Күні:
|
14. 04. 2017
|
Коучинг тaқырыбы:
|
Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы.
|
Жaлпы мaқcaт:
|
Педагогтардың кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұның жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Педагог ақпарат бере отырып оқыту ортасын құрады, бала бойында білім мен түсінікті қалыптастырады.
|
Қолдaнылaтын мaтериaлдaр:
|
Интертақта, слайдтар, маркер, стикерлер, тапсырмалар, ватман қағаздар
|
Дерек көздері:
|
Әдістемелік нұсқаулық, педагогтарға арналған нұсқаулық
|
Тaпcырмaлaр:
|
«Постер» жасау, «Сөздікпен жұмыс», «Тауып көр»
|
Ұйымдacтыру кезеңі
Уақыты
|
Коучтың оқу қызметі
|
Қатысушылардың іc-әрекеті
|
Психологиялық ахуал туғызу
(2 мин)
|
Сәлемдесу «Мен үш тілде амандаса аламын»
-Қайырлы күн!
-Добрый день!
- Good afternoon!
|
Қатысушылар шеңбер құра отырып,өз есімдерін айта отырып, үш тілде амандасады.
|
Топтастыру
(5 мин)
|
Әріптестерді үш тілде /қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі/ бойынша топқа бөлу.Жұлдызшаға қазақша , орысша , ағылшынша сөздер жазылған, таңдау арқылы топқа бөлінеді
|
Топқа бөлінеді.
|
Түйінді идеялар
(5 мин)
|
Тақырып бойынша білім деңгейін «Тілді үйренудің басты мақсаты неде? Неліктен үш тілді меңгеру қажет? деген сұрақтарға жауап жаздыру.
|
Педагогтар үлестірілген ақ қағазға тілдің үйренудің қажеттігін жазады.
|
Презентациялар таныстырылымы
(5 мин)
|
«Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы» таныстырылымы.
Презентациямен Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес,керсінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру екенін таныстырып өту.
|
Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.
|
Теориялық бөлім
Тапсырма: Талдау сұрақтары.
(20 мин)
|
І топ – "Қазақ тілі"
ІІ топ –"Орыс тілі"
ІІІ топ – "Ағылшын тілі"
“Өмір ағашы”
Тамыры- үш тілді меңгерудегі мақсаты мен мәні;
Діңгегі – үш тілді білу туралы пікіріңіз;
Бұтақтары – арман тілектеріңіз, менде болсын деген қасиеттіңіз;
Жемістері –орындалған арман мен тілектер
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады.Топ мүшелері ойларын қазақ, орыс тілінде және ағылшын тілінде жеткізеді
|
Топтар өздеріне Берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
|
Тапсырма: “Сөздікпен жұмыс”
(2 мин)
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Тіл
|
|
|
Ағаш
|
|
|
Арман
|
|
|
Жеміс
|
|
|
Алма
|
|
|
Оқушы
|
|
|
|
|
|
|
Тақтада орындайды, Хормен барлығы айтады.
|
Тапсырма:
(3 мин)
|
«Тауып көр»
Әр топқа ағылшын тілінде жазылған сөз беріледі, сол сөздердің суреттері ілінеді, сөздерді суреттердің қасына дұрыс орналастыруы керек. (Sea, flower, cat, car, rabbit, ball, toys, clock, money)
|
Жазылған сөздерді суретке жапсырады
|
Ой түйіндеу
(5 мин)
|
Қорыта айтқанда, қазақ тілін дамыту керек,орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Дегенмен де «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей өз тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмауымыз керек. Үш тілдік білім беру саясатының түп негізі мемлекетіміздің әрбір адамның дамуына ағылшын мен орыс тілі көмекші құрал ретінде қолданылады. Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Ол біздің барымыз, керек құндылықтарымыз. Әр азамат соны жан дүниесімен түсіне білу керек.
|
Өз ойларын айтады
|
Рефлекция
(3 мин)
|
«Менің алған әсерім»
Сөйлемді жалғастырыңыз.
• Маған коучингте ұнағаны............
• Бүгін әріптестермен.......... жайлы ой - бөлістік
• Мен бүгін................................... екенін түсіндім
|
Өз ой-пікірімен бөліседі.Жүрекшеге стикермен жапсырады
|