Жаңа сабақты түсіндіру: Электртехникалық материалдар



Дата03.04.2020
өлшемі12,73 Kb.
#61497
Байланысты:
Жаңа сабақты түсіндіру


Жаңа сабақты түсіндіру:
Электртехникалық материалдар
Электрлік монтаждау жұмыстарын орындау кезінде әр түрлі қызмет атқаратын материалдар мен бұйымдарды қолданады. Оларды бірқатар белгілері бойынша сұрыптайды:
• Электр тоғын өткізу қабілеті бойынша (өткізгіштер, диэлектриктер, жартылай өткізгіштер)
• Атқаратын қызметіне қарай (ток өткізгіш, оқшаулағыш, магнитті, құрылымды, көмекші)
• Агрегаттық күйіне қарай (қатты, сұйық, газ тәрізді)
Электр оқшаулағыш материалдарды таңдау кезінде диэлектриктердің электрлік сипаттамасы, сонымен қатар механикалық, физика - химиялық жылулық сипаттамалары ескеріледі. Электр машиналары мен аппараттарды ұзақ қолданған кезде диэлектриктің қызуға төзімділігі маңызды болып саналады. Электр жабдықтарын ұзақ уақыт пайдаланғанда диэлектриктің ұзақ уақыт бойы қызуға шыдамдылығын диэлектриктің қызуға төзімділігі деп атайды.
Резеңкелеген миткальді таспа – жабысқышрезеңке, бір немесе екі жағынан жабысқыш паста сіңдірілген таспа төменгі кернеулі қондырғылардағы сымдардың қосылыстарын оқшауландыру үшін қолданылады. Сонымен қатар осы мақсатта поливинилхлоридті және полиэтиленді таспалары қолданылады.
Лакты мата электроқшаулағышын электр машиналарды, аппараттарды, трансформаторларды оқшаулау үшін қолданылады. Олардың диэлектірлік қасиеттері жоғары, механикалық, минералдық майлардың, бензиннің, сулардың әсерлеріне төзімділігімен сипатталады. Оның жылуға төзімділігі 105˚С - қа дейін барады.
Электроқшаулағыш лакты шыны мата және электроқшаулағыш шыны таспа төменгі кернеулі электр машиналары үшін оқшаулағыш материалдар ретінде қолданылады. Сіңдірілген құрамына байланысты олар 120 - 180˚С қызуда ұзақ мерзімде жұмыс жасай алады.
Поливинилхлорид пластикті құбыршалар, сонымен қатар электр оқшауландырылған лакты мата қағаз құбыршалар сымдарды, не кабельдің тасымалдарын оқшауландыруға, сымдардың ұштарын таңбалау үшін қолданылады.
Текстолитті 65 - 105˚С аралығында жұмыс жасау үшін төсеніш және құралымды материал ретінде қолданылады.
Гетинакс ашық ауада немесе кернеуі 1000 Вдейінгі І немесе ІІ маркалы трансформатор майлар, кернеуі 1000 В – тан жоғары V - 1және V - 2 маркалы майлармен жұмыс жасаған кезде, төсеніш немесе құралым материалы ретінде қолданылады.
Табақ фибралы электроқшаулағыш картонды төсеніш материал ретінде және электр оқшауландыратын бөлшектерді дайындау үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет