«Қыс шанаңды жаз сайла » немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? «Бейнет түбі – зейнет»



Дата20.07.2020
өлшемі16,57 Kb.
#63461

«Қыс шанаңды жаз сайла...»

немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба?
«Бейнет түбі – зейнет» демекші, ұзақ жылдарға созылатын еңбек жолынан кейін адамдардың зейнеткерлікке, яғни құрметті демалысқа шығатыны белгілі. Бұл шақты ақындар «Алтын күзге», философтар «Даналық кезеңіне» теңейді. Қалай болғанда да қазыналы қарттық шақ – адам өміріндегі ең бір маңызды кезеңдердің бірі. Иә, зейнет жасында ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере сүйіп, солардың қызығына тоймай, шалқып жүргенге не жетсін!

Бұдан 40-50 жыл бұрын зейнет жасындағы адам барлық істерден қол үзген, бала-шағасының алдында тыныш қана өмір сүретін қарапайым тіршілік иесі секілді болып көрінетін. Бүгінде жағдай өзгерген: қазіргі зейнеткерлердің белсенділігі жоғары. Бұрын біз сексеннің сеңгіріне шыққан шетелдік зейнеткерлердің ел аралап, саяхат жасап жүргенін көріп, таң қалатынбыз. Қазір мұндай үрдіс бізде де қалыптаса бастады. Демографтардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың айтуынша, адамның жасы біртіндеп жасара түсуде. Бұл феномен әлемдік сипатқа ие болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамның жас ерекшеліктерінің шегін қайта бекітті: енді жастық шақ – 25 жастан 44 жасқа дейін созылады. Одан әрі 44 жастан 60 жасқа дейінгі кезең – орта жас, 60 жастан 75 жасқа дейінгі кезең – егде жас және тек 75 жастан 90 жасқа дейінгі кезең – кәрілік немесе қарттық шақ болып есептеледі. Ал одан асқандарды аталмыш ұйым– көп жасаған адамдар деп атайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Британдық актуарийлер институтымен бірлесе жасаған есептеулері бойынша

Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы (бұл жерде әңгіме нәрестенің шетінеуі, жазатайым оқиға салдарынан өлім-жітімді және басқа да жағдайларды ескере отырып, есептелетін жалпы статистикалық өмір сүру ұзақтығы жайында болып отырған жоқ) ерлер үшін – 80 жасты, әйелдер үшін – 82 жасты құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Шынында қазір әлемде өзінің жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығын барынша ұзақ сақтап, бос уақыттарын қызықты өткізуге күш салып жатқандар көп. Бұл жаңа үрдіс Қазақстанда да қоғам мен билік тарапынан қолдауға ие болып отыр: біртіндеп ересектер үшін бос уақыт өткізу орталықтары ашылып, әлеуметтік бейімдеу мәселелері шешілуде. Яғни, ұзақ өмір сүруге, өмірді қуанышқа, қызықты оқиғаларға толы жарқын кезеңге айналдыруға мүмкіндік мол. Ал шын мәнінде солай болуы үшін еңбекке араласқан уақыттан бастап, болашаққа қор жинау жағын ойлау керек. Өйткені зейнет жасында қаржы жағынан қамтамасыз етілу – болашақ зейнеткерлерді мазалайтын маңызды мәселелердің бірі.

Зейнеткерлікке шығып, бос уақытыңда сүйікті ісіңмен айналысып, ақшаңды өз мүддеңе жұмсау үшін, қаржылық «қауіпсіздік жастығын» жасауға ерте бастан қамдану қажет. Болашаққа қор жинауды қаншалықты ерте бастасаңыз, зейнет жасына дейін соншалықты қомақты қаржы жинай аласыз. Әрине, қалтаңыз қалың болған сайын, өзіңізге сенімді боласыз және тарықпай өмір сүресіз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – деп ұлы Абай айтқандай, бұл үшін өнімді еңбек ету керек.

Салымшылар зейнет жасына дейін лайықты қаржы жинау үшін «БЖЗҚ» АҚ инновациялық сервис әзірлеген болатын. Соның көмегімен әрбір салымшы өз бетімен дербес зейнетақы жоспарын жасай алады. Мұны Қордың enpf.kzсайтының Жеке кабинетінде пайдалануға болады. Ең алдымен мұнда зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы үзінді көшірмені көруге болады. Бұл жерде Сіз жеке деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізе аласыз. Сондай-ақ зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге, сәйкесінше жинақтарыңыз қанша уақытқа жететіндігін білуге болады.

Зейнетақы калькуляторының екі түрі бар. Біріншісі – ағымдағы зейнетақы калькуляторы деп аталады. Ол зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін білуге болады. Екіншісі – болжамдық калькулятор. Бұл калькулятор арқылы кез-келген адам болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін тез арада есептей алады.Ол үшін Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөліміне кіріп, «Зейнетақы калькуляторы» түймешесін басасыз. Экранда қарапайым кесте ашылады, оған жасыңызды, жынысыңызды, жалақы көлемін, жұмыс өтілін және зейнетақы жинақтарыңыздың қазіргі сомасын жазу керек. Бағандардың барлығы толтырылған соң, «Есептеу» түймешігін басасыз. Сонда «пессимистік», «реалистік» және «оптимистік» деп аталатын үш сценарий бойынша зейнет жасына толған кезде алатын ай сайынғы зейнетақының болжамды мөлшері анықталады. Бұл ретте калькуляторды Қор сайтының «Жеке кабинеті» арқылы да ашып, пайдалануға болады. Онда тиісті нысандарға қажетті сандар автоматты түрде енгізіледі. Сөйтіп, «Есептеу» түймешігін басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткіштерге қол жеткізе аласыз.

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Жинақтарды өмірді сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Сол арқылы өмірді сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді. Сіз тиісті бағанда жынысыңызға қатысты мәліметті белгілеген соң, шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде көрсетіледі. Ол ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін биыл – 51 жас. Одан әрі кепілді мерзімді белгілейсіз. Бұл осы мерзім ішінде сақтандыру компаниясынан төлемдерді тұрақты алып тұруға ниет білдіргеніңізді білдіреді. Әрі қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді.

Жеке кабинетіңіздің төмен жағында зейнетке шығу уақытыңызды есептейтін таймер орналасқан. Ол жылды, күнді, минутты, тіпті секундқа дейін көрсетеді. Бұл көрсеткіш зейнетке дейін қанша уақыт қалғанын аңғартады. Яғни, сол арқылы жинақтарыңыздың лайықты зейнетақы алуға жеткіліктілігін көруге, егер жеткілікті болмаса, қанша мөлшерде жарна аударып тұру керектігін есептей аласыз. Бұл жерде ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұру – болашақта алатын зейнетақыңызға елеулі түрде қосымша қаражат болады. Зейнетақыны жоспарлау деген осы. Зейнет жасында балаларға масыл болмай, лайықты өмір сүргісі келген адам зейнет жасына дейін қанша көлемде ақша жинау керектігін ерте бастап ойластырады.



БЖЗҚ өз кезегінде барлық жағдайды жасауға және зейнетақы капиталын қалыптастыру жолында сенімді кеңесші, көмекші болуға қашанда дайын. «Зейнетақы калькуляторы» қызметімен Қор сайтынан мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады:

https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет