ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЕРТЕГІЛЕРДІҢ РӨЛІ
А.К. Молдабаева– Абай атындағы ҚАЗҰПУ-нің 6М010500 – Дефектология мамандығының 2-курс магистранты, ainura.moldabaeva93@gmail.com
Ғылыми жетекші: Қ.Қ. Өмірбекова – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ, арнайы білім беру кафедрасының профессоры, kutzhan312.mail.ru
Бұл мақалада көптеген ғалымдардың зерттеулерінде мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінде ертегілердің маңызы туралы айтылған. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, олардың мектепке дайындығын қамтамасыз етеді, сол себепті аталған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жолдары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай мақаланың мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда ертегілердің рөлін ашып көрсету.
Түйін сөздер: байланыстырып сөйлеу,метафора, деформацияланған мәтін.
Р.Е. Левина, В. А. Ковшиков, Ю. Г. Демьянов, Е. В. Мальцева, Е. А. Логинова, Р. И. Лалаева және т.б. көптеген ғалымдардың зерттеулерінде мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінде ертегілердің маңызы туралы айтылған. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, олардың мектепке дайындығын қамтамасыз етеді, сол себепті аталған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жолдары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай мақаланың мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда ертегілердің рөлін ашып көрсету. Егер логопедиялық жұмыс кезінде ертегілерді мақсатты бағытталған түрде қолданар болса, онда жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі жоғарылайды. Байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі балалардың эмоционалды ерік-сферасының дамуына әсер ететіні белгілі [1].
Пескишева Т.А. ЖСТД 3-ші деңгейдегі балалардың сөйлеу тілін сипаттағанда, олардың өзіндік сөйлеуде, сюжетті суреттер бойынша, суреттер сериясы бойынша, әсіресе ұсынылған тақырып бойынша әңгіме құрастыруда қиналатынын белгілейді [2].
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін зерттеу мәселесі ресейлік автор В.П.Глуховтың арнайы зерттеуінің пәні болды.Оның пікірі бойынша, ЖСТД балалардың көбі таныс ертегінің мазмұнын айтуда қиналады, әсіресе, әңгімелеудің басында және кейіпкерлердің әрекеттерінің кезектілігін айтқанда: Сюжетті суреттер сериясы бойынша әңгімелегенде балалар сюжеттің жеке фрагменттерін тұтас хабарламаға біріктіргенде қиындықтарға тап болады; суреттерді қабылдау аясы шектеулі, негізгі кейпкерлердің іс-әрекеттерін көрсететін моменттерді тастап кету, себебі аталған балалардың қабылдау, зейін процестерінің жеткіліксіздігі, предикативті (субъект-объект) қатынастарды белгілеу. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстарында сюжетті жағдайдың мағыналық жағын жалпылай алмай, балалардың әңгімесі тек сөздердің санымен ғана шектеледі. Өз тәжірибесінен айтқан әңгімелерінің мазмұны кедей, және ақпараты аз болады. Ұсынылған тақырып бойынша әңгімелері сюжеттің аяқталмауымен, детализацияның жоқтығымен, әңгімелеуінің байланыссыз болуымен (кейбір сөздерді тастап кету, сөйлемдердің арасында мағыналық және синтаксистік байланыстың жоқтығы, әңгіме бөлімдерінің арасындағы байланысты бұзатын әрекеттерді тастап кету) сипатталады.
Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркинаның ойы бойынша, жалпы сөйлеу тілі дамымаған 3-ші деңгейдегі балалар сөз қоры мен ана тілінің грамматикалық құрылымын меңгергендегі қиындықтары байланыстырып сөйлеу тілінің даму процесін кешеуілдетіп, диалогтық сөйлеу тілінен контексттіге уақытылы өтуді кешеуілдетеді екен. Олардың сөйлеуіне арнайы назар аударылмаса балалар енжарлық танытып, қарым-қатынастың көшбасшысы болмай, монологтық сөйлеу тілінің барлық формаларының қалыптасуы бұзылады. Әңгімелеуде балалар ақпараттардың логикалық кезектілігін жеткізгенде қателесеіп, сюжеттің жеке бөлімдерін немесе кейіпкерлерді тастап кетеді. Әңгімелеуде балалар жеке заттар мен әрекеттерді тізіп айтумен ғана шектеледі.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы мәселесін қарастырғанда ЖСТД топтарындағы моторлы алалиясы бар балалардың байланыстырып монологтық сөйлеуін сипаттау қажет [3].
Әңгімелеудің туындау барысында барлық операциялардың жеткіліксіздігін айта келе, зерттеушілер сөйлеу әрекетінің механизміндегі алдыға шығумен кері байланыс жүйелерінің бұзылуын, іштей бағдарламалау мен сыртқа шығарудың бұзылысын да белгілеп отыр.
Сөйлеу операцияларының (ой-түрткі, бағдарламалау, сөйлеу материалын іріктеу және талдау) қалыптаспауы мынаған әкеліп соғады: бала өз ойын лексикалық және грамматикалық жағынан дұрыс өңдей алмайды, мәтінді айтып бере алмайды, сурет немесе суреттер сериясы бойынша байланыстырып әңгіме құрастыра алмайды. Моторлы алалиясы бар балаларда монологиялық сөйлеу тілінің іске асырылуына қажетті дайындық кезеңі толық қалыптаспайды, себебі байланыстыру формасындағы қатынасқа қажеттілігі жоқ, жалпы және сөйлеу белсенділігі (мотивациялық белсенділігі) бұзылған болады.
Л.В.Мелехова моторлы алалиясы бар балалардың монологтық сөйлеутілін зерттеп, олардың оқығанын айтып берудегі қиындықтары және фразалардың аграмматикалық болуы, фразалардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы, бұрмаланған сөздердің санының көптігін атаған.
Л.А.Данилова: моторлы алалиясы бар балаларда «ешқашан қалыпты байланыстырып сөйлеуі болмаған» деген.
Г.В.Гуровец олардың қиындықтары «сөйлеуді бастап айту» механизмінде, әңгімелеу кезіндегі толық әңгіменің сызбасын құруда деген.
В.А.Ковшиков, моторлы алалияда сөздер мен сөз тіркестерін іріктеуінің, фразаны және мәтінді құру әрекеттерінің қалыптаспауымен бірге іштей бағдарламалау (терең синтаксистік құрылымдар) бұзылады дейді. Бұл сияқты бұзылыстардың негізінде ойды айту кезіндегі тілдік операциялардың (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) қалыптаспауы жатыр дейді.
Е.Ф.Соботовичтің ойы бойынша, моторлы алаияда негізгі болып табылатын, ол- тілдің белгі (знаковая) жүйесін меңгеруінің бұзылысы. Балаларда бағдарламалау, әңгімелеу кезінде тіл материалын іріктеу мен талдау операциялары қалыптаспайды; соның салдарынан әңгімелеудің тілдік өңделуі бұзылады. Лексикалық-грамматикалық құрылымның барлық аспектілері қалыптаспайды: сөздерді іріктеп, орынмен орналастыру, грамматикалық құрылымы және дыбыстық өңделуі.
В.К.Воробьева моторлы алалиясы бар балалардың байланыстырып сөйлеуін зерттеп, оларда сюжетті суреттер сериясы бойынша әңгіме құрастыру кезіндегі сюжеттің логикалық бөлімдерін жеткізудегі қиындықтары, олар кейін жағдайлардың қарапайым кезектілігін айту бұзылыстарын тудыратыны жөнінде айтқан. Моторлы алалиясы бар мектеп жасындағы балалардың контекстті сөйлеуі әр түрлі себептер бойынша бұзылады: жоспарлау процесінің ішкі бұзылысы салдарынан контекст қате болуы мүмкін, немесе контекст іске асырылу процесінің бұзылу салдарынан тоқырайды, яғни ішкі сызбаны сыртқы сөйлеу тіліне ауыстыруда.
Ең алғашқы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға көпапспектілі зерттеулер жүргізу арқылы Р.Е.Левина бастаған КСРО-ның дефектолог ғалымдары (Г.И.Жаренкова, Г.А.Каше, Н.А.Никашина, Л.Ф.Спирова, Г.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, А.В.Ястебова, және т.б) XXғ –жылдары жалпы сөйлеу тілі дамымауының теориялық аспектілерін жасай алды.
Отандық логопедияда күрделі тілдік бұзылыстар жалпы сөйлеу тілінің дамымауы ретінде қабылданды.
Р.Е.Левина мен оның дефектолог қызметтестері, сонымен қоса ЖСТД-ның тілдік қарым-қатынас құралының түгелдей жоқ болуы мен фонетика-фонематикалық және лексико-грамматикалық дамымаушылықпен байланысты байланыстыра сөйлеудің толық түріне дейінгі пайда болу себептерінің периодизациясын жасады. Осымен байланысты «сөздік қордың аздығы, аграмматизм» фонематикалық қабылдау мен дыбыс айтудың жетіспеушілігі белгілері ортақ болатын ЖСТД III деңгейін анықтады. Аталғандардың пайда болу деңгейлері әртүрлі.
Е.Т. Корицкая мен Т.А.Шимкович ЖСТД III деңгейдегі балалардың сипаттаушы –хабарлаушы тілдің толық қалыптасу барысын сипаттай отырып, олар ұсынылған сюжеттік суреттер бойынша, суреттер топтамасы бойынша және тапсырылған тақырып бойынша айтарлықтай қиындықтар байқалатынын атап өтеді.
В.Г.Глуховтың өткізген арнайы зерттеуінің пәні ретінде ЖСТД мектеп жасына дейінгі балалардың монологиялық тілінің жағдайы қарастырылды. Бұл балалар, тіпті, өздеріне таныс мәтіннің мазмұнын айтып беруде бастапқы кезеңі мен кейіпкерлердің әрекетінің кезектілігін сақтауда айтарлықтай қиналады. Сюжеттік суреттер бойынша үзінді сюжеттерді тұтас етіп айтуда қиналады. Сонымен қоса бұл балаларға суретті дұрыс қабылдамау, кейіпкерлердің негізгі әрекеттерін бейнелейтін кезеңдерді тастап кету, қабылдау процесінің төмендігі, предикативтік қарым-қатынасты орнатудағы қиындықтар тән. Қиын жағдайларда сюжеттік жағдайларды мағыналық жағының жетіспеушілігінің себебінен әңгіме тек сюжет элементтерді атап шығумен ғана сипатталды. Өз ойынан шығарып айтқан әңгімелер құрылымы жағынан жұтаң келеді. Берілген тақырып бойынша әңгіме құрауда сюжеттің кезеңдері аяқталмаған, детализацияның жетіспеушілігі, әңгіменің байланысының бұзылысы (сөйлемдер арасындағы мағыналық және интаксистік байланыстың жоқтығы, әңгіме бөліктерінің арасындағы байланыстың болмауы) байқалады.
Г.Б.Филичева, Г.В.Чиркина ЖСТД III деңгейіндегі балалардың сөздік қоры мен ана тілінің грамматикалық құрылымын меңгеруде байланыстырып сөйлеудің бұзылысы байқалады. Әңгімелеу барысында балалар логикалық кезектілікті шатастырады, сюжеттің кей тұстарын тастап кетеді. Әңгіме құрау барысында жеке заттар мен әрекеттерді тек атап шығады.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы мәселесін қарасытырғанда моторлы алалиясы бар балалардың монологиялық байланыстыра сөйлеу тілінің жағдайын сипаттап кеттік.
Ойдың пайда болу процесстерінің аяқталмағандығын ескере отырып, ғалымдар сөйлеу әрекетінің механизмінің кері және тура байланысының бұзылысын, ішкі бағдарламалау мен сыртқы іске асырудың бұзылысын атап өтеді. Сөздік операциялардың дұрыс қалыптаспағандығынан (бағдарламалау, сөздік құрамды талдау мен жинақтау, ойлану) бала өз ойын дұрыс ұйқастыра алмайды, мәтіннен түсінгенінайта алмайды, сурет бойынша байланысқан әңгімені құрай алмайды.
Моторлы алалиясы бар балаларды монологиялық тілдің қалыптасуына қажетті барлық дайындық кезеңі құрастырылмаған болып табылады.
Л.В.Мелихова моторлы алалиясы бар балалардың монологиялық сөйлеуін меңгере отырып, оларды негізгі бұзылыстар оқылған әңгімеден түсінік айту кезінде аграмматикалық сөз тіркестері ретінде, олардың арасындағы ұзақ кідіріс түрінде, өзгертілген сөздердің санының көбеюі түрінде көрінеді.
Л.А.Данилова моторлы алалаиясы бар балаларда «ешқашан қалыпты толық сөйлеу тілі болмаған» деп топшылайды.
Г.В.Гуровец оларды «сөйлеудің іске қосылу» механизмінде, ойдың толық схемасын құрастыруда қиындықтарға кезігетінін айтты.
С.Н.Шаховская моторлы алалиясы бар балаларда сөздің пайда болуы мен оның өзіндік дамуының кешеуілдеуі атап кетеді: сөздік қор кешеуілдеп дамиды, сөздік тәжірбиеде дұрыс қолданылмайды. «Сөздің моторлы құрылымының нашарлығынан балалар сөздегі дыбыстар мен сөз тіркесіндегі сөздердің кезектілігін сақтай алмайды» бір сөзден екінші сөзге ауыса алмайды. Бұл парафазияның көптігіне, қайта құруға, персевирация мен контоминацияға әкеліп соғады. Алалия мен ауыратын балалар морфологиялық және синтаксистік білімнің барлық жағдайларында, сөз бен сөйлемнің құрылымын өзгертуде қиындықтарға жолығады. Олардың тілдерінде қиысу мүлдем кездеспейді, етістіктік меңгеру мен атаулар қате толтырылады, шылау мүлдем қолданылмайды, туынды және түрлендіруші жұрнақтарды пайдалануда дәлдік жетіспейді. Мұның барлығы байланыстыра ойлаудың бұзылысына әкеліп соғады [4].
Р.Е.Левина, С.С.Ляпидевский, Н.Н. Трауготт, М.Е.Хватцев және басқа да ғалымдардың пікірінше сөйлеу тілі жағдайына байланысты аллалиясы бар балаларда ақыл-ойы екіншілік өзгерген. Интеллектуалды жетіспеушілік түсінік ойлаудың дамымауынан, «символикалық функцияның» қалыптаспауынан, абстрактілі ойлау қабілетінің жеткіліксіздігінен, семантикалық бұзылыстардан көрініс табады, сөйлеу бұзылысының ауырлығына байланысты екіншілік сипатқа ие.
Моторлы алалиясы бар балаларға сөздік нұсқау арқылы емес, көрнекі түрде берілген тапсырмаларды орындау оңайға соғады.
Р.Е.Левина алалиясы бар балаларды сөйлеу және басқа да психикалық іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігін жүйелі кезектілікпен дифференциалды талдау тұрғысынан өткізген классификациясын (топтастыруын) ұсынды. Классификация 4 топтағы балаларды қамтиды: есту арқылы қабылдауы бар балалар, мотивациялық процестерінің бұзылыстары бар балалар, мотивациялық процестерінің бұзылыстары бар балалар, көру арқылы қабылдауы жеткіліксіз балалар, кеңістікті елестетуінің қалыптасуында қиындықтары бар балалар, кеңістікті елестетуінің қалыптасуында қиындықтары бар балалар Р.Е.Левинаның жүйелі талдау әдісін қолдану алалиясы бар балаларда құрылымы мен патопсихологиялық табиғатына байланысты біріншілік және екіншілік кемістіктерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Автор дәлелегендей, психикалық іс-әректтің кез-келгенінде (акустикалық, оптикалық, кеңістік, мотивациялық) белгілі бір біріншілік кемістіктің болуы, тек сөйлеу тілі бұзылыстарына екіншілік тежелуіне алып келеді.
Р.Е.Левинаның жұмысында келтірілген алалиясы бар балаларды оқыту мен зерттеудің сипаттамысына сай, мұндай балалардың жоғарғы танымдық іс-әрекеттің бұзылысы сөйлеу іс-әрекеті секілді жүйелік өзгерістерге ұшыраған, тек одан да жоғары деңгейде.
Түрлі топтардағы балалардың танымдық іс-әрекетінің ішкі құрылымы сапалық тұрғыда бірдей және алалияның белгілі біріншілік кемістіктің ерекшелігіне байланысты.
Р.Е.Левинаның сөйлеу тілі жетіспеушілігі мен танымдық іс-әрекетінің тежелуіне қатысты жүйелік талдау әдісіне берілген зерттеуінің негізгі қорытындылары қазіргі таңда тек зерттеушілік қана емес, тәжірибелік қатынаста да біріншілік дифференциалды- диагностикалық маңызға ие.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қорытындылай келе, ЖСТД балалардың сөйлеу тілі қалпын келесідей сипаттай аламыз. Оның барлық құрамдас бөліктерінің жеткілікті дамымауынан (мағыналық, дыбыстық жақтары), сөйлеу біліктіліктері мен дағдыларының кенеттен немесе кезеңмен қалыптаспауы мүмкіе емес немесе үйлесімсіз. Мұның барлығы қарым-қатынас құралдарының жетіспеушілігімен, қажетті сөйлеу тәжірибесін жинақтауға толыққанды жағдайдың жоқтығымен күрделенеді. ЖСТД балалардың өзіндік контекстілік байланыстырып сөйлеуі жетілмеген. Бұл балаларда байланыстырып және кезектілікпен өз ойын жеткізу жақсы дамымаған. Олардағы синтаксистік құрылымдар мен сөздік қор шектеулі.
Жоғарыда келтірілген ғылыми еңбектердің талдауына негізделе отырып, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың негізгі қағидалық тұжырымдамаларын ұсынамыз:
- қарапайымнан күрделіге біртіндеп көшу қағидасы;
- әр баланың танымдық және эмоционалдық сферасының дамуына қолайлы жағдай құру қағидасы;
- бірізділік пен кіріктіру қағидасы.
Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда ертегілерді қолдану жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тұлғалық дамуына, қоршаған ортамен өзара қарым қатынасын жетілдіруіне әсер етеді [5].
Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда ертегілерді қолдану балалардың танымдық қызығушылықтарын, оқуға деген ынтасын арттырып, баланы талдауға, ойын жеткізуге, себеп-салдарлы байланыс орнатып сөйлем құрауға, қортыныды жасауға үйретеді. Сол себепті, баланың дамуы үшін ертегілерді қолдану кешенді әсер етуді қамтамасыз етеді. Логопедияның жұмысында ертегілерді қолданудың мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту, дыбыс айту жағын жетілдіру, диалогтік және монологтік сөйлеу тілін дамыту, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту болып табылады.
Қорытындылай келе, жоғарыда келтірілген талдауларға сүйене отырып, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда ертегілерді қолдану баланың эмоционалды – ерік сферасының дамуына, сөйлеу тілінің даму динамикасына әсер ететіні анық екені белгілі болды.
Основы теории и практики логопедии / Под ред. Р.Е. Левиной. - М.: Просвещение, 1967.
Пескишева Т.Е. Использование малых фольклорных форм в логопедической работе с детьми 4-7 лет с общим недоразвитием речи: Автореф. диссканд. пед. наук / Т.Е. Пескишева М., 2008.- 179 с.
Филичева Т.Б. Устранение общего недоразвития речи у детей дошкольного возраста / Т.Б. Филичева, Г.В. Чиркина.-М.: Айрис-пресс, 2005.-224 с.
Шаховская С.Н. Использование наглядности при развитии речи детей с ал алией // С.Н. Шаховская / Расстройства речи и их устранение / Под ред. С.С. Ляпидевского и С.Н. Шаховской. -М. -1975.
Фесюкова Л.Б. Воспитание сказкой / Л.Б. Фесюкова — Харьков: Фолио, 1997 — 464 с.
Резюме
А.К. Молдабаева–магитрантка 2 курса по специальности 6М010500 КазНПУ им. Абая, ainura.moldabaeva93@gmail.com
Научный руководитель: Қ.Қ. Өмірбекова – к.п.н.,профессор кафедры специального образования КазНПУ им. Абая, kutzhan312.mail.ru
В данной статье рассматриваются методика обследования состояния связной речи детей с общим недоразвитием речи с помощью сказок.
Ключивые слова: связная речь, метафора, деформация текста
Summary
A.K.Moldabayeva – undergraduate of the 2nd course, specialty 6M010500 – Defectology, Abai Kazakh National Pedagogical University. Research supervisor K.K. Omirbekova doctor of pedagogical sciences, , Abai Kazakh National Pedagogical University, Professor of the Department of Special Education.
The role of fairy tales in the development of coherent speech in children with an undeveloped speech
Key Words: coherent speech, the deformed text, metaphor
Достарыңызбен бөлісу: |