"ХХІ ғасырдағы педагогикалық мамандық"
Ұстаз- адамзатқа шуағын аямай төгетін «Күн» секілді. Оның жылулығында, мейірімділігінде, мінез көркемділігінде, ақыл-парасаттылығында шек жоқ. Мамандық атаулының ішіндегі ең асылы да, ең қасиеттісі де ұстаз болып саналады. Мектептегі ұстаз-оқушыны бағыттаушы,алға жетелейтін жол сілтеушісі. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Ұcтaз еciмi – ұлы еciм! Өз уaқытын aямaйтын,өзгенiң бaқытын aялaйтын ұcтaздық кәciп- өте қaрaпaйым болып көрiнгенмен, бaлaмен бaлaдaй тiл тaбыca бiлетiн мiнездi, қaйcaрлықты, қaжырлы еңбектi, жүректiлiктi, шығaрмaшыл дa теориялық жaғынaн бiлiмдi, iзденгiштiктi тaлaп ететiн және қaзiргi зaмaнның тiлiмен aйтcaқ қaғaзбacтылыққa шыдaй бiлетiн жaнның ici. Мектеп — бaлaлaрдың екiншi үйi болca, aл ұcтaздaр екiншi aнacы деcек те aртық етпейдi. Әр үйдiң еркелерiн бiр aрнaғa тоғыcтырып, олaрмен жұмыc жacaу оңaйғa cоқпaйды. Aлaйдa бaлaның тiлiн тaуып, тiлдеcу, жaқcы тәрбие берудiң өзi бiр үлкен ғaнибет. Заман талабына қарай қазіргі кезеңде ұстаздарға үлкен міндет артылған. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін ұстазға білім мен қоса сабырлы мінез қажет. Кез –келген адам мұғалім мамандығын алып шығуы мүмкін,бірақ нағыз ұстаз болу үшін үлкен еңбек пен төзім керектігін сезінемін.
Тәжірибе- ұстаздың нағыз біліктілігін арттырып, оның шығармашылық қабілеттері дамуының шарықтау шегі болып саналады. Мұғалім тәжірибе барысында балалармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, олардың қызығушылығына бейімдеп тәлім-тәрбие сіңіреді. Сондай тәжірибелердің арқасында балаларды тәрбиелеудің қызығы мен қиындығы қатар жүретінін, қандай жағдай болмасын оны жеңе білу керектігін және барлық жағдайда өзіңе ғана сенімді болу керектігін үйрене аламы. «Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады»,- деп дана халқымыз айтқандай, ұстазынан көрген тәлімді бала өз бойына сіңіріп алады. Менің де ұстаздық ұлы жолымның алғашқы баспалдағын өз тәжірибелерім арқылы бастап келемін. Сынып есігін ашып, балғындардың шат күлкімен бақытты жүзін көру, олардың білуге,жауап беруге асығып жарыса қол көтерулеріне куә болу мен үшін үлкен бақыт. Ұстаз – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Ұстаз тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Ұлы Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!» - деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Сонда ғана ұстаздың еңбегі еш кетпей, керісінше баланың айбынды азамат болып өсуіне септігін тигізеді. Тұғыры биік, қадірлі де қастерлі «ұстаз» атына лайықты мамандарымыз көп болуына тілектеспін!
Достарыңызбен бөлісу: |