Жаңа организмнің пайда болуы және даму кезеңдері
Онтогенез — бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқажасуша — зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Партеногенездік түрлер үшін жұмыртқажасушаның митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез дей аламыз.
Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады. Бірнеше тірі тіршілік иелеріне онтогенез терминін қолдануға болмайды. Онтогенез дербес ұғым.
Ұрықтық жасушалармен өткен үдеріс ретінде ұрықтың дамуын анықтап қарайық. Оны бір сызбанұсқаға былай орналастыруға болады: Жасушалардың бөлінуі —> жасушалардың өсуі —> жасушалардың жіктелуі —> органогенез.
Жалпы, адам ұрығының даму үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші - екінші аптаның соңына дейін ұрықтандыру бастап кезең ұрықтың өмір дамушы эмбрион (эмбрион) қабырғаға енгізілген кезде анадан қуат салу үшін жатыр мойны мен басталады. Екінші кезең үшінші дейін созылады сегізінші аптаның соңына. Осы уақыт ішінде, барлық негізгі органдар құрылады, және эмбрион адам денесінің мүмкіндіктерін иемденеді. Екінші кезең аяқталған соң дамыту, ол қазірдің өзінде жемісін шақырды. Үшінші кезеңнің ұзындығы деп аталады кейде ұрықтың (лат нәрестенің -. жеміс) - үшінші айдан бастап туылғанға дейін, бұл соңғы саты мамандандырылған орган жүйелер мен жеміс аяқталды бірте-бірте өз тұруға қабілетін алады.
Онтогенез
Онтогенез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.
Жануарларда онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.
Жоғары сатылы өсімдіктердің онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік жасушаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.
Онтогенез – ағзаның туғаннан бастап өлгенге дейінгі даму кезеңі . Ол екіге бөлінеді: Эмбриогенез (ұрықтың дамуы) және Постэмбриогенез (ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады)
Ұрықтың даму сатылары:
Гаструляция (1 - бластула, 2 - гаструла).
1.Бластула – бөлшектену нәтижесінде көпжасушалы ұрықтың түзілуі. Шар тәрізді, бір қабатты іші қуыс ұрық.
2. Гаструла – ұрық дамуының екінші сатысы, бластула қабырғасының ойыстанып, нәтижесінде қос қабатты ұрық пайда болады. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Сыртқы эктодерма, ішкі энтодерма қалыптасады. Содан соң үшінші – мезодерма қабаты пайда болады.
3. Ұрықтың гаструладан кейінгі сатысы нейрула деп аталады. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми мен жұлын дамиды.
Постнатальді – туғаннан кейінгі кезең.
1.1 жасқа дейін – нәресте
2. 1-3 жасқа дейін алғашқы сәби шақ.
3. 4-7 – бірінші балалық шақ.
4. 8-11-ересек шақ.
5. 12-16 жас – жасөспірім шақ.
6. 16-21-бойжеткен, бозбала
7. 21-60-кемелденген шақ.
8. 61-71-мосқал тартқан шақ.
9. 72-90 жас – кәрілік, қарттық.
10. 90 жоғары – ұзақ жасаушылар.
Постэмбриогенез: 1)Шала түрленіп даму:ағзаның бірден ересек түріне ұқсап тууы.
2) Толық түрленіп даму –дернәсілдің пайда болуы. Дамудың бұл түрі омыртқасыздарға (қоңыздар, көбелектер) ал омыртқалылардан қосмекенділерге тән. [1] [2]
Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және грек. genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастапжұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.
Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан (қараңызҰрықтану) немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан (қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп жасушалы ұрық — бластулатүзіледі. Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол:
сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),
құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула,
қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.
Гаструляция процесі кезінде ұрық жапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкі бөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте — эктодерма, ал ортасында — мезодермақалыптасады. Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды. Ұрықтың дамуының ерте кезеңінде эмбрионалды жасушалар көптеген бағыттарда дамуға қабілетті болады. Бірқатар факторлардың әсерінен кейін олар детерминияланады, яғни, бағытталған бір жүйеде дамуы барысында олардың құрылымы мен қызметі мамандана бастайды. Мысалы, эктодерманың жүйке жүйесі түзілетін бастамасында бас миы жекеленіп, оның бір бөлігінде көздің бастамасында дамиды да, колба және таяқша тәрізді көру жасушалары қалыптасады. Ұрықтың дамуы жасушада тұқым қуалау аппаратымен анықталады. Ядрода болатын хромосомалар бір белоктың құрылымы туралы ақпарат жазылған көптеген гендерден құралған. Генде кодталған ата-ана ағзасындағы белгілер ұрықтың дамуы кезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кезде гендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әр тінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезін қамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтың дамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуіне байланысты болады. Гендер қызметі өсіп келе жатқан жұмыртқа жасушасында сары уыз және РНҚ молекуласының барлық типтері жинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдың барысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуы мына бағытта жүреді: дифференциация факторлары арнайы гендерді іске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, ал белоктар болса, жасушалардың дифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді. Бұл процесте көптеген белоктардың қызметтері анықталған. Мысалы, гемоглобин — эритроциттердің қалыптасуы барысында; миозин — бұлшық еттің пайда болу кезінде, ферменттер мен гормондар — әр түрлі бездердің даму барысында түзіледі. Ұрықтың дамуы кезіндегі гендердің қосылуы мен ажырауынының механизмі толықтай анықталған жоқ. Сондықтан жасуша пішінінің өзгерісін, ұрықтың дамуы барысында олардың қозғалысын және бағытын анықтайтын белоктар да аз зерттелген. Ұрықтың дамуының соңында ұрықтың қабықшадан шығуы немесе туылуы үшін қабықшаны ерітетін ферменттер синтезделеді немесе қауызды жарып шығатын арнайы құрылым пайда болады. [3] [4]
Органогенез (гр. organon –орган, мүше және ...генез) –эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі. Жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің пайда болу және даму сатысы. Органогенезгаструла сатысынан кейін басталады. Мүшелердің әрқайсысынан бұрынғы белгілі орында, бұрынғы белгілі жасушалар тобынан негізделіп, қалыптасады.Ол 2 кезеңге бөлінеді.1-ші кезеңнейруляция. Бұл фазада нерв түтігі және хорда қалыптасады. 2-ші фазада ұрықтың қалған мүшелері пайда болып, олардың өздеріне тән пішіндері мен құрылысының өзара үйлесімділігі қалыптасады. Сонымен бірге оның дамуына тұқым қуалау ақпаратының негізі қаланған ДНҚ молекулалары ғана емес, оны қоршаған ұлпалар, жасушалар, олардың химиялық заттары әсер етеді.
Ғалымдар қазіргі кезде ұрық жапырақшасының қайсысынан қай мүшелер жүйесінің түзілетінін толық анықтады. Ұрық жапырақшаларының теориясын жете тексеруге орыс биологі A. О. Ковалевский (1840-1901) орасан зор үлес қосты және осы заманғы ұрық жапырақшалары теориясының заңды түрде негізін қалаушы деп есептеледі. Ең соңғы зерттеулерде теорияға аздаған толықтырулар енгізілді. Бұл ашылған жаңалықтың эволюциялық теорияны дәлелдеу кезінде орасан зор маңызы болғандығын атап көрсету жөн. Ұрықтық дерттенуді, зерттеулердің себебін айқындау кезінде эмбриологтар күні бүгін пайдалануда.
Сонымен ұрық жапырақшалары былай орналасады: сыртқы қабаты -эктодерма, ортаңғы қабаты - мезодерма, ал ең ішкі қабат -энтодерма. Ал олардың түзілуінде аздаған жүйелік өзгерістер бар. Ең алдымен сыртқы эктодерма және ішкі - энтодерма оңашаланады, ал бұдан соң олардың аралығынан мезодерма орнығады. Энтодерманы ішек қуысы астарлайды.
Ұрық жапырақшаларынан мүшелер мен жүйелердің түзілуі
Эктодерма
|
Мезодерма
|
Энтодерма
|
Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми жәнежұлын, т.б.)
|
Өзге жүйе мүшелері:бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан.Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері
|
Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек,өңеш, т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр,ұйқыбез, калқанша без,гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі:өкпе, кеңірдек,ауатамыр және т. б.
|
Бұл бір қарағанда ешқандай маңызсыз сөздер тізбегі тәрізді болып көрінеді. Әрине жүйке жүйесінің сүт бездері және эктодермадағытерімен бірге берілуі мүмкін емес тәрізді. Тынысалу жүйесінің энтодермадағы асқорытумен бүйректің сүйектермен жәнемезодермадағы жүрекпен бірге берілуі де түсініксіз. Алайда өкінудін, және осылардың барлығын сөзбесөз жаттап алуға талпынудың қажеті жоқ. Ұрық жапырақшаларының теориясында қарапайымэволюциялық қисын көрсетілген. Тірі ағзалардың тарихи қалыптасуы қалай болғанын түсініп, еске түсірсе ғана болғаны, сонда барлығы бірден өз орнына келеді.
Эмбриогенез факторлары
Ұрықтың дамуына сыртқы да, ішкі де көптеген факторлар әсер етеді.Радиация, иондағыш сәулелену, уландырғыш заттардың әсері өте қауіпті. Алкоголь, никотин, кептеген дәрі-дәрмектер қабылдаудан адам мен жануарларда туа пайда болатын дерттерді дамытуы мүмкін. Бұдан басқа дамып келе жатқан ұрық бөлігі өзара химиялык әсерлесіп, біріне-бірі өзара ықпал ететіні дәлелденді. Қосмекенділердің бөлшектену кезіндегі жұмыртқажасушаларына өте көп сынақтәжірибелер жасалды. Өйткені бұл жануарлардың уылдырықтары аналық ағзасынан тысқары дамиды және әкқабығы (скорлупа) жоқ. Бөлшектенуге сперматозоид және ұрықтану болмаса да жағдай жасауға болады. Ол үшін жұмыртқа жасушасын жіңішке инемен тесуге немесе химиялық әрекет жасаса, жеткілікті. Екібластомерден тұратын ерте бластула сатысындағы бластомерлердібелуге болады. Олардан толық жарамды ағзалар жарып шығады. Алайда бластомердің біреуін өлтірсе, бірақ екіншісінен бөліп алмаса, онда тұтастай тірі қалған бластомерден тіршілік ете алмайтын итшабактың жарты денесі ғана пайда болады. Осы және көптеген басқа сынақтәжірибелер ғалымдардың ұрықтық даму заңдылығын анықтап, адамға арналған екіқабаттық гигиенасының негізіне жататын кағида жасауға мүмкіндік берді. [5]
Даму үрдісінде кездесетін биологиялық терминдер
Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos — жыныс, жыныс клеткасы; genesis — шығу тегі) — жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жүмыртқалық) даму процесі.
Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез''деп атайды.
Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.
Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.
Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік
сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.
Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.
Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.
Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану —жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді. [6]
Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарынаайналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды. [7]
Бластоциста (blastocystis; грек, blastos — өскін және kystis — көпіршік) — адам мен сүтқоректі жануарлардың бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған, пішіні көпіршікке ұқсас ұрығы.
Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуыныңэмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Мұндай ұрықты — морула (лат. morum — тут ағашыныңжемісі, пішіні тут ағашы жемісіне ұқсас) дейді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сүйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады. Пішініне байланысты бластула әртүрлі жануарларда түрліше аталады: ланцетникте — целобластула (қуысты бластула), қос мекенділерде — амфибластула (қосмекенді бластуласы), бауырымен жоргалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салушы сүтқоректілерде — дискобластула (пішіні дөңгелек дискіге ұқсас бластула), басқа сүтқоректі жануарларда — бластоциста (стерробластула — көпіршікше бластула) деп аталады.
Бөлшектену — эмбриондьщ даму кезеңдерінін бірі. Оньщ нәтижесінде кеп жасушалы үрық пайда болады. [8]
Қортынды
Онтогенез — бір тірі ағзаның ұрық біте бастағаннан өлгенге дейінгі даму үдерісі. Онтогенез екіге бөлінеді: эмбриогенез (тууға дейінгі тіршілік) жөне постэмбриогенез (туу соңынан кейінгі тіршілік).
Органогенез — мүшелердің түзілу үдерісі.
Адамның, барлық омыртқалы жануарлардың жөне кейбір омыртқасыз жәндіктердің ұрығы реттеліп дамиды. Яғни ұрық денесінің қай бөлігі қай жасушалардан дамитыны кештеу сатыларда (гаструлаларда) анықталады және қоршаған ұрықтық жасушалардың өзара өрекеттесуіне төуелді болады. Бұдан езге ұрықтың теңбілді даму типінің жолы бар, мұнда дененің қай бөлігі қандай жасушадан дамитыны 2-немесе 4-ұрықтық жасушалар сатыларында анықталып та қойған.
Ф.Мюллер және Э.Геккель 1864 жылы биогенетикалъщ заңды: «Онтогенез қысқа жөне тез қайталаған филогенез» деп тұжырымдады. Ұрық өз түрінің эволюциясын қысқа қайталағандай болып, жүйелік топтардың ататектік ұрықтық сатыларын қайталайды деген дөлелдемелер өте көп.
Достарыңызбен бөлісу: |