Қысқа мерзімді жоспар Сабақ жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі23,31 Kb.
#82383
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары 6сынып Музыка және технология Серік Алтынай


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары



Күні:05.10.20

Мектеп: Жақсы N°1 орта мектебі

Сынып: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Серік Алтынай




Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақтың мақсаты




Музыка және технология




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау. барысында музыкалық терминологияны пайдалану;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • шығармашылық жұмыс орындау барысында пәндік терминологияны қолдану;

  • әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып орындау;

  • С. Апасованың «Мен диджеймін» әніне музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, ремикс шығару.

Бағалау критерийлері

Оқушы:
- шығармашылық жұмыс орындау барысында пәндік терми нологияны қолданады;
- әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;
- С. Апасованың «Мен диджеймін» әнініне музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, ремикс шығарады;
- топтық жұмыста белсенділік танытады;
- орындалған жұмысқа толық кері байланыс бере алады;
- дескрипторлар бойынша өз бағасын ұсынады.

Тілдік міндеттер



Оқушылар:

  • Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтауда, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика және терминология:
музыка, технология, электронды музыка, микщерлеу, компьютерлік бағдарлама
Талқылауға арналған сұрақтар:
Бұл әуеннің көңіл-күйі ...
.......компьютерлік музыкалық бағдарламалар қарапайым, әрі жұмыс жасауға ыңғайлы, себебі........

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына бірлесе жұмыс жасауға, бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілікті дамыту.

Пәнаралық байланыс

Шығармашылық жұмыс орындау барысында информатика пәнімен байланысын табады.

АКТ қолдану дағдылары

Ақпарат іздеу барысында оқушылар АКТ дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім



Алдыңғы сабақта оқушылар музыкалық әрлеуді құрады. Кейіпкерлерді дыбыстады. Сонымен қатар фильмді дыбыстаудың әдістерін талдап талқылады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин.

5 мин.

5 мин.

3 мин.


Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырыпты қайталау. Сабақтың мақсаты мен критерийлерін түсіндіру.
Сыныпта талқылау:

  • Музыкалық компьютерлік бағдарламалар дегеніміз не?

  • Сіздер қандай музыкалық бағдарламаларды білесіздер? Атаңыздар.

Талқылаудан кейін тақырыпты айту.
Тапсырма. Зерттеу.
Шағын зерттеу жүргізу.
І топ.

  • Қандай компьютерлік музыкалық бағдарламалар қарапайым әрі жұмыс жасауға ыңғайлы?

ІІ топ.

  • Қандай компьютерлік музыкалық бағдарламалар күрделі және кәсіби дыбыс жазу студияларында қолданады?

ІІІ топ.

  • «Ремикс» сөзінің мағынасы?

  • Дыбысты «микширлеу» дегенді қалай түсінесіздер?

Ақпаратты сынып алдында жариялау.

Презентация

Бағдарламаларға сілтемелер


https://audacity.ru.softonic.com/
https://soundation.com/
https://windows-movie-maker.ru.softonic.com/

үлестірме ақпараттар



Сабақтың ортасы

5 мин.
15 мин.


3 мин.

Тапсырма. Тыңдау және талқылау. Ұлытау тобының орындауындағы «Кероғлы» күйін тыңдаңыз.
Күйдің заманауи өңделген түрімен классикалық орындау түрін салыстырыңыз.
- Қандай өзгерістер бар?
- Музыкада жаңартулар пайда болды ма?


Тапсырма. Ән үйрену және орындау.
С. Апасованың «Мен диджеймін» әнін сыныпта үйрену және орындау.
Сыныпты екі топқа бөлу.
Үйретілген ән үзіндісіне музыкалық аспаптарды қолдана отырып, ремикс жасау.
«Мен диджеймін» әнін ремикс стилінде орындау.

  • Әнде нені өзгертесіздер?

  • Ремиксте және орындау барысында қандай музыкалық тәсілдерді қолданасыздар?

Екі топ өз нұсқасын сынып алдында таныстырып, бағалайды.
Дескрипторлар бойынша бағалау:

  • Әндегі өзгерісті көрсетеді;

  • Көркем бейнесін жеткізеді;

  • Әуеннің көңіл-күйін жеткізеді;

  • Көркемдеуші құралдарды қолданады;

  • Музыкалық/шулы аспапты қолданады;

  • Топтағы өз рөлін орындайды.

Ұлытау тобының орындауындағы «Кероғлы» күйі


https://www.youtube.com/watch?v=n1it2t7TS8c
«Кероғлы» күйі, домбыра аспабы
https://www.youtube.com/watch?v=O1ctSfIMnMc
С. Апасованың «Мен диджеймін» әні үнтаспасы
Музыкалық шулы аспаптар, компьютерлер планшеттер, т.б.

Сабақтың соңы

2 мин.


Рефлексия:
Сыныпта өз іс-әрекеттерін көрсету.

  • Не жақсарды?

  • Нені білдіңіз?

  • Нені білгіңіз келеді?












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет