Жеке бас гигиенасы



Pdf көрінісі
Дата24.04.2023
өлшемі96,62 Kb.
#175302
Байланысты:
Осд3




Жеке бас гигиенасы 
1.Науқастың жеке бас тазалығын сақтауда мейірбикенің мақсаты. Науқастың дұрыс күтімі үшін тек дәрігердің ғана емес, 
медбикенің де жауапкершілігі мол. Медбике білімді әрі білікті ғана емес, сондай-ақ моральдық тұрғыда адамгершілік қасиеті мол 
болуы керек. Бірақ, түрлі науқастардың арасында үнемі жақсы көңіл-күйде болу айтарлықтай оңай емес. Сонда да, медбике 
науқасты емдеуде белгілі талаптарды, ретті қадағалауы тиіс. Медбикеге қойылатын талаптар: науқастың ауруханаға түскеннен 
жазылып кеткенге дейінгі уақыт аралығында үнемі науқас халін бақылап, науқас гигиенасын қадағалау - оның уақытында 
киімдерін ауыстыру, ауыз қуысының, мұрнының, терісінің, құлағының, шашының тазалығын қадағалау. 
Науқасты бақылап, оның жеке бас гигиенасын сақтау оңай емес. Бұл баптылықты, мұқияттылықты, аса зор жауапкершілікті қажет 
етеді. Сондықтан, науқасқа тиесілі қызмет атқару үшін, оны орынды емдеу үшін, біз науқастың жеке бас гигиенасын сақталуын 
білуге міндеттіміз. 
2.Науқастың құлагының күтімін жазып бер. Құлағының күтімі: 
Жабдықтар: 
1.
пипетка 
2.
құлақ тамшылары құйылған құты
3.
стерильді мақта
4.
Тамшыны адамның дене температурасына дейін жылыту. 
5.
Науқастың басын дәрі тамызатын құлаққа қарама-қарсы бұру. 
6.
Пипеткаға қажетті мөлшерде тамшы сору. 
7.
Сол қолмен науқастың құлақ қалқанын артқы және жоғары қаратып тарту, ал оң қолмен есту жолдарына 
пипеткамен тамшы тамызу. 
8.
15-20 минут пациент осы қалыпта жата тұру қажет(сұйықтық құлақтан ағып кетпеу үшін) 
9.
Сыртқы есту жолына мақта тампонын тығындау. 
3.Науқастың мұрын күтімін жазып бер. Мұрын күтімі: 
1.
Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин). 
2.
Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады. 
3.
Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады. 
4.
Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады. 
5.
Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса алады. 
6.
Емшараны қайталау. 
4.Ойылу деген не? Оның алдын алу шаралары қандай?Ойылу-
қысым арқылы тері, тері асты ұлпаларының, 
бұлшықеттерінің, некроздануы, және сұйық қабыршағының зақымдануы. Ойылулардың алдын алу: 
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру. 
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді 
дереу ауыстыру. 
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен 
сүрту, ұнтақ себу. 
4. Резеңке шеңберлер қолдану. 
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әрдәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу
5. Пыснау деген не?Дене температурасынын жогарылауы. 
6. Waterlow және нортон шкалалары не үшін
Дене 
ойылуы
 қаупі бар жағдайларда ұсынылатын күтім жоспары.
Нортон, Ватерлоо шкалалары. 
ЕСМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын алу мақсатында универсальді Waterlow бағалау шкаласы бойынша қолданылады. 

Тамақтануы 
1.Науқасты тамақтандырудың қандай түрлері бар?Табиғи жолмен
Жағдайы ауыр науқастарды тамақтандыру 
Келесі жағдайдағы науқастарды тамақтандыру қарастырылады: 
1.
Науқасты жасанды тамақтандыру 
2.
Науқасты мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру 
3.
Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы тамақтандыру 
4.
Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу 
Парентеральды 
немесе 
қоректік 
заттарды 
қан 
тамыры 
арқылы 
жіберу
2.Певзнер бойынша қанша диеталық стол бар? Номерлері мен атауларын жазып бер. Емдеу сауықтыру ұйымдарында 
М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Диеталық столдар
№ 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит. 
№ 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен
созылмалы гастрит. 
№ 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы. 
№ 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер. 
№ 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолда 
рының аурулары. 
№ 6 диеталық стол - Подагра ауруы. 
№ 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары. 
№ 8 диеталық стол – Семіздік.
№ 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы. 
№ 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары. 
№ 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы. 
№ 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар. 
№ 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.
№ 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфорлы кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия. 


№ 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол татағайындауға көрсетпелердің болмауы және ас қорыту 
жүйесі қызметінің қалыпты болуы. 
3.Мұрын арқылы асқазан зондын енгізу алгоритмін жазып бер. Іс-әрекет алгоритмі: 
1. Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз. 
2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз. 
3. Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен 
асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз. 
4. Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз. 
5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне 
салфетканы жабыңыз. 
6. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз. 
7. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, 
сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, 
жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін. 
8. 30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз. 
9. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз. 
10. Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз). 
11. Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз. 
12. Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш 
пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны 
шығарыңыз. 
13. Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан 
денгейіне дейін түсіріңіз. 
14. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана 
құйғынын ауызында тамақ қалмағанша. 
15. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз. 
16. Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз. 
17. Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі 
тамақтанғанға дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз). 
18. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз. 
Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын 
жүргізеді: 
— t -38-40
0
су моншасында тамақты жылытады; 
— егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады; 
— егерде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады; 
— сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет. 
4.Диетотерапия деген не ? Мақсаты неде? 
Диетотерапияда қолданылатын принциптер:
1.
«Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану 
факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары 
диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады.
2.
«Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета 
емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта 
түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды.
«Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант 
диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді
5.Жассанды тамақтанудың қандай түрлері бар?Ж
асанды
 тамақтандыру түрлері 
1.Зондтық 
шаралар арқылы
 
2.Гастростома арқылы 
3.Клизма жасау арқылы 
4.Қоректік ерітінділерді парентеральды 
жолмен енгізу арқылы
 

Document Outline

  • 1.Науқасты тамақтандырудың қандай түрлері бар?Табиғи жолменЖағдайы ауыр науқастарды тамақтандыру
    • «Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді 5.Жассанды тамақтанудың қандай түрлері бар?Жаса...


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет