Жас мұғалімнің педагогтің технологиясының жетіспеушілігі



Дата13.05.2020
өлшемі13,91 Kb.
#67665
түріСабақ
Байланысты:
Пед.шеберлік Эссе


Эссе

Жас мұғалімнің педагогтің технологиясының жетіспеушілігі

Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, жас

педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктер

баршылық. Олар: оқушымен ашық əңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен

қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немес, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мəнері үшін

мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан

қорыққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандарын, тіпті

кейбіреулері қорыққандарын, немесе тақтаның алдында көп жүгіріп,

жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді

қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін жазған.

Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, басын салбыратып



жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер – бір қалыптылық, сөздің сылбырлығы, мəнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс жəне екпін қою ешқандай мəн берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі. Аталған қателіктер педагогқа оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді. Оларды жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде жою – мұғалімді даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет