Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Жаратылыстану – география факультеті
Биология және экология кафедрасы
Төтенше жағдайлар
Орындаған: БГ-11 тобының студенттері
Сабитова Ж. Акберлиева А. Хасенова А.
Тексерген: Кабаева С.М
2022 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
Төтенше жағдай және оның түрлері
ІІ. Негізгі бөлім
1.Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар
2.Табиғи сипаттағы ТЖ кезіндегі әрекеттер
3.Техногендік сипаттағы ТЖ кезіндегі әрекеттер
4.Халықтың ТЖ кезіндегі құқықтарымен міндеттері
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомствалық қатыстылығы бойынша.
3.Аймақтық таралуы бойынша.
Пайда болу саласы бойынша жағдайлар:
-табиғи;
-техногенді;
- жанжалды болып бөлінеді.
Табиғи төтенше жағдайларға:
-геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
- геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы);
- метеорологиялық және арометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т. б.);
- теңіздегі гидологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т. б.);
- гидрологиялық кауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);
-табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік);
-адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
-ауылшаруашылык малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
-ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:
- өндірістік;
- транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магастральді өткізу құбырларындағы авариялар);
- өрттер(жарылыстар)
- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- РЗ тасталуымен авариялар;
- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- ғимараттардың кенеттен құлауы;
- электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;
-тазартқыш құрылыстағы авариялар;
- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |