Имам Ғаззалидің ағартушылық көзқарастары



Дата01.08.2020
өлшемі16,39 Kb.
#75961
Байланысты:
Имам Ғаззали
shpora ent po matematike

Имам Ғаззалидің ағартушылық көзқарастары

Имам Ғаззали өз дәуірінде үлкен бір Ислам медресесінде ұстаз болып қызмет еткендіктен ағартушылық мәселесін теория және практикалық тұрғыдан жүзеге асырғандықтан ағартушылық саласында өзіндік пікірін қалыптастырған ұлы ғалым. Дүниеде көп жағдайлар орын алады, көптеген ғаламдардың ілімімен амалы арасында үйлесімдік орын алмай жатады. Сол үшін ағартушылық саласында ілім және амал тұрғысынан үйлесімді болған ғалымдармен тек ілім тұрғысынан жетілген ғалым арасында үлкен парық бар.

Имам Ғазали ағартушылық саласы жайлы «Ихия Улуумиддин» атты еңбегінің «Китабул- илм» бөлімінде кеңінен қолға алған және ілімдерге қатысты «Фатихатул- улуум» атты арнайы еңбек жазып қалдырған. Біз бұл мақаламызда «Ихия Улуумуддиннің Китабул- илм» бөлімін пайдалана отырып Имам Ғаззалидің ағартушылық көзқарастарына шолу жасауды мақсат етудеміз.

1. Шәкірт: Имам Ғаззалидің шәкірт жайлы ойлары; Ілім, жүректің ғибадаты және Алла Тағалаға жақындатушы құрал болғандықтан, іліп талап етуге жүректі жаман ахлақлардан тазартып бастау керек. Өйткені сыртқы тазалық (дәрет) болмаған жағдайда намаз дұрыс болмағаны секілді, жаман ахлақтан тазармай жүректің де ғибадаты дұрыс болмайды. Ілім талап етуде көңіл тыныштығы маңызды болғандықтан шер жерлерге сапар шегіп оқу, дінде бақытты және дүниелік істерде кәміл дәрежеге жеткен ұстазды тақпанда толығымен өзін сол ұстазға тапсыру қажет. Сондай-ақ діні және дүниесі үшін пайдалы әр ілімнен керекті мөлшерде саты сатымен үйрену тиіс. Егерде әр пәнді үйренуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзінің қабылетіне сай бір ілімді толық меңгеру қажет. Бұған қоса шәкіртте пайда болған қателікті сол пәннің ілімінен көрмеу керек. Үйренетін ілімнің артықшылығы не екенін (дүниелік және ақыреттік тұрғыдан) біліп, дүниелік үшін емес жүректі кемелдендіретінін үйренуге ниет етуі тиіс.

2. Ұстаз: Имам Ғаззалидің ұстаз жайлы ойлары; Ұстаз, шәкірттерін балалары секілді көріп, оларға қарсы мейірімді болуы қажет. Олармен ақыретін құтқару мақсатымен шұғылдансын. Шәкірттерге жаман үлгі болудан да сақтану қажет. Егер пайғабар жолын жалғастырудан әлеуметтік тұрғыдан қиындыққа тап болмаса шәкірттен қандайда бір ақы алмасын, бұл жағдайдың шәкіртке сөз өткізу және тәрбеилеуде өзіндік орны бар. Ұстаз өзінің саласынан тыс салалардың пәндері туралы ары бері сөйлемеу керек. Шәкіртке қабылдау қабылетіне сай үйретуі тиіс. Бұларға қоса ұстаз тек қана тілімен ұстаздық етпеуі керек іс- қимыл амалдарымен де ұстаздық етуі керек.

3. Дүниелік ілімдер: Имам Газзали ілімді «Шариғи» және «Ғайри шариғи» деп екіге бөліп, тек қана пайғмбарлар арқылы үйренген ілімдерді «Шариғи», есеп секілді ақыл, медицина секілді тәжірбиемен үйренген ілімдерді «Ғайри шариғи» деп атайды. Содан кейін «Ғайри шариғи»ілімдерді « улуум маһмудаһ», «улуум мазмумаһ», «улууму мубаха» деп үшке бөліп, «улууму маһмуда» ныда «фазилет» және «фарз кифая» деп екіге бөліп қарастырған. Медицина секілді адамның өмірімен қатысты болған және де есеп секілді адамдармен қарым қатынаста қажет болатын ілімдерді «фарз кифая» ға, медицина және есеп ілімдерінің терең мәселелерін үйренуді «фазилет» ке жатқызған. Сиқыр, тылсым ілімдерін болса «улууму мәзмума» ға, өлең және тарих ілімдерін де «улууму мубаһа»ға жатқызған. Инжинерлік, есеп, мантық, илаһият және табиғат ілімін «фәлсәфә» санатына жатқызған соң, оларды былай тармақтандырады: Инжинерлікпен есеп ілімі тең дәрежеде болғандықтан «улууму мубаһа», мантық және илахият кәләм іліміне, табиғат ілімінің бір бөлігі дінге қайшы, бір бөлігі болса мүлдем үйренуді қажет етпейді дейді. Кәләм ілім жайлы, бидғаттармен күресу тұрғысынан фарз кифая, дінмен қатысы жоқ, талас тартысты негізге алған тарапы болса бидғат деген.

4. Шариғи ілімдер: Имам Ғаззали шариғи ілімдер жайлы; Шариғи ілімдердің әрбірі мақтауға тұрарлық, шариғи ілімдерін: 1. Усул ілімдері: Құран Кәрім, Сүннет ілімі, үмбеттің ижмасы және сахабаның сөздері. 2. Фуруу ілімдер: Фиқхһ,(дүниелік істерге қатысты) ахлақ және тасаууф ілімдері (ақыреттік амалдарға қатысты), 3. Мухаддимат: Араб тіліне қатысты улууму арабияһ, Усуул және фуруу ілімдерін үйрнеу үшін құрал міндетін атқаратын ілімдер. Сондықтан ілімг бастамас бұрын муқаддимат ілімдерін үйрену керек, сарф және наһу ілімдері секілді 4. Мутиммат: Тәпсір, усул-фихһ, әсма-й рижал ілімдері деп төрт бөлімде жіктеп қараған.

5. Ғалымдар: Имам Ғаззали ғалымдарды « дүниелік ғалымдар» және «ақырет ғалымдары» деп екіге бөліп, әр қайсының өзіне тән ерешеліктерін атап өткен. Тақырыптың созылмасы үшін, қызығушылар болса «Ихия Улумиддин» кітабынан қараса болады.


Пайдаланған әдебиеттер

Имам Ғаззали, «Ихия Улуумиддин»

Сачаклызаде Мераши, «Тәртибул- Улуум»

Ризаеддин Фахреддин, «Имам Ғаззали»



Хасан Онат, Сөнмез Кутлу « Ислам Ілімдері»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет