Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т. Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/3
Дата20.11.2023
өлшемі167 Kb.
#192075
  1   2   3
Байланысты:
ПИЗА жоспары
1 pisa

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін» «Келісемін »
Мектеп директоры: Директордың оқу- ісі
Жаңабердиева Р.К жөніндегі орынбасары:
Тазабекова А.Д
------------------------- ------------------------------
« » ---------------- 2021ж « » -------------------- 2021ж
«PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру» бағытындағы ұйымдастыру жұмыстарының жоспары


(10-сынып)

Биология пән мұғалімі: Мадиярова Б.А




2021-2022 оқу жылы
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған жоспар
Оқу сауаттылығының мақсаты – оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігін және оларға рефлексия жасай білу, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдану, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамыту қабілеттерін жетілдіру.
Міндеттері:

  • Бір немесе бірнеше мәтіндерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу;

  • Жазбаша ақпаратты түсіну;

  • Мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;

  • Мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;

  • Сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;

  • Мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;

  • Әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;

  • Түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;

  • Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

  • Мәтіндегі ақпаратты сыни тұрғыда бағалай білу.

PISA-да оқушылардың оқу сауаттылығын анықтауда ақпараттың маңынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Олар: мәтін, жағдай (ситуация), сұрақ. Осы аталған параметрлердің құрылымы келесідей беріледі.

1. Әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) берілген мәтін


2. Ахуал. PISA тест тапсырмалары 15 жастағы білім алушы өмірде кездестіре алатын шынайы жағдайдың шарттарын үлгілейді. Білім алушы оқығанын мазмұндамай, берілген мәтіннен ақпаратты іздеу және түсінік беру қабілетін көрсетуі тиіс.


3. Сұрақтар. PISA халықаралық зерттеуінде оқу сауаттылығы бағыты бойынша сұрақтардың мынандай түрлері қолданылады: ашық сұрақтар, жабық сұрақтар, екі типті сұрақтар..


4.Оқушылардың жоспарланған нәтижелерін бағалау жүйесі ағымдағы және аралық бақылау үшін әр түрлі күрделіліктегі әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау түрінде жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет