Пән: Қазақ әдебиеті.
Пән мұғалімі: Умбетов А.С.
Сынып: 7 «А»
Күні: 22 04.. 2014 ж
Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков «Жусан иісі»
Мақсаты: а/Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап беркіту,алған білімдерін жинақтай отырып, Аян бейнесін ашу;
ә/адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
б/ ой-өрісін,тіл байлығын,шығармашылық қабілетін дамыту;
Сабақтың түрі:шығармашылық-ізденіс сабақ;
Сабақтың типі: Білімді жинақтау;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру;
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.
А) Түсінік сұрау
Ә) Зымыран сұрақтар
Б) Шығарма құрылысы
С.Мұратбеков «Жусан иісі»
С.Мұратбеков «Жусан иісі
1*басталуы
2*байланысуы
3*дамуы
4*шиеленісуі
5*шарықтау шегі
6*шешімі
ІІІ.Жаңа сабақ.
Жақсы, балалар, сонымен біз өткен «жусан иісі» әңгімесінде жаңа өздерің атап айтып жатқандай бірнеше кейіпкерлермен таныс болдыңдар. Соның ішіндегі басты кейіпкер кім екен? (Аян)
Иә, ендеше бүгінгі тақырыбымызда осы Аян бейнесі. (Шығармадағы Аян бейнесі)
Аян 1942 жылы Ешкіөлмеске көшіп келгенде қасында кім болып еді? (әжесі)
Иә, ал оның әке-шешесі қайда екен?(әкесі соғыста) Қай жылғы, қандай соғыс? (1941-1945 Ұлы Отан соғысы) Иә, биыл сол Ұлы Отан соғысына неше жыл ? (65 жыл) Иә, Елбасымыз осы ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай құрмет көрсетіп жатыр? (65 мың теңге ақша, тегін емделулер, жолда тегін жүру) .
Міне, Аянның да әкесі осы соғысқа елін, жерін қорғауға аттанған екен. Әкесін сағынғаны сонша, ол түсінде көргеніне мәз болушы еді, Аян көрген түсін достарына қалайша жеткізуші еді? (жағасын иіскеп жаттым) осылайша күтіп, елдің алдымен хат жазуды үйреніп, майданға хат жіберген Аянға қара қағаз келген еді, міне балалар, өзінің туған елін, жерін қорғау үшін соғысқа аттанған талай ерлердің осындай артында көздері жәутеңдеп бүлдіршіндері жетім боп қалған екен. Сол сұрапыл соғыс басылып, қазір тәуба, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға да 65 жыл болып отыр екен. Осындай соғысқа аттанған аталарың бар ма?(әңгімелеу)
Жақсы, балалар, енді тақтаға қарайық.
Кейіпкердің
портреті
|
Мінез-құлқы
|
Іс-әрекеті
|
Кейіпкердің ұстанымы
|
|
|
|
|
Жеке оқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату.
ІҮ. «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша Аянға мінездеме жазу.
Ү. Ой қозғау.
р-с
|
Шығармадан үзінді
|
Аян
|
Садық
|
Бапай
|
Есікбай
|
1
|
Осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен , ә.
|
|
|
|
|
2
|
Аян, балалар үйіне кеткеліі жатыр
|
|
|
|
|
3
|
Ей, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең де күн ашық болады.
|
|
|
|
|
4
|
Ей, бала, сен кеше көшіп келдің ғой,ә?
|
|
|
|
|
ҮІ. Тіл өнер
1. Менің көкем де, атам да жоқ, сондықтан төбелессем ———————— ұрсады ғой.
2. Шіркін, ағама——————————- жазар едім.
3. Ал, жүріңдер мен кешегіден де ———————-ертегі айтамын.
4. Ағамның —————— иісі сіңіп қапты.
5. Шыдаймын,————————,салып беріңізші.
ҮІІ.Шығармашылық жұмыс
А/ (Слайдтан соғыс туралы суреттер көрсетіледі)
«Ештеңе, ешқашан ұмытылмайды»
Ә/Өзіміз тұратын жерде өсетін тірі жусан әкеп иіскетіп,оқушы пікірін,туған жерге деген ыстық сезімдерін дәптер бетіне түсіру.
ҮІІІ. Топтастыру
Аян
ІХ. Қорытынды
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
Мен үшін жаңалық
|
|
|
|
|
Х. Үйге тапсырма Ертегі жазып келу
ХІ.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |