«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М012
Информатика педагогтарын даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмаларының мазмұнында мектепте информатиканы оқыту жүйесінің және олардың арасындағы байланыстың негізгі құрауыштары туралы түсініктерінің қалыптасу деңгейін айқындау қарастырылған.
Емтихан тапсыратын талапкерлер:
оқушылардың жан – жақты тұлғалық дамуын қалыптастырудың мектеп информатикасындағы мәні және рөлін;
мектеп информатикасын оқытудың мақсатының үш аспектісін: білім беру, дамыту, тәрбиелеу;
оқытудың әртүрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын оқытудың әдістемелік және мазмұндық аспектісін;
курстың бағдарламалық қолданбаларын қолдану біліктілігі және оның әдістемелік мақсатқа бағыттылығын;
информатика мұғалімінің сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудағы қызметтерінің мазмұнын;
оқушылардың оқу іс – әрекетін басқару және әртүрлі ұйымдастыру формаларымен информатика пәнін өткізу мен оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін білу біліктілігін;
топтағы әртүрлі жастағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін информатика сабағын ұйымдастыру біліктілігін көрсету тиіс.