Жақыпбек Жібек тфп213 3-тапсырма(9аптаның тапсырмасы) Сандық анализ, негізгі мақсаты. қолданылуы. Сандық анализдің негізгі әдістері: химиялық және физика-химиялық. Қазіргі сандық анализдің өркендеу жолдары. Сандық химиялық әдістер: гравиметриялық, газоволюметриялық.
Сандық анализ, сандық талдау — аналитикалық химияның зат құрамындағы жеке бөліктердің сандық қатынасын анықтайтын әдістер жөніндегі бір саласы. Зерттелу әдістеріне байланысты Сандық анализ элементтік талдау, функционалдық талдау және молекулалық талдау болып үшке бөлінеді. Олардың әрқайсысы зат құрамындағы хим. элементтердің, функционалдық топтардың, молекулалық қосылыстардың, т.б. сандық мөлшерін анықтайды. Сандық анализ заттың сапалық құрамы белгілі болған жағдайда ғана тиімді әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Зерттеуге алынатын заттың мөлшеріне байланысты Сандық анализ: макроәдіс (сынама массасы 0,1 г-нан көп), жартылай микроәдіс (0,01 — 0,1 г), микроәдіс (0,001 — 0,01 г), ультрамикроәдіс (шамамен 1 мкг) және субмикроәдіс (шамамен 0,001мкг) деп бөлінеді. Сандық анализ ғыл.-зерт. жұмыстары мен өндірісте жиі қолданылады. Ол арқылы жер қыртысының және атмосфераның сандық құрамы зерттеледі. Жалғасы
Сандық анализдің мақсаты – зерттелінетін заттар құрамына кіретін элементтердің,Сандық талдау әдістері химиялық, физика-химиялық және физикалық деп бөлінеді.Химиялық анализ әдістері (классикалық әдістер) химиялық реакцияларды пайдалануға негізделген (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплекстүзу, тұндыру). Оларға гравиметрлік және титриметрлік әдістер жатады.Гравиметрлік әдіс дегеніміз анықталынатын заттың құрамы тұрақты қатты фаза күйінде бөліп, массасын дәл өлшеуге негізделген сандық анализдің бір түрі. Гравиметрлік талдаудың аналитикалық сигналы – масса.Титриметрлік әдіс әрекеттесетін заттардың ерітінділерінің көлемдерін дәл өлшеуге негізделген. Сондықтан титриметрлік әдісті көлемдік әдіс деп атайды. Классикалық әдістерге кинетикалық және билхимиялық әдістерді де жатқызады. Мұнда аналитикалық сигнал ретінде реакция жылдамдығын қарастырады.Физика-химиялық әдістер химиялық реакциялар жүру кезінде байқалатын физикалық шамаларды өлшеуге негізделген. Олар бірнеше топқа бөлінеді:
- оптикалық әдістер (фотометрлік, СФ, люмин., ИК, ААС).
- электрохимиялық әдістер (потенциометрлік, ионометрлік, вольтметрлік, хроматографиялық, кулонометрлік т.б. әдістер)
Физикалық әдістерде анықталатын заттың концентрациясымен байланысты физикалық шамалар өлшенеді (спектрлік, рентген-фазалық).Химиялық анализдердің ішінде гравиметрлік әдіс ең дәл тәсілдердің біріне жатады: оның дұрыстығы – 0,1-0,2%, ал анықтау шегі 0,1%.Гравиметрлік әдісте алмасу, орын басу, ыдырау, комплекс түзу реакциялары пайдаланады және бұл әдіс келесі химия заңдарына негізделеді: