Белсенділік, оның түрлері
Жоспар:
Белсенділік туралы жалпы түсінік,
Белсенділіктің тұлға дамуындағы ролі.
Адам белсенділігінің табиғатты тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның, іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, тапшы және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекетттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әректтерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жасатғы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және лоармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауларында әр алуан ерекшеліктер болады.V-VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектеп оқу жылы басталысымен-ақ балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттеріне қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезімде болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелеріне әрбір мүшесінің өсіп жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері, оның талабын орындауға, бірігіпе қызмет етуге әр уақытта дайын екендігін білдіреді.
Қарым – қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, тқамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезамі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеб жасына дейінгі (5-6жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрлысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бірнәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш , әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде тереңі ойға шомылады.Мысалы, олар легені магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі қалай жасыл болады? Жаңбыр қайдан пайда болады?-деген сияқты сұрақты балалар үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеб жасына дейінгі балалардың “неге?”, “не үшін?”, “қалай?” депқоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде олардың жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбаланады.Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамсытуда бағыт беріп отырса,олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Мектеп жасындағы балоалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық сауатттылығымен шеберлігіне байланысты. Мұны оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік, жұмысынан да байқауға болады.
Оқушылардың Өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің бастр міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым көмектесіп отырады. Өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, әстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Мысалы, Сен қай пәнді ұнатасың,оның, себебі не? Адам өмірінің мәні неде, ондағы мақсатың не? Сне спроттың қандай түрімен айналысасың, ондағы мақсатың не? Қандай мамандықты сүйесің, себебі не? Адамдағы сұлулық және әсемділікті қалай түсінесің? Т.б.
Міне, осындай тақырыптар бойынша тәрбиенің, мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталып жүргізілетін өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтуге жол ашады.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Тапсырмалардың толып жатқан түрлері бар. Оларға: сынып старостасы, қабырға газеті редакциясының мүшесі, тазалық камиссиясының төрағасы болу, мектеб кітапханасына көмек көрсету, шетелдер балаларымен хат жазысып тұру т.б. қоғамдық пайдалы тапсырмалар жатады. Осындай тапсырмаларды сапалы етіп дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру және дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, түлрлі қоғамдық іс-әрекеттерімен қамтамасыз ету керекк. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін.Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді.Кейбір баланы еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бір інші қиыншылықты сезісімен-ақ қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана баланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдана қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезеді.
Қоғамдық пайдалы тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігін арттыру мектеп бойынша дәстүрлі іске айналғанда ғана тиісті нәтиже береді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің бастр құралдарының бірі- түрлі тақырыптарға жазылған ғылыми, тарифи және әдеби кітаптар, кинофильмдер.Балалар кітаптар мен кинофильмдер арқылы халықтың бостандығы мен бақыты үшін күресіп, қорықпай, өлім жазасына бас изеп ержүрек адамдардың іс-әрекеттерімен танысып, өздерінше талдау жасайды, олардың өнегелі және ерлік қайраты мен төзімділігіне бас иеді. Мұндай табандылық пен ер лік көрсеткен азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде өзінің халқы мен келешегі үшін жан- тәнімен аянбай күрескен қазақ халқының аяулы ұлдары А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. кеңес өкіметі жылдарында жазықсыз ұсталып, күнәсіз қаза тапты.Бұлар өздерінің мақсаттарының орындай алмай арманда кетті . Осындай ғұлама көрнекті адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері жас өспірімге кошті ықпал жасайды, сана-сезімін оятады, толғандырады. Олар өз өмірінде, оқу-тәнрбие процес інде зор ыждахатпен терең білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |