Информационное письмо


Біздің еліміздің заңнамалары ҚР барлық мұқтаж азаматтарының АИТВ-инфекциясынан тегін емделуін қамтамасыз етеді



бет81/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж., НАУРЫЗ РАСТЯЖКА
Біздің еліміздің заңнамалары ҚР барлық мұқтаж азаматтарының АИТВ-инфекциясынан тегін емделуін қамтамасыз етеді. 

27 дәрістің тақырыбы: Салауатты өмір сүру салтының элементтері

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Қозғалыс режимі

2. Мезгілді тамақтану

3. Жеке гигиена

Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдениеттің бір бөлігі. Ал, денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компаненті. Қоғамның болашағы – әрбір адам денсаулығына байланысты. Биологиялық, физиологиялық функцияларды сақтап дамыту, белсенді өмірдің максимальды ұзақтығына қарай адамның әлеуметтік белсенділігінің артуы.

Адам денсаулығы тек сыртқы орта жағдайына ғана емес, әлеуметтік жағдайына және өзінің денсаулығына деген көзқарасына да тікелей байланысты. Осы орайда, біздің зерттеу жұмысымызда мектеп оқушыларының денсаулығының донозологиялық күйін анықтай отырып, олардың денсаулыққа деген мәдени көзқарастарын қалыптастыру нәтижесінде, әрбір тұлғаның денсаулығының күйін көрсететін “Денсаулық құжатын” жасауды іске асыру.

Салауатты өмір сүру, негізінде, қоғамның және жеке адамның рухани, әлеуметтік моральдық-өнегелілік жағдайына тікелей байланысты әрі оған күнделікті өміп сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді. Солардың ішінде:



  • адамның күнделікті қозғалу режимі жатады

  • организмді шынықтыру

  • еңбек және демалыс гигиенасы

  • жеке басының және қоғамдық гигиенасы

  • ұжымдық психикалық-эмоциональдық қарым-қатынасты үйлестіру

  • қоршаған ортаны қорғау


2. Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын өалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Салауаттану дегеніміз не?
«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.
Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау — әр адамның парызы.
Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар

Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады.

Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Неше түрлі әдістері, практикада қолданатын нақтылы тәсіддері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.
Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе керіністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардьщ жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Неше түрлі алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалылтасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмос-фералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы, космостық факторлар (кун сәулесі), әлеуметгік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, тесек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты омір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда неше түрлі зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шараи ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. МысырдаХорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған.[2] Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет