Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 6 «Г» Тексерілді
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: І
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев
«Құлақтан кіріп, бойды алар»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар»өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін білу.
2.Тәрбиелік: өнерді сүюге, қастерлеуге, өнер-білімге шақыру. Абай өлеңдерін оқыта отырып, оқушыны өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру.
3.Дамытушылық: әрбір өлеңді жеке-жеке талдай отырып, оқушының өнер, оқу, білім туралы ойларын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы бетше, қанатты сөздер
Пәнаралық байланыс: тіршіліктану, тіл .
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Абайдың қарасөздері туралы мағлұмат
2. Отыз бірінші сөзін жаттау
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін мәнерлеп оқу.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді түргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар ғып жүргізер.
Есіткендей болады
Құлағым ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды...
Ішіп терең бойлаймын
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын
Мен ішпеген у бар ма?!
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қай өлеңін алсақ та халқын оқуға, өнер-білімге шақырады. «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі ақынның өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы(, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың сөз өнерін, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы.
Мысалы;
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй», -
деп әсем ән мен тәтті күйдің тыңдаушы адамға әсері туралы айтады. Қазақтың ойын- сауығы,қуаныш-қайғысы, шаттығы әнмен, жырмен айтылады. сондықтан да ақын өнердің қоғамдық күшіне, ән мен жырдың адам өміріндегі рөліне баса көңіл бөледі. Әннің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін әншінің ұғуын, ал әнді тыңдаушыға да әнді тыңдап қана қоймай үлкен мән беруін талап етеді. Ән өмір шындығы мен көңіл күйден туған, баста миды оятып, жүректі тербетеді. Сондықтан әнді орындаушы да осы әнді орындап қана қоймай, нақышына келтіре отырып, тыңдаушыға жеткізу керек, оны сонда ғана нағыз әнші дейді. Абай қазақ әнінен де, күйінен де өзіне мұңдастық, сырластық іздейді. Сондықтан ән, күйге тек бас шұлғи бермей, ойшыл, сыршыл адамның көзімен қарауды ескертеді.Ән арқылы өткен өмірін еске түсіреді. Әр нәрсенің асылын тани білуге шақырады. Яғни Абай ұлы ақын ғана емес, соңына мол музыкалық мұра қалдырған ірі композитор. Мысалы, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т.б.бар.
.2. Сөздікпен жұмыс
Бастау – судың көзі; қайнар немесе бұлақ.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс:
1.? 1.Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
2. Ақын ән мен күйден алған әсерді қалай суреттейді?
! 1. Абайдың жақсы әнге көңіл тұшынысы мен талғамын өздеріңнің сүйікті әндерің мен күйлеріңді тыңдай отырып, байқап көріңдер.
2. Өлеңнен әннің тыңдаушы көңіл күйіне түрлі әсері айтылған жолдарды табыңдар, қандай әнді ұнататындарыңды әңгімелеңдер.
3. Өлеңнің ішкі мәніне үңіліп, әрбір сөзін бағамдап оқыңдар.
V.Үй тапсырмасын беру:
1. «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін жаттау.
2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
3. Сөздікті жаттау
4. Абайдан өтілген өлеңдерінің бір шумағын өлең құрылысына талдау
5. Сыныптан тыс оқу «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырлық дастан. Шәкәрім Құдайбердіұлы
VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ.Сабақтың аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |