Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет1/29
Дата08.02.2022
өлшемі296,23 Kb.
#123964
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
КТП 4 2020-21 (1)


Әдебиеттік оқу
Түсінік хат

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.


Оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
Оқу дағдысы негізгі оқу дағдысы болып табылады, сондықтан оны қалыптастырғанда, кезең-кезеңмен жұмыс істеу маңызды: дұрыс оқу (дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); түсініп оқу (оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру); шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу); мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:

  • екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін тексереді;

  • үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтассөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді;

  • -төртінші сыныпта оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет