І1І нұсқа Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз. Туризм



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.06.2022
өлшемі400,94 Kb.
#146067
  1   2   3
Байланысты:
3-нұсқа тапсырма ЖББМ



Негізгі орта мектеп курсы үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша 
тапсырмалар 
(жалпы білім беретін мектептерге арналған) 
І1І нұсқа 
 
 
Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз.
Туризм 

Қазақстан - Еуразияның орталығында орналасқан, шығыс пен батыс 


дәстүрлерін байланыстырған ел. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 
Қазақстан-тарихи мекен.Еліміздің ежелгі көне қалалары, археологиялық 
және тарихи ескерткіштері, бірегей табиғаты, ғажайып қорықтары, емдік су 
көздері туристерді қызықтырады. Қазақстанда 9000-нан астам археологиялық 
және тарихи ескерткіштер, 100-ден астам ерекше қорғалатын табиғи 
аймақтар бар. Ал бұл елімізде туризмнің сәтті дамуының кепілі десе 
болады. 
1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға 
мүше болып кірді. Қазақстанда қазір туризмнің дамуына үлкен мән беріледі. 
Соңғы кездері әлем бойынша елімізге келетін туристер саны өсіп келеді. 
Бұл еліміздің дүние жүзіне таныла бастағанының белгісі. 
Қазақстанның шығысы - туристерді қызықтыратын өңірлердің бірі. 
Туристердің жиі баратын жерлеріне Марқакөл қорығы, Катон-Қарағай 
ұлттық табиғи саябағы, Алакөл жатады.
Шығыс аймағыныңың інжу-маржаны болып саналатын орындардың 
бірі - Марқакөл ұлттық қорығы. Марқакөл қорығының негізгі көркі - 
Марқакөл көлі.Марқакөл – Алтайдың ең үкен көлдерінің бірі болып 
табылады. Оның ұзындығы – 38 шақырым, ені – 19 шақырым. Көлдің көлемі 
455 шаршы шақырым. Марқакөл суының ерекшелігі оның жұмсақтығы мен 
тұщылығында. Көлдің басты байлығы өте сирек кездесетін майқан балығы. 
Бұл балық біздің елде тек Марқакөлде ғана кездеседі. Бұл өңірдің өсімдік 
және жануарлар әлемі де өте бай және. Марқакөл қорығында Қазақстандық 
Қызыл кітапқа енгізілген көптеген жануарлар бар. 
Туристердің назарын өзіне жиі аударатын жердің бірі- Катон-Қарағай 
ұлттық табиғи саябағы. Катон-Қарағайдың қар басқан тау шыңдары, ну 
орманы мен шалқар көлдері, мөлдір бұлақтары мен өзендері, су құламалары , 
аң мен құсы, көрікті келбеті кез келген жанды тамсандырмай қоймайды. 
Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Мұзтау да, құпияға толы Берел 
қорымдары да осында. Берел қорымдары –әлемдік деңгейдегі ескерткіш. 
Катон-Қарағайдың табиғи байлықтарының бірі - шипалы жылы суы бар
Рахман көздері. 
Туризмді дамытуға болатын орындардың бірі Алакөл деуге болады. 
Алакөл -Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі, емдік қасиеті өте мол 
ағынсыз су қоймасы.Көл суы минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, 
химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы 


медицинада дәлелденген.Тарихи деректерде Алакөл маңынан Ұлы Жібек 
жолы керуені жүріп өткені айтылады.Алыс жолдан келген саяхатшылар 
жағалауда 
демалып, 
көл 
суынан 
нәр 
алған 
екен. 
Бүгінде Қазақстанда туризмнің барлық түрі дамып келеді.Туризмнің 
дамуы ел экономикасына оң әсерін тигізтіні сөзсіз. Туризмнен түскен табыс 
ел бюджетіне қомақты қаржы қосады. Сонымен қатар бизнес, көлік, қонақ 
үй , тамақтану салаларының дамуына да әсер етеді. (347 сөз) 
 
 
 
Мектептің
Мөртабаны/штамп
 

« » сынып оқушысы 
 
(аты-жөні-ілік септігінде) 
негізгі орта мектеп курсы бойынша 
қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша
емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін 
бойынша тапсырмаларды орындау) 
жұмысы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет