, адамның рухында мәңгілікке деген құштарлық бар. Ол - адамға Жаратушыдан берілген. Мәңгі дүниенің бар екендігінің нышаны осыдан білінеді. Яғни, өтпелі мынау дүниені емес, ақырсыз ақирет дүниесін адам өз рухынан тануына жол ашылған. Алайда, адамдар мәңгілікті бұ дүниеден іздеген. «Өлместің суы», «Қорқыттың көрі», «Самұрық құс»...осыдан шыққан. Перғауын секілді жарты әлемді билегендер де жанталасып, мәңгі жоғалып кетпеудің амалын іздеген. Бірақ, осындай рухтың иесі болған мәртебелі фараондар өзіне рух дарытқан Ұлы иесін тани алған ба? Рас, оны тани алғанда, мәңгілікке қалудың амалын бұл дүниеден шарқ ұрып іздемес еді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет