«Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз», - деді ол
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйек айындағы жолдауында көптеген мәселелер қозғалды оның ішінде ең басты назар аударылған мәселе пандемия кезіндегі жасалған іс қимылдар жайлы толығырақ айтылып өтілген оның ішінде халыққа көрсетілген көмектер және дәрігерлердің көрсеткен ерліктері пандемияға қарсы іс қимылдары еленерліктей болғанын президентіміз нақты осы жолдауында айтып жеткізді
Жолдау бойынша студенттер пікірі
Осындай сын сағатта бүкіл жер жүзінде болып жатқан қауіпті індет кезінде халықтың жұдырықтай жұмылғанына және дәрігерлердің өз ісінің маманы ретінде көрсеткен көмектері үшін президентіміз өзінің алғысын білдірді
Тек дәрігерлерге емес құқық қорғау органдарына және еріктілерге кәсіпкерлерге осындай сын сағатта бей жай қалмаған барша азамат азаматшаларға президентіміз өзінің шынайы ықыласын білдірді