Массасы 6,2 г. фосфор жану үшін қанша моль оттек газы қажет болатынын есептеңдер?
Бақылау жұмысы №2. Атом құрылысы. Д.И. Менделеев жасаған химиялық эементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс. І-нұсқа
Берілген элементтермен қосылыстардың тотығу дәрежесін анықтаңдар.
Cl2, H2, H2O, NaCl, CO2, SiC, H2SO4.
Мына қосылыстар қандай химиялық байланысқа мысал болады?
HCl, HBr, H2, Cl2.
Егер а)элемент атомында 3 электрондық қабат болып, ең сыртында электрон саны 5 болса; б)элемент атомында 8 протон болса, қай элементтер жайлы сөз болғаны? Бұлар өзара әрекеттесе ме? Өзара қандай химиялық байланыс түзетінін тауып жаз.
Төмендегі реакция теңдеуін тотығу-тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.
Әр элементтермен қосылыстардың тотығу дәрежесін анықтаңдар.
C, Mg3N2, F2, H3PO4, CaCl2, SO2, O2.
F2, N2, H2O молекулаларының түзілу сызбанұсқасын жазыңдар, химиялық байланысын анықтаңдар.
Егер а) элемент атомында 3 электрондық қабат болып, ең сыртында электрон саны 1 болса; б) элемент атомында 17 протон болса, қай элементтер жайлы сөз болғаны? Бұлар өзара әрекеттесе ме? Өзара қандай химиялық байланыс түзетінін тауып жаз.
Төмендегі реакция теңдеуін тотығу-тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. а) Cl2+ KI=KCl+I2