IP адрестер класстары. Ерекше IP адрестері. Автономды желілерге адрес беру. Адрестерді орталықтандырып орналастыру.
Жоспар
IP адрестер класстары.
Ерекше IP адрестері.
Автономды желілерге адрес беру.
Адрестерді орталықтандырып орналастыру.
Желілік деңгейдің басқа хаттамаларындағыдай біріккен желі арқылы IP диаграммаларының маршрутталу процесіне қатысты IP адресациясының сызбанүсқасы интегралды болып келеді.
IP адресінің ұзындығы 2 немесе 3 бөлікке бөлінген 32 биттен тұрады. IP желілеріне арналған адрестердің форматтары көрсетілген.
Адрес екі логикалык бөліктен тұрады. Олар желі нөмірі және желідегі торап нөмірі. Ал қайсы бөлігі желі нөміріне, қайсы бөлігі торап нөміріне жатуы адрестің алғашқы биттерінің мәнімен анықталады.
Егер адрес 0-ден басталса, онда желі А класқа жатады және желі нөмірі 1 байт алады, ал басқа 3 байт желідегі торап нөмірі деп түсіндіріледі. А кластағьі желілерде 1-ден 126-ға дейінгі диапазондағы нөмірлер бар (0 нөмірі қолданылмайды, ал 127 нөмірі арнайы мақсаттарға сақталған" ол төменде айтылады). А класының желілерінде тораптар саны
Егер адрестің алғашқы екі биті 30-ға тең болса, онда желі В класымп жатады және торап саны 28-216 болатын орташа өлшемді желі болып саналады. В класының желілерінде желі адресі мен торап адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан беріледі.
Егер адрес 110 тізбегінен басталса, онда желі С класына жатады, торап саны 2-ден астайды. Желі адресіне 24 бит, торап адресіне 8 бит арналады.
Егер де адрес 1110 тізбегінен басталса, онда ол multicast деп аталатын ерекше топтық адресті білдіріп, D класты адреске жатады. Егер пакетте бағытталу адресі ретінде D класының адресі берілген болса, онда пакет осы адресті меншіктенген барлық тораптар алуы керек.
Егер адрес 11110 тізбегінен басталса, онда ол Е класының адресі және болашақта пайдалануға сақталған.
Келесі кестеде әр желілер класына сәйкес келетін адрестер диапазоны келтірілген.
Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, loopback, multicast.
IP хаттамасында кейбір IP адрестерінің ерекше түсіндірулері туралы бзрнеше келісімдер бар. Олар:
* егер ІР-адрес тек екілі нольдерден тұрса,
0000.................................... 0
онда осы пакетті тудырған тораптық адресін білдіреді
127.0.0.1 адресі желі бойынша пакеттің жіберуінсіз тораптық програм-малық жабдықтауын тестілеу кезінде қайта байланысты ұйымдастыру үшін сақталған. Бұл адрес loopback деп аталды.
Жоғарыда аталып кеткен топтық IP адресінің формасы - multicast, ол берілген пакет өрісінде көрсетілген нөмірмен топ құрайтын бірнеше топтарға жеткізілуі тиіс дегенді білдіреді.
Тораптар өздерін теңесііреді, яғни қай топқа жататындығын анық-тайды. Бір торап бірнеше топтарға кіруі мүмкін. Мұндай мәліметтер кең таратушылардан ерекшелене мультитаратушылар деп аталады. Топтың адрес желісі мен торап нөмірі өрісіне бөлінбейді және оны маршрутизатор ерекше жолмен талдайды. IP хаттамасында мәліметтер барлық тораптарға жеткізілуі тиіс болатын локальды желілердің каналдық деңгейіндегі хат-тамаларында қолданылатын мағынада кең таратушы деген түсінік жоқ. Шектелген кеңтаратушы ІР-адресі секілді кеңтаратушы ІР-адресі де интер-желіде таралу шектеріне ие, олар пакеттің шығарушы көзі - тораптың, желісімен немесе нөмірі бағытгалу адресінде көрсетілген желімен шекте-леді. Сол себепті желінің маршрутизатор арқылы бөліктерге бөлу, кең дауылды ортақ желінің бір бөлігімен жайылмайды, оның себебі кұрыл» малы желінің барлық түйіндерімен барлық желілерге бір уақытга пакетті адрестеу тәсілінің болмауымен түсіндіріледі.
Кейбір тасымалдаушылар (ІЕЕ 802 локальды желісі сияқты), тасымал-даушы адрестер мен IP адрестері үшін Address Resolution Protocol (ARP) (адресті шығару хаттамасы) және Reverse Address Resolution Protocol (RARP) (кері адресті шығару хаттамасы) тұратын 2 Internet хаттамасы комплектісін қолданудың динамикалық жолымен анықталады, ARP белгілі бір желі аралық адреске сай келетін аппараттық адрестің (MAC деңгейдегі) кең көлемді хабарламасын қолданады. ARP ІР-ді кез-келген механизм түрімен қолдану үшін жеткілікті дәрежеде универсальды. RARP кең көлем-ді хабарламаны белгілі бір аппараттын адресімен байланысты біріктірілген желінің адресін анықтау үшін қолданылады. RARP әсіресе бастапқы тиеу кезінде өз желіаралық адресін білмейтін дискі жоқ түйін үшін маңызды.
TCP/IP өңдеушілері мекенжайларға арналған физикалық желілердегі бағыттауларға ұқсас схеманы таңдады. Бұл схемада әр ГВМ-ге интернетте,желіаралық немесе IP-мекенжай деп аталатын бүтін сан тағайындалады. Желіаралық бағыттардағы ең дұрысы, олардағы бүтін сандар мұқият таңдалып алынады, бұл маршуртты нәтижелі істеу үшін жасалынады. Нақты айтқанда, IP-мекенжай ГВМ қосылған желіні кодтайды, сонымен бірге осы желідегі ГВМ-нің жақсысын идентификациялайды. Қорытынды жасау болады : TCP/IP интернетіндегі әрбір ГВМ-ге өзімен әрекеттесе алатын ерекше 32-биттік желіаралық мекенжай тағайындалады.