№4. Лабораториялық сабақ
1. Тақырыбы:
Құрылымдар
2. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Турбо-Пролог жүйесінің негізгі мүмкіншілігін
меңгеру, Пролог тілінің базалық түсініктерін және логикалық
программалау тілінде
программа құрудағы негізгі принциптерін оқып үйрену.
3.Жұмыстың мазмұны
1. Вариант бойынша тапсырманы алу
2. Есептің қойылымы
3. Есепті шешу алгоритмі
4. Есепті шешу программасын Turbo Prolog программалау ортасында құру
5. Программа листингі
6. Орындалған жұмыс жөнінде есеп беру
4.Қондырғылар, техникалық және инструментальдық құралдар:
ДК, Turbo Prolog программалау ортасы
5.Жұмысты орындау тәртібі (реттілігі)
Құрылым – құрама ұйғарымның синтаксисті сақтап жазылу түрі. Әдетте құрама
ұйғарым бірнеше ішкі мақсаттардан тұрады, мұндағы әр мақсат құрылым компоненті деп
аталады. Яғни, құрылым термдер (ішкі компоненттер) тізбегінен және негізгі функтор деп
аталатын атомнан (құрылым атауынан) тұрады. Мысалы, кітапханаларда түрлі
карточкалардан тұратын каталогтар дайындалып қойылады. Карточкаларға авторлардың
аты-жөні,
кітап аты, шығарылған қала аты мен басылып шыққан жылы (компоненттер)
жазылады. Яғни карточка - компоненттер жиынтығынан тұратын құрылымдық нысан,
карточка шифры – негізгі функтор.
Сонымен, прологта күрделі фактілер мен ережелер құрылымды түрде компоненттер
енгізіліп жазылады. Мысалы, «Ержанда Сәбит Мұқановтың Ботакөз атаулы кітабы бар»
сөйлемінің (құрылымының) факт түрінде жазылуы: