Шынайы көшбасшы
Жаксы қасиетерден жұрдай көшбасшылық қоғамға пайда әкелмейді.
Өзімшілдік пен адамгершіліксіз келген табысты жеңіліс және өмірлік сәтсіздік деген дұрысырақ. Көшбасшылардың, яғни өмірі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген шынайы көшбасшылардың айырмашылығы:- шынайы көшбасшылар билікке ұмтылмақ түгілі, жоғары лауазым, құрмет, даңқтан бас тартады.
- шынайы көшбасшылар жеке басының пайдасын көздемейді, ақиқат пен эділдік үшін ол ар тіпті байлығын, билікті, керек десеңіз, өмірін де құрбан етуге дайын болады.
- шынайы көшбасшылар бүкіл өмірін адамдарды терісінің түсіне, ұлттық немсе діни ерекшеліктеріне бөліп қарамастан, адамдарға қызмет езуге арнайды.
- шынайы көшбасшыларды шын жүректен жақсы көреді, оларға қорыққаннан не болмаса жеке пайдасы үшін емес, жүрек қалауы бойынша ереді;
- шынайы көшбасшылар ой, сөз және әрекет бірлігінде өмір сүреді;
- шынайы көшбасшылар адамдарды рухтандырып, өз-өздеріне сенуге көмектеседі.
Шынайы көшбасшыға лайықты мінез-қызметтің кез-келген саласындағы көшбасшылық үшін жалпы жағдай (шарт). Тек ойлары, сөздері мен істері бірлікте болған адам ғана шынайы әрі тиімді көшбасшы бола алады. Ондай адамның ойлары таза- олардың қайнар көзі құмарлық, ашу-ыза, сараңдық, көре алмаушылық немесе өзін-өзі жақсы көрумен ластанбаған. Ол ойлағанын айтады, мұнда ешқандай екіжүзділік жоқ, ол қалай айтса, солай әрекет етеді – оның жүріс- тұрысында менмендік те, арамдық та жоқ.
Біздің өмірімізде сондай адал, ойы таза, риясыз, жүрегі мейірімді адам кездескенде, біз оған сенеміз, оның айтқан ақылын тындап, тіпті оның басшылығына еруге дайынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: |