Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру. Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 4 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
Лездеме.
Тез жауап бер. 1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
2. Нені қазып қала болған? Жезқазған
3. Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? Бұлбұлша.
4. Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады? Бірқазан
5. Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
6. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
7. Ұзын құлақты, есепке шорқақ не? Есек
8. Ұйқышыл, маймақ не? Аю
9. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара
10. Өзіңе дос, құшағы кең кім? Ана
11. Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
12. Өзі ала, өзі биік не? Алатау
13. Өзі терең, өзі тұзды, өзі ала не? Алакөл
14. Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз.
І айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.
1 топ
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
2 топ
1. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
2. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
3. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3 топ
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4 топ
1. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
2. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
3. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1 топ
1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2. Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
3. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
2 топ
1. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
2. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
3. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа - черепаха - tortoise)
3 топ
1. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
2. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай - луна - moon)
4 топ
1. Суға салсаң батпайды,
Жерге ұрсаң жатпайды (доп - мяч - ball)
2. Аппақ дала, қара дән.
Сепкен дәні түсінуге жараған. (әріп - буква - letter)
3. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа - воздух - air)
ІІІ айналым «Ойлан, тап» Тапсырмалар
1. Сөз ойла, тез ойла!
Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына сөздер жазуларың тиіс.
Мысалы: қазақ, қырық, шібіш, қалақ, шалаш, ана, ата, ала т. б.
2. Кім жүйрік?
Тура оқылуы мен кері оқылуы әр түрлі мағына беретін сөздер жазуларың тиіс.
Мысалы: уа - ау, сүт - түс, кесе - есек, қамыт – тымақ
3. Қос сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа қос сөз құрастырып жаз.
Сарт - сұрт, сып - сып, ылп – ылп, қыт – қыт, сыр – сыр, қарш - құрш.
(тарс – тұрс, пыс - пыс, лып - лып, тық - тық, ырс - ырс, шарқ - шұрқ)
IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (оқытып, жауабын тыңдау)
1топ
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
2 топ
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Қас пен көздің арасында (лезде, жылдам)
3. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
3 топ
1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
3. Көзді ашып - жұмғанша (тез, лезде)
4 топ
1. Таяқ сілтем жер (жақын)
2. Тонның ішкі бауындай (тату - тәтті)
3. Тайға таңба басқандай (анық)
V айналым «Сиқырлы сандық» «Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)
3. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
4. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
5 Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)
6. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
7. Аспанда аяқ бола ма? (ай ақ болады)
8. Боранда тауық болады ма? (тау ық болады)
9. Анаң нені «төртке бөлген»? (ұйқысын төртке бөлген)
10. Бірін – бірі көрмейтін көрегендер не? (көз)
11. Еститін, бірақ көрмейтін не? (құлақ)
12. Иісшіл егіздер не? (мұрын)
13. Қандай тілдер болады?
(ҚАЗАҚ ТІЛІ, САҒАТ ТІЛІ, ӨТКІР ТІЛ, АНА ТІЛІ, ШЕТ ТІЛІ, АЩЫ ТІЛ, КӨРКЕМ ТІЛ, БАЛА ТІЛІ, БУЫНСЫЗ ТІЛ)
14. Көздің тілімізде кездесетін бірнеше түрі бар. Осы көз түрлерін тауып жаз
(күннің көзі, су көзі, ақпарат көзі, білім көзі т. б) Сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау
Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама – дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі ойындарда кездескенше күн жақсы.