Инклюзивті мектепте мұғалім мен ата-аналардың өзара байланыстары келесі принциптерге негізделуі керек:
1) сыйластық пен түсіну;
2) мәлімет пен іскерліктермен алмасу;
3) шешімдер қабылдауға қатысу;
4) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалдығын қабылдау.
Мұғалімдер мен ата-аналарға қойылатын талаптар:
1) баланың жетістіктері жайлы білуі үшін ата-аналар мұғалімдермен жиі кездесуі керек;
2) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалды білім алу «жолын» құруда ата-ана белсенділік таныту керек;
3) мұғалімдер баланың «жеке даму картасын» жүргізуі керек: жетістіктері- оқу және тәрбиеленуде;
4) баланың жеке даму бағдарламасына (оқу/тәрбиелеу) қатысты бірқатар міндеттерді ата-аналар атқаруы тиіс;
5) әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері жайлы мәліметтерді алуы керек;
6) ата-аналар сабаққа қатыса алады;
7) тәрбиелік іс-шараларға шақырылуы керек;
8) іс-шаралады өткізуде ата-аналардың көмегіне жүгінуге болады;
9) ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет;
10) мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек;
11) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер өткізулері қажет;
12) мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне қосылу керек;
13) мұғалімдерге арналған семинар,тренингтерге ата-аналар қатыса алады;
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін;
15) мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады;
16) (мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен жұмыс жасалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |