Жұтылу спектрі – сәуленің зат арқылы өтуі және онда жұтылуы кезінде алынатын спектр. Ол төменгі энергия деңгейінен жоғары энергия деңгейіне сәуле шығаратын кванттық ауысулар кезінде пайда болады. Молекулалардың немесе олардың қосылыстарының спектрі бірқатар жалпақ жолақтардан тұрады: бұл жолақтардың әрқайсысы өте тығыз орналасқан сызықтар.
Атомның спектрлік сызықтары спектрдің көрінетін бөлігінде, көрінбейтін ультракүлгін және инфрақызыл бөліктерінде де болуы мүмкін. Тұтас спектр мен сызықтық спектр жарық шығарып тұрған қатты және сұйық денелердің, атомдық газдардың спектрлері болады.Сондықтан спектрдің бұл түрі сәуле шығару спектрлері деп аталады.
Оптикалық тығыздық - қабатка түскен және одан өткен жарықтың интенсивтіліктері қатынасының ондық логарифмі ретінде анықталатын, жарық сәулелеріне арналған зат қабатының мөлдір еместік сипаттамасы.
Интенсивтілік-бірлік уақыттаеы аппарат өнумділігінің аппарат көлеміне немесе өнім өгдіретін ауданына қатынасы.