Ілім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны



Дата25.08.2017
өлшемі173,14 Kb.
#27271
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Халыққа білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.

2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекше-ліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.

3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.

Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Психопрофилактикалық жұмыс

Бұл бағыттың міндеттері педагогтар мен балалардың психологиялық білімге деген мұқтаждықтарын дамыту қажеттілігімен анықталады, оларды баламен жұмыстанған кезде немесе өзінің жеке дамуына ерекше мән бергенде қолдануға болады, әр жас ерекшелік кезеңінде баланың толық психикалық жетілуі үшін жағдай жасалуы керек, жеке тұлғаның және интеллектінің қалыптасу кезінде болатын өзгерістерді уақтылы ескертуі керек.

Психопрофилактикалық жұмыс баланың, жасөспірімнің жеке ерекшеліктерінің дамуына әсер ететін педагогикалық ұжым мүшелерімен, ата-аналармен және басқа да ересек адамдармен жүргізіліп тұруы керек.

Психопрофилактикалық бағыт бойынша психологиялық қызметтің қызметкерлері келесі нақты шараларды жүзеге асырады:

1.Балалардың балабақшаға үйренуі бойынша жұмыстар жүргізіледі; үйрену кезеңінде балаға көмектесу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес беріледі.

2.Баланы ересектер тобынан мектепте оқуға әзірлеу жоспары бойынша даярлық тобына (5 жасында) ауыстырған кезде балаларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі; ата-аналар мен тәрбиешілерге алдағы жылда баланың құрбыларынан қалып қоюын болдырмау мақсатында және мектепке әзірліктегі қателіктерді жою мақсатында балаларға тапсырма беру әдістері ұсынылады.

3.Балаларды бірінші класқа қабылдауға қатысады, алдын-ала балалардың психикасындағы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау және оларды түзету мақсатында зерттейді, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтайды; мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен жүргізілетін тапсырмалар әдістерін ұсынады; мұғалімдермен бірге баланың мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге балалардың жеке жұмыстар бағдарламасы белгіленеді.

4. Балалар бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкенде және негізгі мектептен жалпы білім беретін орта мектепке және кәсіптік мектепке көшкенде психологиялық зерттеулер жүргізіледі, ол психологиялық зерттеулер арқылы оқушының жаңа кезеңде оқуға даярлығын ескере отырып, балалармен жеке жұмыс бағдарламасын мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп белгілейді.

5. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты жұмыстар жүргізіледі.

6. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу және мінез-құлық ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.

7.Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:

-педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек – ересек);

-педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді (ересек – бала);

-кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге кеңестер береді.

8. Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты түсіріп және оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби қызметінің қарым-қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін тигізеді.

9. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының өзекті мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген және өткізілген шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау жүргізеді.



Психодиагностикалық жұмыс

Бұл бағыт мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың барлық кезеңі бойынша баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, жеке ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтайтын психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Диагностикалық жұмыс жеке баламен және балалар тобымен жүргізіледі.

Психодиагностикалық бағыт бойынша психологиялық қызмет қыз-меткерлері келесі нақты міндеттерді шешеді:

1.Баланың психикалық даму барысын, оның жас ерекшелік нормативтеріне сәйкес келуін анықтау мақсатында баламен қажет болған жағдайда психологиялық зерттеулер жүргізіледі.

2.Тәрбие жұмысының барысында кәсіби және жеке өз-өзін анықтауда көмек ретінде, жеке ықпал етуді қамтамасыз ету мақсатында балалардың ерекшелігін, олардың қызығушылығын, қабілеттерін, бейімділіктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі;

3.Балалардың үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас диагностикасын жүргізеді және қарым-қатынастың бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды.

4.Саласы сәйкес келетін мамандармен бірігіп, психикалық дамудағы әртүрлі ауытқулардың саралау (дифференциалдық) диагностикасын жүзеге асырады:

а)көбінесе медициналық және дефектологиялық жаратылысы бар бұзылуларды анықтау бағытында; ә) айқын көрініп тұрған әлеуметтік дөрекі мінез-құлық (қаңғыбастық, ұрлық, алкоголь мен токсикомания, наркомания, жыныстық бұзылу ж/е т.б.) себептерін және түрлерін анықтау мақсатында жұмыстанады.


Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез-құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психодиагностика барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

1.Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, пси-хикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырады.

2.Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.

3.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарының бағ-дарламасына психологиялық және педагогикалық бөлімдер кірістіріледі. Психолог психологиялық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педа-гогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.

4.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша өткізуге болады:

-жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;

-балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;

-тәрбиелік іс-шаралар бағытында;

-баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.

Ауытқулар мен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе пси-хологиялық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары жүзеге асады және саралау (дифференциальдық) диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік-тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологиялық, дефектологиялық жақтары немесе ашық заң бұзу ерекшелігі байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы маман-дармен тартылады.


Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:

1.Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.

4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

5.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Психологиялық қызметке байланысты негізгі ұғымдар:

Колледждегі психология қызмет-әрбір баланың толыққанды психологиялық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала

Психология- психиканың заңдылықтарын психикалық құбыластарды,үрдістерді, қалыптарды, индивидтің даму жолын және оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психика – жоғары дәрежеде құрылған бас миының мінез-құлықпен іс-әрекетті қамтамасыз ету қабілеті.

Психодиогностика – тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауды өзінің мақсаты етіп қойған психология саласы.

Психодиогностикалық әдіс-психологияның зерттеу әдісі. П.ә. негізгі ерекшелігі (сипаттау мен эксперименттен ерекшелігі)- оның өлшеу және сынауға бағытталғандығы, соның негізінде зерттеуші құбылыстың сандық және сапалық квалификациясы анықталады.

Психодиогностикалық зерттеу- жұмыс негізі психологиялық диогнос болып табылатын, психолог жұмысының бір түрі. П.з. негізгі сатылары: зерттеу мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).

Әлеуметтену- қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибені индивидтің меңгеруі және белсенді қайта жаңғырту үрдісі мен нәтижесі.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы- қандай-да бір мәселе туындаған жағдайда өзіндік позицияның туындауы мен қалыптасуы. Ерекше түрлеріне ұжымдық және кәсіби т.ө.-ө.а. жатады.

Психологтың кәсіби этикасы-психологтың өз іс-әрекетінде коллегаларымен, ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

Оқуды игеру (обучаемость)-оқу үрдісінде адамның білімді, білікті және дағдыларды игеруінің жылдамдығы мен сапасының жеке өзіндік көрсеткіші.

Ақыл-ой (интеллект)- индивидтің ақыл-ой қабілеттері құрылымының саоыстырмалы түрдегі тұрақтылығы. Ақыл-ой мазмұндық құрылымы

және оның өлшем құралдарының қолданылуы индивидтің тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс, саясат ж.т.б.) сипатына тәуелді.



Жас ерекшелік дағдарылыстары-шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенез ерекше кезеңі. Неротикалық немесе травматикалық типтерге қарағанда, Ж.е.д. тұлғалық дамудың қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс болып табылады.

Тұлға аралық қарым-қатынас- адамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді.

Девианттық мінез-құлық (ауытқу)-қоғамда қалыптасқан құқықтық және адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін әрекеттер. Д.м.қ. негізгі түрлері-құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын торальға қайшы мінез-құлық.

Делинквент (құқық бұзушы)- кейбір шектен тыс жағдайда іс-әрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін, мінез-құлқында ауытқуы бар субьект.

«1»

Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар- баланың психикалық дамуындағы сенсорлық ақаулардың (саңыраулық, нашар есту, соқырлық, нашар көрушілік), орталық жүйке жүйесі жарақаттануының (ақыл-естің кемістігі, дамудың тежелуі, қозғалыстың бұзылуы, сөйлеудің күрделі кемістігі) салдарынан болған нормадан ауытқушылық.

Педагогикалық психология-педагогикалық үрдістің психикалық құбылыстары мен заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Жеке даралық-тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және қайталанбас көріністері.

Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.

Қарым-қатынас психологиясы-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын психологиялық ғылым саласы (іскер,дипломатиялық, ұжымдық, жанұя, қызметттік ж.т.б.)

Психологиялық түзету- тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы.

Әлеуметтік сұраныс-білім беру мекемесі әкімшілігінің, ата-ананың, педагогтардың, тәрбие мәселелері бойынша жұмыс істейтін басқа да мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған психолог жоспарынан тыс іс-шара.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтаныр ұйымдастыру.

Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы талаптарды орындау психологтың кәсіби біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Басты талаптар:


  • балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау;

  • бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесе отыра арнаулы бағдарламалар жасау;

  • оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу;

  • үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу;

  • оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-қатынас бірлігін орнату;

  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың

психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер

беру.
Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары:



  1. Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға құқылы.

  2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.

  3. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы.

  4. Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.

  5. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы.

  6. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы.

  7. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы.

  8. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.



Мектептегі психологиялық қызметті жүргізудің негізгі бағыттары

І. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отыра, олардың психологиялық сауатын

көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.

Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:


  1. Балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес,зейін,ерік,ойлау,сөйлеу, қабылдау т.б.)

  2. Бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру.

  3. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеумен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау.

  4. Оқушылардың әрбір психикалық процестерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру.

  5. Арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау.

  6. Интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

  7. Оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу.

  8. Педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру,

ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді

байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.



Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін:

  1. Сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:

  • дарынды оқушылар;

  • озат оқушылар;

  • үлгермеуші оқушылар;

  • «қиын» оқушы мәселесі;

  1. Сабақтарға қатысады:

  • оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;

  • оқушылардың психикалық процестеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;

  • мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында;

  1. Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:

  • мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;

  • педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;

  • ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;

  • оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  1. Мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;

Психопрофилактикалық жұмыс түрлері:

  1. Психологиялық сауаттандыру;

  2. Психологиялық консультация;

  3. Педагогикалық-психологиялық консилиум;


ІІ. Психодиагностикалық жұмыстар-ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық процестерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдістемелерін қолдана отыра анықтайды.

Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психолгы мынадай мақсатта жүргізе алады:



    1. Оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме?

    2. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;

    3. Балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;

    4. Оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.

Адамды тәрбипелеудегі ең басты өзекті мәселе-оның ішкі жан-дүниесін терең зерттеу. Себебі, ұстаз адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, сол адамды барлық жағынан білуі шарт екенін ешқашан естен шығармау қажет.

Адамды зерттеу-ол бір күндік жұмыс емес, ол ұзақ және күрделі процесс. Мектепте оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізу- мектеп психологының әрбір пән мұғалімінің, сынып жетекшілерінің міндеті.




ІІІ. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары: Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:

  1. Жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек.

  2. Психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды.

  3. Әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды.

  4. Шұғыл шара алатындай жанұя жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.

  5. Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, мектеп мұғалімдер мен дәрігермен бірлесіп жүргізілуі керек.

Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру,

иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар

беріледі.

Сабаққа психологиялық талдау жасау жүйесі
І. Сабақтың құрылымы.

1. Тақырыбы, мақсаты.

2. Сабақтың құрылымы және оның маңызы.
ІІ. Сабақтың мазмұнына психологиялық баға беру.


  1. Оқу материалының сапасы (берілген материал сол жастағы баланың қабылдауына сәйкес келе ме, келмей ме деген мәселелер жөнінде)

  2. Мұғалімнің оқу материалын оқушыға жеткізу түрлері (ауызша баяндау, мысалдар келтіру, салыстыру, көрнекілікті, өмірмен байланыстыру түрінде)

  3. Сабақтың тәрбиелік мәні (адамгершілік, эстетикалық, имандылық) және мұғалімнің сол тәрбие түрлерін ұйымдастыруы.



ІІІ. Таным процестері және оны қалыптастыру.

  1. Оқушылардың сабақ үстіндегі зейіннің түрлері. Мұғалімнің, оқушылардың зейінді болуын талап етуі, нақты тапсырмаға мән беруі, көрнекі құралдарды пайдаланып, еріксіз зейінін тудыруы. Зейіннің тұрақтылығын қамтамасыз етуі. Оқушылардың өзін күштеп зейінді және зейінсіз отырғандардың саны. Бір жұмыстан екінші жұмысқа зейінін аударуы.

  2. Оқушылардың қабылдауын тудыруда басты обьект болған нәрселер (мұғалімнің сөзі, оқу материалы, көрнекі құралдар). Оқу материалдарын қабылдаудың сапасы.

  3. Оқушылардың сабақ материалдарын есінде қалдыруына қолданатын тәсілдерде қандай ес түрлері маңызды орын алды (көрнекі-бейнелі, сөздік-мағыналы, эмоциялық, механикалық, мағыналы). Мұғалім сабақты жақсы есте қалдыру үшін қандай әдістер қолданды. Сабақта қай оқушыда ес процестерінің қандай түрі басым болды (есте сақтау, тану, қайта жаңғырту, ұмыту).

«3»

  1. Ойлау белсенділігі: сабақта мұғалім ғылыми түсінікті қалай қалыптастырады, көрнекілікті қалай пайдаланады. Оның жауабында ұғымдылықтың, тауып айтудың қандай түрлерін кездестіреді? Оқушының сөйлеу жүйесі яғни, логикалық ойлаудың құрылуы және оның ерекшеліктері. Олардың тиісті мазмұннан қорытынды жасай алуы (дедукция, индукция, жорамал).

  2. Творчестволық қиялының жүзеге асуы.

  3. Оқушының жас ерекшеліктері сабақта ескерілді ме?


ІY. Мұғалімнің сабақтағы оқушымен қарым-қатынасы.

  1. Сабақтың қай кезеңінде (үйге берілген тапсырманы тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту), мұғалім оқушыларды қаншалықты дәрежеде оқу процесіне жұмылдырды (қай кезге көп көңіл бөлді).

  2. Мұғалім зейіннің қамту және таралу обьектілері:

а) сынып оқушыларына назар аудару

ә) баяндап тұрған оқу материалдарының мазмұнына көңіл бөлу

б) сабақтың аяқталуына қанша уақыттың қалғанын аңдау

3. Мұғалімнің қойған бағасын оқушылар қалай қабылдады?



4. Үйге берілген тапсырманы қалай орындау керектігі жөніндегі берген нұсқаулары.
Y. Мұғалімнің сабақтағы тәрбиелік ролі.

  1. Мұғалімнің жеке басының тәрбиелік деңгейі мен сипаты: сыртқы келбеті, дауысы, оқушылармен қарым-қатынасы. Оқушының оған деген көзқарасы. Сабақтың эмоциялық ахуалы. Сыныптағы психологиялық көңіл күй.

  2. Сабақ кезіндегі мұғалімнің талабы, оқушылардың еріктілік, моральдық сапаларын қалыптастыруы (оның жауабынан, сөзінен, тәртібінен көрінуі).

  3. Сабақтағы әдіс-тәсілдердің тәрбиелік мәні.

  4. Мұғалім сабақта тыңдауды, жазуды, кітаппен жұмысты, өзін-өзі бақылауды, есеп шешу жолдарын т.б. қалай ұйымдастырды.


YІ. Қорытынды.

Сабақ мақсатына жетті ме? Қандай психологиялық көрсеткіш арқылы білуге болады (ұғымды меңгеруі, зейінінін, қызығушылығын, эмоциясының т.б дамуы). Баланың психикасының дамуындағы сабақтың маңызы.
Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oysywuou
oysywuou -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
oysywuou -> «Көптілді оқытуды дамыту»
oysywuou -> Сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық
oysywuou -> «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы Мектепте инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері Жалпы мақсаты
igguggim -> Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Сабақтың мақсаты
igguggim -> Мазмұнға байланысты міндеттер: а білімдік
oysywuou -> Бағдарламасы «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру»
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет