Жайық шұғыласы
Жайық шұғыласы –
Атырау облысы
,
Махамбет аудандық
қоғамдық-саяси
газет
.
Алғашқы саны 1941 жылы 19-наурызда «Ленин жолы» деген атпен жарық көрді.
Бұған облыста тұңғыш құрылған «Бақсай» кеңшарында (осы аудан аумағында) 30-
жылдар ортасында шығып тұрған «Қой шаруашылығы» деп аталатын көп тиражды
газет негіз болған. Бірінші редакторы Мақсот Жалмұхатов. Аудандық газеттердің
жабылуына байланысты «Ленин жолы» да 1962 жылы өз қызметін тоқтатып, 1963
жылы «Малды өңір» деген атпен қайта шықты, 1978 жылдан «Жайық шұғыласы»
деген атпен шығып келеді. «Жайық шұғыласы» аудан өміріндегі жаңалықтарға үн
қосады. Қоғамдық тілші-авторлар көмегіне сүйеніп,
егіншілік
пен
мал шаруашылығын
тиімді жүргізудің өзекті мәселелерін, әлеуметтік, мәдени салалардағы өркенді істерді
ұдайы көтеріп жазады. 100-ден астам қоғамдық тілшілер газет жұмысына қатысып
тұрады. Әр жылдарда А.Ыбыраев, К.Дошанов, Д,Шененов, Ғ.Қожықов, К.Кенжалиев,
І.Көпбаев, Н.Тағанбаев, С.Хасанов, Т.Жауыров, К.Бекбаев редакторлық қызмет
атқарды. 1978 жылғы редакторы - С.Тәжбентаев. Ақындар М.Неталиев, Қ.Сағиев,
З.Дабылов осы газетте жұмыс істеген. Құрылтайшылары – аудан әкімшілігі,
аудандық мәслихат және редакция ұжымы. Аптасына 1 рет шығады.
Мағыпар [1 жыл бұрын соңғы рет өңдеді]
Мәлімет CC BY-SA 3.0 лицензиясы аясында
жетімді басқа жағдайда белгіленеді.
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Жайық_шұғыласы&oldid=2777073
»
бетінен алынған
Жайық шұғыласы
Жаyық шұғыласы
Иесі
«Атырау-Ақпарат» ЖШС
Бас редакторы
Нұрым Ерғалиев Тельманұлы
Құрылған жылы
1941
Тілі
қазақша
Бас кеңсесі
Махамбет ауылы
, Абай көшесі-10
Сайт ы:
https://zh-shugylasy.kz