ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН, КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!
15.03.2023ж Сағат 1500
Би: «Сағым дала» Асыл бишілер тобы
1-жүргізуші
Армысыздар құрметті қонақтар ұстаздар және оқушылар.
2-жүргізуші
Бүгін жиынымыздың негізгі себебі Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестиваліне қош келіпсіздер
1-жүргізуші
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан қазақ халқына арналған жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында тақырыптық өнер байқауларын өткізу. Ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнаға жеткіншектердің талабын қолдап талантын ашу. Өнердің тылсым сырын үйретіп, шығармашылықтың шынына жетелеу. Балғын жүректердің армандарын орындап, өмірлік қолтаңбаларын қалдыру. Өнерпаз шәкірттерге қолдау көрсету.
2 жүргізуші:
Сегіз қырлы, бір сырлы
Ұлда, қыз да баршылық,
Шырқаңыздар, бізбен бірге
Қалмаңыздар тартынып!
1 жүргізуші:
Дүние бүгінгі күн құлпырады,
Өнер ғой халқымыздың сұлу сәні
Келдің бе өнерлі жас, думандатып,
Армысың, Адамзаттың ынтымағы!
2 жүргізуші:
Өнер десе – көгімде жүзді Күнім,
Өнер десе – көркейтер түзді Гүлің.
Өнер десе – ырысым, ынтымағым,
Өнер десе – дәстүрім, ізгілігім!
1 жүргізуші:
Армысыздар ардықты асыл халқым,
Өнерге жастайынан жаны жақын.
Елімнің келешегі – жас ұрпағым,
Туымыз мәңгі көкте қалықтасын.
2-жүргізуші
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән –жырды сыйға тарттық – мектебіміздің әнұраны «Ұстаз ұлағаты» сөзін жазған: Маржан Есжанова, әнін жазған Райхан Құртаева
орындайтын 3-сынып оқушысы Жаңабаев Асқар
1 жүргізуші:
Аққу – қаз айдын көлде қалықтаған,
Әуені қандай әсем шарықтаған.
Ырғала емен, терек би билейді,
Аққу мүсін, арудай шарықтаған.
Би: «.........................» бишілер тобының орындауында «...................» биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші
Көгiнде күн нұрын төккен
Жерiнде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менiң туған өлкем.- дей келе ортаға жас ақындарды шақырайық
1-жүргізуші
Көңілі көлдей шалқыған
Қазақтай ел қайда!
Даласы жусан аңқыған
Өзіңдей жер қайда, киелім!
Тілегін тәңір берген,
Қасиет қонған елден,
Ел үшін туған ерден, айналайын!- дей келе ендігі кезекті оқушылардың тақпақтарына береміз
2-жүргізуші
Ризамын, туған елiм, көктемiңе,
Қиялмен қол созамын көкте күнге
Жайқалам гүлiң болып қырларыңда
Жүземiн аққуың боп көк көлiңде – дей келе «Гүлдер» биін орындайтын «....................» бишілер тобы
2-жүргізуші
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық туған жер әнім! Ән «.........................» орындайтын ...-сынып оқушысы................... қабыл алыңыздар
1-жүргізуші
Би деген тіршіліктің нәрі емеспе,
Би деген тіршіліктің жаны емеспе?
Би жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат
Сұлу би адамдардың сәні емеспе
Би: «......................» «...............» қыздар би тобын қарсы алыңыздар
2-жүргізуші
І. О, туған жер, кездеспейді жер - әлемнің ішінен
Сендей ыстық, құтты мекен түсінем!
Саған деген махаббатым лаулаған,
Қуаттырақ “Жердің тарту күшінен”
1-Жүргізуші:
Мен – Қазақпын! Ұланымын елімнің!
Мен - Қазақпын тірегімін жерімнің!
Ұланымын туын көкке көтерген
Ертеңімін егеменді елімнің!
Менің елім – Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып атыңды әнге қосамын!
Мәңгілікке қымбатсың сен туған ел,
Арта берсін абыройың, атағың дей келе ән «......................» орындайтын ..... сынып оқушысы ....................... қабыл алыңыздар
2-жүргізуші
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін
2-жүргізуші
Қонаққа келсе ырыс артар мерейің
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер
Сөз кезегін қонақтарға берейін дей келе - аудандық білім бөлімінің .........................................................................................сөз кезегін береміз
1-жүргізуші
Сіздермен қоштаса отырып, өнерлі жас таланттарымызға өнердің биік шыңына қанат қағып, самғай беріңіздер деп тілейміз!Қош сау болыңыздар!Келіп көңіл бөліндеріңізге көп рахмет қош сау болыңыздар
Оқушылар ортаға шығып түрлі түсті ленталардан бір- бірлеп ұстайды да киіз үй құрады.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің еліміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын, ондағы барлық ұлт тату- тәтті өмір сүрсе дегім келеді.Еліміз - бірлік пен татулықтың мекені бола берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |