«жас маман» жобасы



Дата26.08.2020
өлшемі17,8 Kb.
#77029
түріБағдарламасы
Байланысты:
жобаның сипаттамасы


«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ

"Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

ҚР Үкіметінің "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысымен Жас маман жобасының операторы болып ҰАҚ “Кәсіпқор Холдингі” белгіленді.

"Жас маман" жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандықтар бойынша 180 колледжді жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік өңірлер бөлінісінд мамандықты айқындау;

- іріктелген мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждерді іріктеу;

- сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;

- білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;

— қосымша қаржыландыру шартымен колледждерге жабдықтар сатып алу (жергілікті бюджет есебінен кемінде 5%).

"Жас маман" жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталады, мәлімделген мамандық бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.

Шетелдік серіктесті іріктеу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы №470 бұйрығымен құрылған "Жас маман" жобасын іске асыру жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 3 сәуірдегі №5 хаттамасына сәйкес "Жас маман" жобасы шеңберіндегі шетелдік серіктес Soprano Group (Финляндия) болып ауыстырылды.

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі “Жас маман” жобасы бойынша"Rakhmatulla Group" ЖШС-мен жалпы сомасы 132 647 300 (бір жүз отыз екі миллион алты жүз қырық жеті мың үш жүз) теңгеге жабдық сатып алу жөнінде келісім шарт жасалды.

Жалпы сомасы 13 000 000 (он үш миллион) теңгеге жеңіл автокөлік сатып алу бойынша «Hyundai Motors»-пен келісім шарт жасалынды.

2. Өндірістік жабдықтардың 3 шеберханасы жөнделіп, жабдықты орнатуға дайын.

3. Жабдықтарды қабылдау бойынша комиссия Атамекен кәсіпкерлер палатасынан, аудандық мәслихат депутаттарынан құрылды.

4. Финдік “Soprano Group” компаниясымен алдағы уақытта жасалатын келісім шарт:

- Бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіледі, педагогтардың тізімі жіберіледі.

- WorldSkills стандарттарын ескере отырып, оқу бағдарламасын қайта қарау қарастырылады.

- Колледжде 5 жылға Стратегиялық даму жоспары жасалады.

- Халықаралық салалық аккредиттеуден өту бойынша халықаралық салалық стандарттардың талаптары мен құралдарына сәйкес келісу жұмыстары жүргізіледі.

ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕСПЕН ЖҰМЫС

"Жас маман" жобасы шеңберінде шетелдік әріптеспен бірлескен жұмыс 2 жыл бойы жалғасады: 2020 және 2021 жылдар.

2 жыл ішінде шетелдік серіктес ҰАҚ "Talap" және колледждермен бірлесіп жұмыс істейтін болады:

- колледждерді бағалау бойынша

- колледждердің Инженер педагог қызметкерлерін оқыту бойынша

- халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын енгізу бойынша



КОЛЛЕДЖДЕРДІ ЖАБДЫҚТАУ

2.1. Жабдықтарды сатып алу

Колледждерді жабдықтау Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылды.

Жабдықтарды сатып алу ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңына сәйкес ұйымдастырылды.

Жабдықты жеткізу және орнату мерзімі - 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін.

2.2. Жабдықты орнату үшін колледж инфрақұрылымы дайындалды.

Жабдықтарды орнатуға арналған шеберханалар/зертханалар/цехтар / кабинеттер жөнделіп, талаптарға сай. Яғни:

- қауіпсіздік техникасы;

- өрт қауіпсіздігі;

- электр қауіпсіздігі;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік;

- санитарлық-эпидемиологиялық талаптар орындалған.

Кәсіптік оқудағы копсалалы колледжінің “Жас маман” жобасы бойынша алдағы уақытта

колледж базасында жұмысты ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылатын болады:

- құзыреттілік орталығы

- WorldSkills жаттығу лагері

- кәсіби бағдар және мансап орталығы

Сондай-ақ, колледждердің коммерциялық қызметін (даярлау және қайта даярлау орталығы, бизнес-инкубатор және т.б.) дамыту қажет және колледждер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оқу процесін автоматтандыру талап етіледі.



Жобаның міндеттерін тиімді іске асыру үшін колледждердің ұйымдық-құқықтық нысанын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға өзгерту бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет