Интерьер эстетикасы, комфортты қызмет көрсетуге жағдайлар жасау Интерьер эстетикасы, комфортты қызмет көрсетуге жағдайлар жасау: Интерьер дегеніміз тамақ мекемелерінің ұйымдастырылған ішкі кеңістігі. Оған жататындар: залдар, барлар, буфет, коктейль-холлдар. Кіре берісіндегі бөлмелерді құрайтындар вестибюль гардеробымен, аванзал және санитарлық бөлмелер. Зал - тамақ мекемелерінің, қонақтарды қарсы алып оларға қызмет көрсететін негізгі бөлме. Оған өндірістік бөлмелерден тамақтың исі және технологиялық процестер кезіндегі қатты дыбыстар жетпеуі керек. Интерьерді құрағанда тамақ мекемесінің мамандандырылуы және клиенттер контингенті ескеріледі. Интерьер мен мекемені қоршаған ортаның байланысына көңіл аударған жөн (ландшафт, қаланың ауданы, көшелері және т.б.). Комфортты қызмет көрсетудің негізгі факторы – жарықтын жақсы болуы. Вестибюльдің жарығы холдар, тамақтану залдары мен бардың жарығымен үйлесімді болуы қажет. Үйдің сыртқы жарығы қоршаған ортамен үйлескені жөн. Өте жарық таңертеңгі тамақ (завтрак) ішірде керек, клиенттердің газет-журналдар қарауына мүмкіндік болу үшін. Кешкі уақыттағы жарық салтанатты мейрам сияқты мейірін төгіп, жанға жайлі әсер етіп тұрғаны жөн. Тамақ мекемесінің интерьерінің негізгі функциональдық элементіне комфортты қызмет көрсетуге әсерін тигізетін жиһаздар жатады. Мейрамхана, кафе, барлардағы қолданылатын жиһаздарға жалпы талаптардан басқа да мынадай арнайы талаптар қойылады: -мекеменің жұмыс түріне жиһаздың тұра келуі; -сауда залының түріне сәйкестік; -ыңғайлылық – үстел мен орындықтардың сәйкестігі; -гигиеналық талапқа сәйкестік. Үстел – тамақ мекемесінің негізгі жиһазы. Үстелдердің көлемін оны қолданатын орындары анықтайды (мейрамханаға – тамақтану, фуршеттік, банкеттік; кафе мен асхана үшін және т.б.)