«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)



Дата09.11.2022
өлшемі26,56 Kb.
#157320
Байланысты:
«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)


«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)

Әдебиет тарихынан елеулі орын алы, артынан өшпес мұра қалдырған 18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың бірі- Бұхар жырау Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.


Бұхар жырау- қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Бұхар жырау туралы, оның шығармаларының негізгі сарындары, көркемдік сипаты жөнінде айту- сол дәуірдің поэзичсын тұтас қамтып айту. Бұхар жыраудың поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние, таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс. Жырау шығармалары жеткізер дүние жеке адамның көріп-біліп, көкірекке түйгенінен әлдеқайда кең жатыр, оның шығармалары- тұтас халықтың сзім-күйі, ой-өрісі, тарихы мен тағдыры.
Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау тоғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Шығармаларының басым көпшілігін қамтитын насихат толғауларында адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдылық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Жыраудың бір топ жырлары : «Ежелгі дос жау болмас», «Шашырап шыққан қандар көп», «Мырзалық қонаққа пайда,малға қас», «Жар басына қонбаңыз», «Жал құйрығы қаба деп» және тағы басқа толғауларында ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік сәселелерін қамтиды.
Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақапаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің,- деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер»- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді.
Жырау қарапайым сөздің сыры сезілмес, жымы білінбес шеберлікпен шендестіру арқылы ғаламат қуат күшін оятады. Жай ғана бір сөздің ұйқасы мен үйлесімінің арасына ол тіршіліктің қария даналығын орнықтырады.
Бұхар жырау тірліктің, жарық дүниенің сәулелі нұрын құштарлықпен құшақтайды. Оның ойы-аспаннан биік, сезімі- теңізден терең. Ол құйқылжыған, қайшылығы, қарсылық күресі, текетірес құбылысы көп дүниеден тиянақ табуға баулиды. Басу айтып, сабаңа түсіреді. Аласұрған көңіл, арпалысқан сезімді ауыздықтаудың сиқырын, сырын жеткізеді. Пенделіктен жоғары тұрар қасиеттерді сақта дейді. Жыраудың толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл, афоризм көмбесі. Ол өзінің өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады.
Азамат ердің баласы,
Атадан алтау тумас па?
Атадан алтау туғанмен,
Ішінде оның біреуі,
Арыстаны болмас па?
-дейді ол.
Бұхар өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытатын мәнді тшығармалар:
Етекті кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас.
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан болмай,боз болмас
Іштен қыңыр туғандар,
Тезге салса түзелмес.
Ежелгі дос жау болмас.
-деп жырау табиғи құбылыстарға адам өмірінің заңдылықтарын салыстыра мәнді ой толғайды. Оның бұл сияқты афоризмдерге толы мәтелдері, шешендік үлгісіндегі сөздері әрі шебер, әрі терең мағыналы:
Қатын алма төреден.
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы мал жанды.
Төре берер ұл туса
Аузы кетпес парадан.
Жыраудың нақылдары ішінде бұрын баспа бетін көрмеген мына жолдары бар:
Ақсаған құлан қадірін,
Айдалада қақ білер.
Төс айылдың батқанын
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер.
Жорық жолы болуын
Қария білмес, сәт білер.
Халық мәтелдері стилінде келетін жыраудың бұл нақылдары да өмір тәжірбиелеріне негізделген, ақынның өз тұсында үстем болған салт-санаға сай толғап, тақпақтай сөйлеу өнеріне жетік шешен ьолғанын танытады.
Бұхар өлеңдерінің кейбіркулерінақыл терме түрінде келеді:
Жал, құйрыға қаба деп,
Жабыдан айғыр саплмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
-деген афоризмге толы жыр жолдарынан жырау ойының нақты дәлдігімен қатар тура жолды көрсеткен өмірлік бағытын байқаймыз.
Жырау ойды тереңнен меңзейді. Не жақсы, не жаман, өмірде қайтпек керек, қайтсек істеген ісіміз жақсылық болмақ деген сұрауларға жауап беруде оның өзіндік соқрағы бар. Қай мәселені көтере де сара жол, ақиқатын ашып береді. Адами болмыстың биік шыңына жетудің бағытые көрсетеді. Мысалы:
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас ктер.
Жаманмен жолда болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
-деген толғауы осының айғағы.
Бұхар өмір сүрген дәуір- қазақ даласында жоңғар шапқыншылығының күшейіп тұрған тұсы. Ел ішінде алауыздық белең алып, ханнн қайыр, қарадан ынсап кеткен, Бұхар сөзімен айтқанда:
Ай заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай
-болған заман. Елден береке кеткенде діннің де мешеу тартатын тұсы. «Ораза, намаз тоқтықта» дегенді ту етіп ұстаған қазақ халқы үшін аласапыран заманда діннің де керегі шамалы екенін аңғару қиын емес. Ал діннің халық рухы үшін қаншалықты қажеттілігі бар екенін түсінген Бұхарға діннен ауытқи бастаған халықтың қаракеті құрдымға кетумен бірдей. Сондықтан ол:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер щұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа .
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза болмасқа.
-деп хақтың жолында пенделіктің көмескіленіп, рухани тазаруға жол ашылатынын, ал рухани тазалықтың төрінде тек жақсылыққа жол берілетінін жырау тұспалдап танытады.
Абылай тұсындағы тынмсыз жорықтардың ел берекесін кетіріп жатқан кезеңінде ханға айтқан жырау ақылдарының ең тиімдісі- қазақтың өзара бірлігін сақтауға, одан кейін көрші елдермен алыс-беріс жасап, жауласпай тату өмір сүруге үндеу болса керек:
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегіс
-деп, ол мал немесе жер үшін өзара жанжалдасуға қарсы шығады. Ағайыншылық-татулық-елді берекелі ететін ең қажет нәсре деп біледі.
Мұсылманның баласы,
Сірә, бір кеңес құрыңыз,
Бірауызды болыңыз!
Ақын бірауызды, ынтымағы күшті елді осылай армандап, сондай елдің ғана болашағы мол олатындығына сенім білдіреді. «Ағайын тату болса, жат жанынан түңілер» деген халық мәтелін қоштай сөйлеп, ол тату-тәтті өмірді аңсайды:
Жақын жерден шөп жиса,
Жердің сәнін кетірер,
Ағайынның аразы-
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы-
Ауыл сәнін кетірер.
-деп елдің бірлігін толғайды.
Жырау хан алдында тайсалмай сөз сөйлеп, өз пікірін еркін айтып, елі атынан хан пиғылына қарсы шығады. Ханға ел-жұртыңды сыйласаң, өзің де сыйлы боласың деп ақыр береді.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашаның елдігі.
Қараша халқы сыйласа,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
-деген екен жырау.
Бұхар жыраудың аталған толғауларындағы афоризмдер қазақтың мақал-мәтелдерімен үндес, сарындас келеді. Мысалы, жыраудың «Ежелгі дос жау болмас» деген толғауы халық мақл-мәтелдерінен өрілген. Мұнда ол өз сөзімен халық даналығының мазмұнын, ойын айқын түсіндіріп береді. Жырыудың:
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.
-деген жыр жолдары қазақтың «Кең болсаң, кем болмайсың»- деген мәтелімен үндесіп жатыр. Ал:
Ағайынның аразы-
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы-
Ауыл сәнін кетірер
-деген нақылы қазақтың:
Абысын тату болса ас көп,
Ағайы тату болса ат көп.
– деген мақалымен мағыналас.
Жыраудың:
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер
-деген афоризмі халықтың:
Жақсыға ерсең жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең қаларсың ұятқа
-деген мақалының жалғасын тапқан десек те болады. Әрине, елінің тілегін ойлаған, халқының жоқшы-жыршысы бола білген жыраудың толғаулары халық жүрегінен шығып, ауыздан-ауызға тарған мақал-мәтелдерімен қалай үндесіп, үйлесіп жатпасқа! Жыраудың:
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас
Өтірік о дағы пайда, иманға қас
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас.
-деген нақыл сөздерден өрілген тоғауы халықтың:
Өтірік пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.
-деген мақалымен сарындас болып келеді.
Бұхар жыраудың осындай адамды игілікке баулитын тәрбиелік мәні зор нақылдары бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтпаған. Олар халық жадында берік сақталып, осы күнде де кеңінен қолданылып жүр. Мысалы:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиын жоқ
-деген жыр жолдарын бүгінде жиі естиміз.
Қариясы кімнің бар болса-
Жазулы тұрған хат болар.
-деген афоризмі де қолданыста жүр.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас
-деген афоризм осы күнде өз орнында қолданылуда десем де болады. Жыраудың:
Сыйлай бергін көнені
Сыйламаған күң қылар
Өзін тапқан енені
және
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің белі бүгілмес
-деген нақылдары бүгінгі күнде өз ата-аналарынан бас тартып, қариялар үйіне көш түзеген жастарымызға дәл тауып айтылған ақыл.
Бұхар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін адамгершілік мәселесін көтерген нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.

Бұқар жырау


Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.


Бұқар жырау


Бұқар жырау Қалқаманұлы, туған жері – Павлодар облысы Баянауыл ауданы


Бұқар жырау Қалқаманұлының сүйегі Баянауылда Далба тауында


Бұқар жырау Қалқаманұлының өлеңдерін қағаз бетіне түсірген ЖМәшһүр Жүсіп Көпейұлы


Бұқар жырау Қалқаманұлының Абылай туралы екі өлеңін орыс тіліне Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген.


Бұқар жырау Қалқаманұлының біраз өлеңдерін Потанин жинасған.


Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары: «Тілек», «Айналасын жер тұтқан», «Биік тауға жарасар», «Керей, Қайда барасың?», «Бұқарекең, біз келдік», «Жал-құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Атам болған жиырма бес», «Жиырма деген жасыңыз», «Ей, Абылай, Абылай», «Ал тілімді алмасаң», «Қазақтың ханы Абылай», «Батырың өтті, Бөгенбай», т.б.


Бұқар жырау 1668-1781 жылдар


Бұқар жырау Тәуке, Абылайханға кеңесші болған.


Бұқар жырау «Сен он бір жасыңда» деген өлеңі Абылай туралы.


Бұқар жырау толғауларында жас Абылай қызмет еткен төре – Әбілмәмбет


Бұқар жырау хан Абылайға «Абылайшам, Абылайша» деп сөйлеген.


Бұқар жырау Абылайдың қалмақ батыры Қалдан серені жеңгені туралы жырлаған.


Бұқар жырауға 1-10 санның мағынасын ашып берген шешен – Қазыбек би.


Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысы – ел бірлігі.


Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы шығармасы – «Батырың өтті, Бөгенбай»


Бұқар жырау жоңғар қалмақтарымен күресте ерлік көрсеткен қай батырды жырға қосқан? – Бөгенбай.


Бұқар жырау жырға қосқан батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек.


Бұқар жыраудың жастық пен кәрілікті қарама-қарсы қойып суреттеген толғауы – «Жиырма деген жасыңыз»


Бұқар жыраудың «Мен – өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәні – шеберлік аспаптарын салатын сірі-көн ыдыс.


Бұқар жыраудың «сен - бұзаудың терісі шөншіксің» деп, керейлерге айтқан сөзіндегі «шөншік» сөзінің мағынасы – Жарғақ қалта.


Бұқар жыраудың шығармаларын жинап, қағаз бетіне түсірген(Мәшһүр Жүсіп Көпеев)


Бұқар жыраудың шығармаларына жоғары баға берген белгілі ғұлама, фольклорист әрі дінмар (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)


Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар (« Керей қайда барасын»?; «Бірінші тілек тілеңіз»; «Ей, Абылай ,Абылай»)




Бұқардың толғаулары: («Жал-құйрығы қаба деп»; «Айналасын жар тұтқан»)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет