ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН 1841 - 1889 - Аса көрнекті педагог, ағартушы, талантты ақын, балалар жазушысы.
- Ы. Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған.Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі.
- 1850 жылы Ыбырайды атасы қазақ балаларына арналған мектепке берді. Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады.
- Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді.
1879 жылы Орынборда жарық көрген “Қазақ хрестоматиясы” кітабының мұқабасы. - 1879 жылы Орынборда жарық көрген “Қазақ хрестоматиясы” кітабының мұқабасы.
- Хрестоматия балаларға арналған өлеңдер және шағын әңгіме-новелалардан құрастырылды
- “Қазақ хрестоматиясы” арқалы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді.Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.
КЕЛ БАЛАЛАР ОҚЫЛЫҚ! - Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады.
- Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер жазды. мысалы:
- КЕЛ БАЛАЛАР ОҚЫЛЫҚ!(үзінді)
- Бір Аллаға сыйынып,
- Кел, балалар оқылық,
- Оқығанды көңілге
- Ықыласпен тоқылық.
- Мал даулеттің байлығы
- Бір жұтасаң жоқ болар
- Күннен-күнге көп болар,
- Еш жұтамақ жоқ болар.
- Кел, балалар оқылық,
- Оқығанды көңілге
- Ықыласпен тоқылық.
- Әлпештеген ата-ана
- Қартаятын күн болар.
- Қартайғанда жабығып,
- Мал таятын күн болар.
- Ата-енең қартайса –
- Тіреу болар бұл оқу,
- Қартайғанда мал тайса,
- Сүйеу болар бұл оқу.
- Қостанай қаласында орналақан ескірткіші
- Қостанай қаласында Ы.Алтынсариннің мұражайы
Тәуелді септеу үлгісі | | | | - Атау
- Ілік
- Барыс
- Табыс
- Жатыс
- Шығыс
- Көмектес
| - Ата+м
- Атам+ның
- Атам+а
- Атам+ды
- Атам+да
- Атам+нан
- Атам+мен
| - Әже+м
- Әжем+нің
- Әже+ме
- Әжем+ді
- Әжем+де
- Әжем+нен
- Әжем+мен
| | - Атау
- Ілік
- Барыс
- Табыс
- Жатыс
- Шығыс
- Көмектес
| - Ата+ң
- Атаң+ның
- Атаң+а
- Атаң+ды
- Атаң+да
- Атаң+нан
- Атаң+мен
| - Әже+ң
- Әжең+нің
- Әжең+е
- Әжең+ді
- Әжең+де
- Әжең+нен
- Әжең+мен
| | - Атау
- Ілік
- Барыс
- Табыс
- Жатыс
- Шығыс
- Көмектес
| - Ата+сы
- Атасы+ның
- Атасы+на
- Атасы+н
- Атасы+нда
- Атасы+нан
- Атасы+мен
| - Әже+сі
- Әжесі+нің
- Әжесі+не
- Әжесі+н
- Әжесі+нде
- Әжесі+нен
- Әжесі+мен
| - -
- -
- -на\-не
- -н
- -нда\нде
- -
- -
| Төмендегі сөздерді тәуелдеп септеңдер: - Ақын -
- Жазушы -
- Әке -
- Мектеп -
- Тіл -
- Хрестоматия -
- Мұқаба -
- Халық -
- Мұра -
- Сана -
Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойыңыз: - Ол қазақ балалары .......... мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды.
- Ол қыздар ....... де мектептер ашты.
- Ы. Алтынсариннің қай шығармасын алсаң .... тек жақсылыққа шақырады.
- Ы. Алтынсарин ... педагог, ... ақын, ... жазушы.
Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойға деген қуанышын, сенушілігін, қорытындысын білдіретін грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. Модаль сөздер 2 топқа бөлінеді: - Сенушілікті, мақұлдауды, мойындауды білдіретін модаль сөздер:
| - Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіретін модаль сөздер:
| - -рас
- -шынында
- -әлбетте
- -керек
- -әрине
| - -мүмкін
- -шығар
- -екен
- -тәрізді
- -болар
- -тиіс
| Көп нүктенің орнына тиісті модаль сөзді қойыңыз: - ............., Ы.Алтынсарин бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады.
- ............., оның “Кел, балалар, оқылық” деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі.
- Ы.Алтынсарин ......... ұлы ұстаз ....... жоқ ........
- Ы.Алтынсарин есімі ұлт санасында мәңгі сақталуы .........
Достарыңызбен бөлісу: |