Қыдырған қатынмен кетсін



Дата18.02.2023
өлшемі26,29 Kb.
#169232
Байланысты:
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР


Қыдырған қатынмен кетсін...

Бірде сол Байсерке жігіттерімен жолаушылап келе жатып бір ауылға бұрылады. Ауылдың шет жағын ала көк сазда бір-біріне жалғастырыла тігілен үлкен ақ үйдің сыртында керілген ұзын желіде қырық шамалы құлынның байлаулы жатқанын көріп, сол үйдің алдына келеді. Далаға шыккан үй иесі жолаушылардың әнін салқындау қабылдап, мән-жайға түсінгеннен кейін: "Әйелім көрші ауылға қыдырып кетіп еді, Сіздерге сусын сапырып беретін кісі жоқ", - дейді міз бақпастан.


Жолаушылар байдың сараң екенін сезіп аттың басын бұрып алып ауылдан ұзай береді. Бұл жайдың бәрін естіген бір кедей атқа міне шауып, жолаушыларды куып жетеді де: "Қуыс үйден құр шықпа" деген емес пе, ауылдың үстіне келдіңіздер, ас ауыз тиіңіздер", - деп, оларды үйіне әкеледі. Сусындары қанған Байсерке дастарқан жиярда бата береді: Бес биенің қымызы, Бес дуан елге жетсін, Қырық биенің қымызы, Қыдырған қатынмен кетсін, - аумин! - депті. Бұл батаны әлгі сараң бай есітіп артынан шапса, Байсерке оған қайырылып қарамапты.


Көздің көрмесі бола ма?

Бірде Жанқұтты шешен аға сұлтан Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүрген шешен би аланы қасына отырғызып оған бірнеше сұрақ қояды:


- Шырағым, дүние неге сүйенеді?
Абай:
- Дүние үмітке сүйенеді.
Жанқұтты:
- Көздің көрмесі бола ма?
Абай:
- Көз қабағын көрмейді.
Жанқұтты:
- Шам жарығының түспесі бола ма?
Абай:
- Шам жарығы түбіне түспейді.
Жанқұтты:
- Болат пышақтың кеспесі бола ма?
Абай:
- Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді.
Жанқұтты:
- Тамағына тартпайтын махлұқат бола ма?
Абай:
- Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды.
Абай жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруін сұрапты. Сонда Абай:
- Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,
Талпынған мен балапан үядағы.
Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,
Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.
Көз көруі жетпейді қабағына,
Шам жарығы түспейді табанына,
Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,
Мақлұкат тарпай қоймас тамағына,
- депті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет