Қазақстан тарихы 7 сынып
І тоқсан бойынша жиындық бағалауға арналған тапсырмалар
«Қазақ – Жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бақылау
I нұсқа
Оқу мақсаттары:
7.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру 7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру 7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
Бағалау критерийлері: Білім алушы
Бір ғана дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларын орындайды
Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастырады
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының жағдайы қандай болды, 5 дәйек келтіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 25 мин
№1 тапсырма: Бір ғана дұрыс жауабы бар тест тапсырмалар
1. Тәуке хан қай жылдары билік құрды
а) 1680 – 1718 жылдары ә) 1635 – 1680 жылдары
б) 1711 – 1718 жылдары в) 1715 – 1718 жылдары
2. «Олар өлімнен қорықпайды, жау қолына түскеннен гөрі қолына қару алып ақырғы демі шыққанша шайқасып өлгенді ерлік санайды» осы сөйлемде қай халықтың жауынгерлерін меңзеп тұр
а) қазақ жауынгерлері ә) жоңғар жауынгерлері
б) орыс әскерлері в) қытай жауынгерлері
3. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беру үшін қазақтар 1726 жылы қай жерде бас қосып Бүкілқазақтық құрылтай өткізді
а) Қарақұмда ә) Аңырақай жерінде
б) Шу өзені бойында в) Ордабасы тауында
4. Бұланты шайқасы қай жылы болды
а) 1726 жылы ә) 1727 жылы
в) 1730 жылы б) 1728 жылы
5. Қай оқиғадан кейін «Елім-ай» атты зарлы жыр дүниеге келді
а) Бұланты шайқасынан кейін ә) Аңырақай шайқасынан кейін
б) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама) в) Аягөз шайқасында
№2 тапсырма: Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыр
Жоңғарлардың Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын басып алуы
Батыр қонтайшының билік құруы
Қытай императоры Кансидің өлімі
Цеван-Ребтанның қазақ жеріне іскер аттандыруы
Біртұтас қазақ халық жасағының ұйымдастырылуы
№3 тапсырма: XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының жағдайы қандай болды? (қиын, дамыған, артта қалған). 5 дәйек келтіріңдер
1.
2.
3.
4.
5.
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
1
|
Білім алушы:
Бірғана дұрыс жауабы бар тест тапсырманы орындайды
|
5
|
2
|
Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастырады
|
5
|
3
|
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының жағдайы қандай болды, 5 дәйек келтіреді
|
5
|
Достарыңызбен бөлісу: |