Ылау тапсырмалары



Дата22.10.2023
өлшемі340,8 Kb.
#187359
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
1 аралық бақылау
Таб

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

1


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Орындаған: Шәріпхан Парзина
Тексерген: Набуова Роза Абдрахмановна

2022-2023жж
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

  • «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 модуль идеяларын сабақ үдерісінде қолданудың тиімділігі неде?» аргументті эссе

  • Сын тұрғысынан ойлау модуліне сәйкес 5-7 әдістер тізбесін жасау және «Екі жақты түсіндірме»: Қай әдіс ұнады? Несімен ұнады?. кестесіне сала отырып, талдау жасау.


Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру курсының бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына жеті модульді қамтыған:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы
Менің ойымша әр педагог осы модульдерді қолдана отырып жас ұрпақпен бірлесіп сабақ өтсе, көптеген жетістіктерге жететін едік. Тек ғана сабақ оқыту ғана емес, тәжірибе алмасып бір біріміен білімдерін алмастырып білмегендерін бірінен бірі үйренудің өзі болашаққа үлкен жол ашып берер еді. Мен практика барысында осы модульдердің бірнешеуін қолданып үлгердім.Мысалы, төртінші модуль білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. Сабақ өту барысында слайд көрстеу және сабақты қорытуда интертақташа арқылы түрлі ойын арқылы өткізу бастауыш сынып балаларына өте қызықты және түсінікті болды. Бірақ Қазақстанның дамып жатқан уақытында елімізде барлық мектептерде сондай мүмкіншілік болғанын қалар едім. Барлық бала бірдей білім алып, Қазақстанымызды одан сайын әлемге танытып көркейтер еді. Талантты және дарынды балаларды оқыту.Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет