Құқыққа қатысу Ахметова Мадина Баранбай Айнұр Жоспар - Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
- Қылмысқа қатысушылардың түрлері.
- Қылмысқа қатысушылардың жауапкершіліктері.
Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері - Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор.
- Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. - Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
- Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды.
Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. - Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі.
- Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Қылмысқа
қатысушылардың түрлері
Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам.
Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады.
Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Қылмысқа
қатысушылардың түрлері
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылды. Көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
- Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді.
- Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі.
- Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |