Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қолданбалы қолөнер бөлімі Қожантаева Салтанат Қожабергенқызы
Тәрбие сағаты Тақырыбы «Санаттағы сарбаздар» Ұлы Отан соғысында қан майдан кешіп өткен қазақ қаламгерлеріне арналған жыр сабағы
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Жеңістің тағылымдарын жас ұрпақтың бойына дарыта білу, сол арқылы олардың Отансүйгіштік сезімін арттыру. Көрнекіліктер: «Санаттағы сарбаздар» түрлі-түсті альбомнан компьютерлік көріністер көрсету. Фото-суреттер, дыбыстық жазбалар. Тәрбие сағатының барысы: - Балалар, бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағаты «Санаттағы сарбаздар» деп аталады. Кеңес Одағы кезінде 23 ақпан Совет Армиясының және Теңіз Флотының құрылған күні деп аталып мерекеленді. Біздің тәрбие сағаты сол мерекеге сәйкес келіп отыр. Қәзір өздерің білесіңдер, ол күн 7-ші мамырда мерекеленеді. Сол кездегі Совет Армиясының құрылуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан біздің майдангер ақын-жазушылардың өмірбаяны, өлеңдері, қолжазбалары бүгінгі тәрбие сағатына арқау болмақ. «Санаттағы сарбаздың мен өзімін Көңіл-күйі демессің мұны өзінің. Қашан көрсең, қажымас жауынгердің Темір тәртіп, қызметі, мінезімін» - деп басталатын Хамит Ерғалиевтің «Санаттағы сарбаздар» атты өлеңімен аттас мына түрлі түсті альбом Ұлы Жеңістің60 жылдығына орай құрастырылып шығарылған. (Экраннан альбомның мұқабасы көрсетіліп, альбомдағы суреттер көрсетіледі) Бұл түрлі түсті альбомға Отан үшін от пен оқтың ортасында болған майдангер ақындардың келешек ұрпаққа өнеге-өсиет боларлықтай, тарихи құндылығы ешқашан жоғалмайтын патриоттық жалынды жырлары енгізілген. Альбомда ХХ ғасырдың біртуар ақын-жазушылардың суреттері бейнеленіп, сонымен қатар аса құнды деректер қамтылған. Альбомда пайдаланылған жазушылардың суреттері мен өлеңдері, ақын Хамит Ерғалиевтің жеке архивінен және кітапханасындағы авторлардың қолтаңбалары бар кітаптардан алынған. (Хамит Ерғалиевтің Сууреті көрсетіледі)
- Балалар, бүгін біз альбомға енгізілген майдангер ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысамыз, олардың соғыс кезінде жазған жазбаларынан, өлеңдерінен үзінділер оқимыз. Альбомның алғашқы бетінде Халық қахарманы Бауыржан Момышұлының «Ол күндердің өшпес даңқы» әңгімесінен үзінді келтірген екен, соны тыңдайықшы. (Экраннан Б.Момышұлының суреті көрсетіледі. Жазушының шығармасынан үзінді оқылады) -«Ақын-солдаттар» Ғафу Қайырбеков үзінді оқитын Ақжібек Жарасбаева (Ақын-жазушылардың суреттері көрсетіледі. Экраннан мұқабаның ең соңғы сыртқы беті көрсетіледі) «Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін. Уа, қахарман, өренім, Мақтанышым,беделім! Сырда тұрып аңғарам, Құтырған жау өрлерін Жетсін деймін сендерге, Жыл құсындай өлеңім! Қаласындағы Лениннің Сайып қыран,өренім!» деген өлең жолдарының ұлы ақынымыз Жамбыл Жабаевтікі екенін білмейтін адам жоқ шығар (Өлең оқылып жатқанда Ж.Жабаевтың ескерткіші көрсетіледі) Альбомдағы соғыс туралы көріністерді көрсету. Ленинград қаласы жаудың қоршауында қалып, ондағы халық аштықтан, суықтан қырылып жатқанда, ленинградтықтарға дем беріп, күш-жігер қосу үшін Ж.Жабаевтың осы өлеңді соларға арнап шығарғанын білесіңдер. «Жас қазақ» әні орындалады. Т. Тоқтаровтың суреті көрсетіледі. - Бұл ән соғыста аса үлкен ерлік көрсетіп, елі үшін құрбан болған жас қазақ Төлеген Тоқтаровқа арналған. Абдолла Жұмағалиевтің өлеңінен Айдана Бөкенбаева үзінді оқиды. Ақынның суреті көрсетіледі. - Сіздер экраннан соғыста қаруымен де, қаламымен де шайқасқан, бейбіт өмір үшін жанын пида еткен жас жігіттер Абдолла Жұмағалиев пен Баубек Бұлқышевтің суреттерін көріп отырсыздар. - Жаңа өмірге құштар, Отаны үшін өмір сүргісі келген ақын А. Жұмағалиевтің өлеңін Айдана Бөкенбаеваның орындауында үзінді тыңдадыңыздар, енді сондай соғыста қыршын кеткен жас ақын Баубек Бұлқышевтің қолжазбасынан үзіндіні Руслан Нұрмағанбетовтің орындауында тыңдаңыздар. (Экраннан Б.Бұлқышевтің суреті көрсетіледі.) -«Әлде Алатау етегінен Шыбынымдай сүйген жарым Бұрышына сәлем түйіп, Ұшырған ба орамалын?» Әбу Сәрсенбаев «Кестелі орамал» әні орындалады. Осы кезде альбомдағы суреттер көрсетіледі. (Ф. Оңғарсыновның «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» деп аталатын поэмасынан Әлия мен Мәншүктің жрын Айнұр мен Гүлмарал оқиды және батыр қыздардың ескерткіштері көрсетіледі.) Соғыс тақырыбына әйел ақындардың қалам қартпағаны жоқ шығар. Сондай тамаша ақындарымыздың бірі Мәриям Хакімжанованың «Балама» деп аталатын өлеңін Ғазизаның орындауында тыңдаңыздар. (М.Хәкімжанованың суреті көрсетіледі) - Балалар, майдангер ақын-жазушылардың жырлары, қолжазбалары сендерді соғыс ардагерлерін сыйлауға, туған жерді аялай білуге, Отанды сүюге, бейбітшілікті құрметтей білуге шақырады. Қазақ жерінде талай соғыстар болды. Жоңғар шапқыншылығы, Аңырақай шайқасы, Ұлы Отан соғысы, 86 жылғы желтоқсан көтерілісі осындай алапат соғыстардан аман алып қалған жеріміздің тәуелсіздік туын биік ұстаңдар! Бүгінгі тәрбие сағатын бейбітшілік туралы әнмен аяқтаймыз - Құрметті, оқушылар, тәрбие сағатына қатысқандарыңыз үшін және тамашалағандарыңыз үшін рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |