Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уакыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын кызметін көрсетеді.
WORDPAD МӘТІДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ:
WordPad мәтіндік редакторы карапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі каріпті колдануға,сонымен катар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ терезесі:
Тақырып жолы
Меню жолы
Құрал-саймандар тақтасы
Пішімдеу тақтасы
Сызғыш
Жұмыс аймағы
Қалып-күй қатары
WordPad I
Меңзер немесе енгізу нүктесі
Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.
WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады. Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз.