Жас ұрпақты тәрбиелеуде рухани-адамгершілік тәрбиенің орны



Дата12.12.2023
өлшемі1,94 Mb.
#196441
Байланысты:
Гулнар апай
Бекасыл атам, Асел адебиет, 0 Менің отбасым буклет

Жаңажол жалпы білім беретін мектебі
Дилдабаева Гулнар
Бастауыш сынып мұғалімі
“Жас ұрпақты тәрбиелеуде рухани-адамгершілік тәрбиенің орны”

Мақсаты: - иманды, рухани адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу; -отбасын, Отанын сүйетін ұлтжанды патриот болуға үйрету; -достыққа адал, бірін-бірі құрметтеуге баулу; -жақсы мінез-құлық қалыптастыру.

Міндеті: - тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізу; -тәрбие сағаттарын өткізу; -ашық тәрбие сағаттарын өткізу; топтық, жұптық жұмыстар жүргізе отырып, бір-біріне деген құрметін арттыру; -патриоттық сезімдерін ояту:


Еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тəрбиелеу — біздің алдымыздағы ең басты міндет. Ал ұрпақ тəрбиесінде адамгершілік тəрбиесінің маңызы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын күн тəртібінен ешқашан түскен емес. Оған дəлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі дəлел. Осы тұрғыда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі таңда рухани-адамгершілік тəрбие беру өзекті мəселе ретінде қарастырылады. Адамгершілік — бұл рухани тəрбие. Адамгершілік — адам бойындағы ең асыл қасиет жəне адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады.
Патриот, Отанын, елін қорғайтын
Мейірімді, қайырымды
өзіндік сананы дамытады
Адал, еңбекқор
Рухани-адамгершілік тәрбие
жеке тұлғаның əдеп 
ұстанымын сақтайтын
қоғам өмірінің нормаларын сақтайтын
«Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік»
«Адал өмір сүру-абзал қасиет»
«Дені сау ұрпақ,жарқын болашақ»
“Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық- қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тəрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар — мұғалімдер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тəлім-тəрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нəтижелі болары сөзсіз. Бірінші наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым!»деген тақырыпта тәрбие сағатында ата-аналарына,өздеріне жақын адамдарға арнап ашық хаттар дайындады.
«Алғыс айту парызым!»
«Ана-өмір,ана-бақыт,ана-гүл!»
Салт-дәстүріміз –қазына байлығымыз
Ғұлама хəкім Абайдың негізгі ұстанымы да «Адам бол!» деген ғой…
Абай өзін өзгеден артық санайтын адамнан бойын тартып, тіксініп қана қоймай, оны адам қатарына қоспаған. Адам мен адам бір-біріне тең тұтқанда, тегін сыйлағанда ғана сүюі мүмкін. Адам баласын осылай сүйе алған Абай «Адамның баласы — бауырың», «Адам баласына адам баласының бəрі — дос», «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген нақыл сөздерінен білуге болады. Аса зор гуманистік сүйіспеншілікпен айтылатын мұндай ауқымды,
құдіретті сөзді тек кеудесінде Жер шарындай алып жүрегі бар Абай сынды тұлға ғана айта алса керек.
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін оқушыларда жас кезеңінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды — адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, əдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты жəне басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет