І-ші мәселе бойынша сынып жетекші сөз алды: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен



Дата06.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161607
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Хаттама №2
24.11.2022 ж. сағат 18.00-де 11а-сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 21
Қатысқандар:11
Күн тәртібінде:

  1. «Біздің сыныптың жүрегі» тренинг

  2. І тоқсан білім сапасы

  3. ҰБТ сынағы

  4. Ағымдағы мәселелер

І-ші мәселе бойынша сынып жетекші сөз алды: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар. Бүгінгі «Оқу мен тәрбие егіз» атты 11а-сыныбының ата-аналар қош келдіңіздер! Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ. «Біздің топтың жүрегі».Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!


ІІ-ІІІ-ІҮ мәселе бойынша сынып жетекші сөз қозғады:
-Сыныпта 21 оқушы, 5 ұл.16 қыз бала.Бір «Алтын белгі» үміткеріміз бар,9 оқу екпіндіміз бар,сапа 43 пайыз көрсеткіш көрсетіп отырмыз.Екі сабақтан 3 ке шығып отырған оқушыларымыз бар,олар:Тұрсынбаева Мерей,Мұрат Жомарт.Осы оқушылардың үйден сабағын қадағалап отырсаңыздар, «4» деген бағаға шығуға жұмыстансақ деген ұсынысым бар.
-Үшінші мәселе бойынша ҰБТ жөнінде.Өздеріңіз білесіздер мектебімізде екі 11-сынып ашылған болатын. Бір сынып жаратылыстану бағытында, бір сынып гуманитарлық бағытта. Оқушылардың таңдап отырған мамандықтарына қатысты пәндер бойынша екі сыныпқа бөлінді. Менің сыныбымда, яғни қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныпта қазіргі таңда 21 оқушы (5ер бала, 16 қыз оқушы) білім алады.Сыныптың алдында үлкен сынақ ҰБТ-сынағы тұр.Сондықтан балаларыңыздың осы бастан дайындығын күшейтіңіздер.Сыныпта бір «Алтын белгі»үміткері бар,ол Ерланқызы Мөлдір,Мөлдірге матсаудан дайындықты күшейту керек.Дайындыққа барып жүрген оқушылар бар,олар өздерінің білім көрсеткіштерін көріп жүрген болар,дайындалмай жүрген оқушыларда бар,алайда ҰБТ тапсырамын деп отырған оқушылар дайындықты күшейту керек.
-Ағымдағы мәселе бойынша сынып жетекші :Ең алдымен тәртіп мәселесін қатаң айтқым келеді. Әл-Фараби айтқан «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы». Білімнен де ең маңыздысы- ол тәрбие. Мектеп тәртібі бәріне ортақ және барлық оқушылар қатаң сақтауы қажет. Оқушы тәрбие бір жақты емес, екі жақты қадағалау болуы қажет. Сонда ғана оқушы өзін-өзі реттей алады. Алдымен киім мәселесі қатаң сақталуы керек. Ертеңгі күні күн салқындаған уақытта форманың сыртынан қара немесе күрең көк түстес жемпір киюі керек. Балшық күндері екі аяқ кииімдері болуы тиіс. Спорттық аяқ киімдерін тек дене болатын сабақта ғана киюі керек. Ал сабақта классикалық үлгідегі аяқ киім кию қажет.Менің Оқушыларымның тәртібі жақсы, қиындық келтіретіндей бала жоқ. Саналы ересек оқушылар. Тәртіптерінен ең басты айтатыным қыздар мәселесі. Қыздарымды таңертең мектепке жіберерде шаштарын қадағалаңыздар аналар. Қыз баланың тып-тиянақты, жинақы болғаны дұрыс, өрілген шаш қыздың сәні емес пе? Осы мәселе бойынша үнемі қаперлеріңізде ұстаңыздар.
Жиналыстың келесі бөлімі сұрақ-жауап бөліміне арналды. Сынып жетекші ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Қаулы:


  • Әр оқушының білімі мен тәрбиесін үйден қадағалау әрбір ата-анаға жүктелсін, мектепте қадағалау, ата-анамен байланыс жасап отыру сынып жетекшіге жүктелсін.

  • ҰБТ ға дайындықтарын қадағалау ата-анаға жүктелсін,мектепте сынып жетекші мен пән мұғалімдеріне жүктелсін .

Жиналыс төрайымы: Манкеева Гүлзат
Хатшы: Н.Мешитбаева


«Біздің сыныптың ерекшелерімнің ата-аналары»




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет